1-сұрақ. Халық ауыз әдебиеті – халық шығармасы


"Қобыланды батыр”, "Қамбар батыр”



бет8/25
Дата21.05.2020
өлшемі145,08 Kb.
#70294
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
null

обыланды батыр”, "Қамбар батыр” сықылды қазақ батырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақ батырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады.

         Батырлыр жыры эмоциялық әсермен тыңдаушының ынтасын арттырып, көріктілігімен көкейге қонады, ол шаттандырады, ондағы трагедиялық және қуанышты жайларды тебірене сезініп, ыстық жаспен, ынталы ықыласпен қабылдайды. Сондықтан ақын болмаса да, асыл жырларды  жаттап алушылар көп болған. Жаттампаздық құрғақ жаттау емес, жадында  жақсыны сақтап, өнегелі өмірге пайдалана  білуді халық әрқашан да мақсат еткен. Ел Қобыландыдай батыр болуды, Қамбардай қамқоршы болуды ұрпақтарына үлгі еткен.

«Қамбар батыр» – қазақ халқының қаһармандық жыры. Жырдың 19 нұсқасы бүгінгі ұрпаққа жетті. Жырдың басты тақырыбы – жер мен ел намысын қорғау. «Қамбар батыр» жыры батырдың есейіп, ел қамқорлығы болған тұсынан басталады


  1. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы. Бір өлеңін жатқа айтыңыз.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев — Ұлы ақын, ағартушы және композитор. Ол 1845 ж. 29 шілдеде, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген. Болашақ ақын сабырлы мінезіне кең пейілі сай ел анасы атанған «кәрі әжесі» Зеренің мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы мінезді, әзіл-қалжыңға шебер, жөн-жобаға жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өседі.

Абай өлең жазуды он жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері – «Йузи-рәушән», екіншісі – «Физули, Шәмси». Өлеңдерін қағаз бетіне 1880-жылдардың ортасында түсіре бастайды. «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 – 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы – «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Бұл өлең қазақ әдебиетінде қалыптасқан дәстүрлі ұғымдардан өзгеше, ішкі ой иірімдері терең. Абай лирикасы көп салалы, көп қырлы болып келеді. Ол қазақ поэзиясында тіл кестесіне, сөз қолдануына да жаңа сипат дарытқан ақын. Абай поэзиясының тілінде адамның жан тебіренісін, көңіл толғанысын, жүрек лүпілін, сезімнің сан құбылып ойнақшуын көрсететін сипаттамалар, эпитет, метафора және басқа да бейнелі сөздердің жаңа, өзі шығарған соны үлгі-өрнектері мол.


Абайдың ұлылығын танытатын өлеңінің бірі – «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес». Осы өлеңнің бастапқы тармағындағы сөздердің мәнісіне үңілсек, табиғат сөзін қалыпты мағынада алып, аспан мен Жер, Күн мен Айды айтып отырған сияқты. Олардың өмірі адам өмірінен ұзақ екені талассыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет