1-сұрақ. Халық ауыз әдебиеті – халық шығармасы



бет4/25
Дата21.05.2020
өлшемі145,08 Kb.
#70294
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
null

Жаңылтпаш – ауыз әдебиетінің балалардың тілін жаттықтыру мақсатындағы жанры. Бала тілінің жетігіп-жетілуіне, оралымды, анық сөйлеуіне, ана тілінің үн сұлулығын мінсіз меңгеруіне, шебер сөз саптауға баулиды.

Жаңылтпаштың мынадай бес түрі бар:



  1. Тілдегі қиын дыбыстарды анық, айқын айту үшін.

  2. Ұқсас сөздердің орнын алмастырмау үшін.

  3. Сөздердің мағынасын ажырату үшін.

  4. Ынтымаққа, бірлікке, татулыққа шақыру үшін.

  5. Балалардың бойындағы ынжық, ұялшақтық мінездерді жою үшін.

  1. Сұрақ Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесіндегі балалар бейнесі.

  1. Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі кімдерге арналған шығарма?

(«Балалық шаққа саяхат» повесі балаларға арналған туынды.Өйткені мұнда қарапайым ауыл тіршілігі, қараша қазақ қауымының күйбеңі, ауыл балаларының мінез-құлықтары  көркем де, қарапайым түрде суреттелген. Бұл шығарма шын мәніндегі өмір жолын табуға тәрбиелік үлесімен қымбат. Сонымен бірге балалық шақтың балған мезгілдерін көз алдымызға әкелетін шығарма болғандықтан, өзімізге өте жақын.)
Бердібек, анасы еркелетіп Беркен деп атайды, ақылды, тентек. Ол тентек болғанымен адамның жан дүниесін түсіне білетін бала.

Майра сыныпта үздік, ұқыпты, тазалықты сүйетін оқушы, әнді жақсы айтады.. Сабақты өте жақсы оқиды, ол осы қалпымен ұнайды. Бар қылығымен сүйкімді.



7-сұрақ.Бесік жырындағы эстетикалық идеал. Жырдан жатқа айтыңыз.

Бесікке салу (салт). Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Ел іші – алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіреті. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, «тыштырма» жасап алып, баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға «бесікке салар», яғни, кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады.

Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесіктегі сәбидің бойы, қол аяғы түзу, ширақ болады. Сондай-ақ, бесікке пәле-жаладан сақтасын деп ырымдап, оған тұмар, бүркіт тұяғы, жыланның бас сүйегі, кірпі сияқты заттар тағып қояды.

Бесік ағаштан, негізінде, талдан иіп жасалады. Себебі, тал басқа ағаштай емес иілмелі, морт сынбайды, құрт түспейді, жат иісі болмайды. Бесіктің мынадай құрал-жабдықтары болады: жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолбау, тартпау т.б.

Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады, жан жүйесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл-күйін көтереді. Есейе келе өнерге, сөз өнеріне бейімделеді. Әже мен ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені баршаға белгілі.

Бесік жырының мынадай түрлері бар:


  1. Аластау жыры (бесікті аластар кезде айтылатын жыр)

  2. Бесікке бөлеу жыры (бесікке бөлер уақытта айтылатын, яғни, бесіктің құрал-жабдығымен таныстыратын жыр)

  3. Ұйықтату жыры (сәбиді тәтті ұйқыға бөлейтін жыр).

БЕСІК ЖЫРЫ

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем!

Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін,

Байқұтанның құйрығын

Жіпке тағып берейін.

Әлди-әлди, аппағым,

Қойдың жүні қалпағым,

Жұртқа жаман болса да,

Өзім сүйген аппағым!

Әлди-әлди, шырағым,

Көлге біткен құрағым.

Жапанға біткен тірегім,

Жаман күнде керегім!

Қонақ келсе, қой, бөпем,

Қой тоқтысын сой, бөпем,

Құйрығына той бөпем!



8. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесіндегі балалар бейнесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет