Махамбет – шыншыл ақын. Ол - хан демей, қара демей шындықты тура айтатын ақын. Ол көтеріліс туралы шындықты жазды. Көтерілістің қалай басталғанын, қалай дамығанын, қалай аяқталғанын жазды. Махамбет отаршылдыққа қарсы қайран табудың орнына, өздері билік пен байлық қуалап басқыншының сойылып соғып кеткен ақ сүйектер қауымын өз тұсындағы қазақ қоғамы үшін қасірет деп білді. Әуелі солардың үстемдігінен құтылмай тұрып, отаршылдықтың құрығы ұзара түспесе, қысқармайды деп ойлады.
Жапанда біткен бәйтерек
Жапырағын байқасаң,
Жайқалмағы желден- ді,
Түбіндегі балаусасы белден- ді;
Ақ киіктің орғытып
Жүгірмегі майдан- ды;
Батыр болмақ ойдан- ды;
Айқай салып жауға ти,
Тәңірім білер, жігіттер,
Ажалымыз қайдан-ды. Міне, көтерілістің шындығы. Осы шындықтың ақынның қасындағыларға қаншалықты әсері болғанын Исатай атынан баяндалатын «Әй, Махамбет, жолдасым» толғауынан молынан аңғаруға болады.
Қорлықта жүрген халқыма,
Бостандық алып берем деп,
Ауыр әскер қол ертіп,
Жасқұсқа барып кіргенде,
Арыстандай ақырған
Айбатыма шыдамай,
Хан баласы жылады- ай.
Өз дегенім болмаса,
Өзгенің тілін алмаған,
Кісі ақылы қонбаған,
Қанша айтсаң да болмадым. Ісі де шын, сөзі де шын. Бірақ, «бұрала біткен емендей қисық туған сорлы ағам хан сөзіне сенгені; он күн срок бергені». Сонда хан
Тілегін сұрап алғасын,
Ойлағаны болғасын,
Патшаға хабар салдырып,
Патшадан солдат алдырып.
Айтып, айтпай не пайда,
Қапыда өткен дүние- ай,
Ақырында еш болды- ау
Ел үшін еткен еңбегім, - деп шындықты жарып айтады.
Махамбеттің Жәңгірге айтқаны
Хан емессің, Қасқырсың,
Қас албасты басқырсың,
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!
Хан емессің, ылаңсың,
Қара шұбар жылансың.
Хан емессің, аярсың,
Айыр құйрық шаянсың!
Елмен қоштасу
Атама менің сәлем айт,
Атын басқа байласын,
Еменнен найза сайласын.
Достыны достым демесін,
Басының тапсын пайдасын.
Досты болып жүргендер
Жау болып келді көріне.
Беліне садақ байланып,
Бір келмеді-ау деніме!
Қайрыла алмай барамын
Қайран да қалған еліме.
Амандаспай аттандым
Ата-ана, қарыма.
Жолығыспай жөнелдім
Тәңірі қосқан жарыма
Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі тәрбие мәселелері.
Абай қазақтың салт-дәстүрлерінің озығын дәріптеп, дәурені өткен тозығын үнемі айыптап отырған. Мысалы, «асқа, тойға баратұғын» деген он ауыз өлең жолында қазақтың қыз айттыруы, ел шетіне жау шапты дегенде ел намысын қорғауға аттанған ердің қапыда жау қолынан қаза табуы, оң жақта отырған қалыңдықтың зар еңіреп жесір қалуы, адал махаббаттың иесі арудың сүйген жарының қазасына шыдай алмай өлуі жырланады. Ақын бұл арқылы жастарды елді, жерді сүюге тәрбиелеуді, шынайы махаббат жолында жастарды өзгеге үлгі-өнеге етуді мақсат тұтады. Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады. Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты – адам тәрбиесі болды. Ақын халықтың үлкені мен кішісіне өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер-білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық тұрғыдағы педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат – «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған.
Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында ''… адам мен адамгершілік, ар, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз.
Абайдың тәлім-тәрбиесі өз өмір сүрген ортасымен етене байланысты болғаны анық. Оның бойындағы бар асыл қасиеттер – даналық, данышпандық сол ұлтынан берілген, сол ұлтынан сіңген қасиет. Сондықтан да, Абайды өзі туып, өмір сүрген ортасынан бөле-жара қарай алмаймыз.
Абай өз халқының төл перзенті, сол ортада өсіп-өніп өзі өскен ортасының тәлім-тәрбиесін алып, кейін сол ортаға қызмет етіп, оның жаманы мен жақсысын біліп, ой елегінен өткізе отырып әбден кемелденген кезінде өзінің педагогикалық маңызы зор көзқарастарын келер ұрпаққа білдіріп, беріп отырған кеңесі болды. Сөйтіп, Абай енді ұлылық биігінен халқының педагогикалық ой-парасатын ақыл тезі, жүрек қылынан өткізе келіп, өзіне дейінгі әлем ойшылдарының еңбектерімен таныса отырып, өз жұртының келешек ұрпағына ғибрат боларлық ой тастап кетті.
Абай «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» дегенде тек өз басын ғана айтып отырған жоқ, бүкіл сол кезге тән қоғамдық олқылық ретінде мәселені әлеуметтік дәржеге көтеріп, халқының мешеулеп қалған жай –күйіне келешек ұрпақтың назарын аударып ескерту жасайды.
Ақын мұрасының өміршеңдігін, замана озған сайын маңызы, әсері қаншалықты күшейе түскенін зер салып байыптап қарасақ, оның өз заманының озық тілек-қасиеттерін айқынырақ танимыз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының ой-сана, ұғым-түсініктерінің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыры арыда жатқанын ескерсек, Абайдың өнегелі өсиет сөздері қай заманда да мәнін жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт жағдай өзгерді дегенмен халықтық ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып жаңаша сипат алып, жалғасын тауып өрістеп, дами беретінін ескерсек, Абай мұралары кейінгі дәуірдің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір-шындығын танып-білуге үлкен себеп болатындығын мойындауымыз қажет. Олай болса, Абай шығармалары өз дәуірінің шеңберінде қалып қоятын құбылыс емес, ол талай заман ауысып, уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға ықпал әсері арта беретін және дами беретін халықтың асыл мұрасы болып қалмақ.
.Көкшелік ақын-жазушылар шығармашылығы.
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі Еркеш Ебікенов Ибраһим 1930 жылы 7 қарашада Ақмола облысы Балқашын ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі Еркебұлан екен. Ата-анасынан ерте айырылып, Атбасардағы панасыз балаларды оқытатын мектеп-интернатта тәрбиеленіп, ер жетеді. Етінің тірілігінің арқасында Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға аттанып, 1955 жылы журналистика мамандығы бойынша білім алып шығады. Студенттік жылдарының өзінде-ақ алғашқы өлеңдерімен жарқ етіп, көріне бастады. Газет бетінде жарық көрген «Қол шана» атты өлеңі сөз зергерлерінің, поэзия майталмандарының назарына бірден ілігеді. Ол өлеңінің қалай дүниеге келгені туралы Еркештің өзі: «Бірде сырғанақ теуіп жүрген көп баланың бірінің зулап бара жатқан шанасының аударылғанын, баланың құлаған жерде жатып қалғанын, шананың алысқа ұзап кеткенін көзім щалды. Мені де балалық шақтың қол шанасы аударып тастап кеткенін сезіндім. Аударып кетер алда тағы талай қол шаналар тұрғанын көз алдыма елестеттім. Өлең сол сезімнен, сол ойдан туды», - деген болатын.
Ақын атақ іздемеді, астана жағаламады. Алматыдағы оқуын аяқтай сала, Көкшетауға ат басын бұрды. Туған жерге деген сағынышы әсем қала Алматыға да сәл кідірткен жоқ. Еркештің Көкшетауға келуі әдебиет сүйер қауым үшін қуанышты жаңалық болды. Әдбиетке енді қадам басқан жас өрендердің бойына жаңа бір серпін пайда болып, шабыт сыйлады. «Көкшетау правдасы» газетіне әдеби қызметкер болып орналасқан Еркеш арада көп уақыт өтпей сол бөлімнің меңгерушісі қызметіне тағайындалады. Көкшетауға келген жылдан бастап жас таланттарды іздеп тауып, шығармашылықтарының шындалуына септігін тигізді. Атап айтатын болсақ, Нұрмияш Көбенов, Құдыкен Ибраимов, Сарбас Ақтаевтардың шығармашылық жолдарының дамуына Еркештің өзіндік қосқан үлесі бар. Жастардың жазған туындыларын газет бетіне жариялап отырды. Талантты ақынның арқасында әдеби кездесулер өткізу және жас талапкерлердің шығармаларын талқылау дағдыға айналды. «Көкшетау правдасы» газетіне арнайы «Әдебиет бетін» шығарып, жергілікті қаламгерлердің шығармаларын көпшілікке насихаттап отырды. Әр сөз, әр пікірді аңдып отыратын сол замандағы цензура бар кезде де әдебиет бетін жиі-жиі шығартып, дегенін істетті. Еркештің қажыр-қайраты мен табанды еңбегінің арқасында «Көкшетау правдасы» әдебиет сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын, сүйікті газетіне айналды. Бұдан кейін «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Көкшетау облысы бойынша, бірнеше жыл Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі болды. «Соцаиалистік Қазақстанды» тарату мәселесімен белсенді түрде айналысады. Экономикасы мықты дамыған совхоздарға барып, жете алмағанына хат жазып баспасөзге жазылуды жоғары деңгейге жеткізеді. Соның бір дәлелі «Елтай» атты совхозға жете алмаса да партия комитетін басқаратын Сейілхан Исаев деген азаматқа хат жазады. Сейілхан хатты оқи сала Еркеш ағасынан қатты қысылып, жауап ретінде қазағы бар ауылдарды өзі аралап, іске қызу кіріседі. Сол жылы «Соцалистік Қазақстанның» «Елтай» совхозы бойынша таралымы жоғары деңгейде болады. Оған «Союзпечатьтың» берген мәліметі далел. «Тың өлкесі» газетінің меншікті тілшісі болып жүрген кезде де «Социалистік Қазақстанның» бір санын жібермей қарап жүретін. Сүйікті басылымы болды. Менің «Социалистік Қазақстаным» деп меншіктей сөйлейтін.
Журналистика саласында атқарған қыруар еңбегі, Еркештің мерейін үстем етті. Еткен еңбегі мен қылған қызметі ақталып, 1972 жылы СССР Журналистер сыйлығының лауреаты атанды. Осылайша Еркеш Көкшетауда жүріп-ақ, ақындық қырынан, журналистика жағынан барлығын мойындатады.
Еркеш Ибраһим талантты ақын, журналист және шебер суретші болған адам. Облыстық газетте жарық көрген «Кітап жорығы» атты өлеңмен жазылған репортажы өзі салған суреттермен безендірілген. Бұл журналистика саласындағы жақсы жаңалық болып, оқырман қауым жылы қабылдады. Басқа да журналистер мен жергілікті тілшілер әрі қарай дамытып әкетті. Еркеш салған суреттер жайлы журналист Баймұрат Азнабайұлы былай деген болатын: «Ерекең салған сайқымазақ суреттерге оқырмандар тамсана, таңдана қарайтын. Ол суреттер арқылы суретші өз ортамызда кездесетін былық-шылықтарды мазақ ететін, сынайтын».
Абай – лирик ақын. Бір өлеңін жатқа айтыңыз.
Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, түтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс.
Абайдың саяси-әлеуметтік лирикасын талдар тұста, алдымен, ақын - өз дәуірінің үні екенін ескер у шарт. Суреткер өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс, жеке-дара қалып, томаға тұйық өмір сүре алмайды. Ен өзіндік дүние танымына сәйкес әлеуметтік көзқарасы бар. Сондықтан, өмір құбылыстарын суреттегенде оған өз қарым-қатынасын көрсетпей қала алмайды. Өз шығармасында сәулелеңген өмір шындығы туралы өз кесімін айтып, өз «үкімін» шығарады. Абай да өз лирикасының керекті жерінде кейбір қоғамдық қатынастардан белгі бере отырып, өзінің өмірге көзқарасын, таным-тапғамын, идеялық бетін айқындайды. Абай - өз дәуіріне қатал сыншы болған адам. Қараңғы даладағы қат-қабат қарау әрекеттер - заңсыздықтар мен зұлымдықтар ақынды қатты күйзелтеді де, дәл осы жеке басқа тән жай- күйлер енді бірде арнасынан асып, қоғамдық сипат алған. Сонда, ақынның бір адамды сынағаны - сол сияқты бүтін бір қауымды сынағаны, тілін болыс пен ұлыққа түйресе, сол кеселді туғызып отырған патша әкімшілігіне түйрегені болып шығады.
Саяси-әлеуметтік лирикалары: «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың» т.б.
Көтерген проблема:қазақ қоғамының ел басқару әдісін масқаралау, болыстарды сынау.
Махаббат лирикасы: «Өлсем орным қара жер» т.б.
Көңіл-күй лирикасы: «Сегіз аяқ» өлеңі
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм1 қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім
24. Сәбит Дөнентаевтың мысалдарындағы тәрбие мәселелері.
Сәбит Дөнентаев балалар әдебиетіне де қалам тербеген. Оның көптеген өлеңдерінен бала мінезі, бала жаны бейнеленіп, балаға деген мейірім айқын сезіледі. Тіпті Сәбиттің жалғыз көркем әңгімесі «Көркембай» да жетім бала тағдыры жайында.
Ақынның балаларға арнаған өлеңдерін екі бағытта қарастыруға болады. Оның бірі - тікелей балалар әдебиетіне жататын туындылар болса, екінші бір тобында бала көзқарасымен қарай отырып, үлкен әлеуметтік мәселе көтереді. Осы орайда «Балалық», «Балалықты сағыну», «Ұры мен баласы» сынды өлеңдерін атап өтуге болады.
Татар классигі Ғабдолла Тоқайдан аударған. «Рамазан айында» деген сатиралық өлеңі мен «Калила мен Дамнадан» тәржіма жасаған «Бір көлдегі үш балық», «Бит пен бүрге» мысалдары еркін аударманың озық үлгісіне жатады. Сондай-ақ «Ібілістің шайтандарына айтатыны», «Ауырған арыстан», «Көзі тоймайтын ит», «Екі теке», «Көк төбетке», «Сұңқар мен қарғалар», «Бозторғай», «У жеген қасқырға» тағы да басқа туындылары мысал жанрына кеп құйылған қомақты үлес. Ақын мысал өлеңдерінде жан-жануарларды мысал етіп алады да, солардың іс-әрекеті арқылы қоғамдағы ашкөздік, аярлық, жағымпаздық, қаскөйлік, жалқаулық, парақорлық сияқты жағымсыз қасиеттерді өткір сынға алып, хал
25. Спандияр Көбеевтің «Орындалған арман» романының тақырыптық ерекшелігі.
Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын «Орындалған арман» (1951) атты мемуарлық кітабында баяндады. Жазушы шығармасында бастан кешкен дәуірдің нақты тарихи деректерін негізге ала отырып, әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды шынайы суреттеді, көптеген адам образдарын бейнеледі. С.Көбеевтің соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегi 1954 жылы өңделiп, екiншi рет кiтап болып баспадан шығады. Кiтаптың негiзгi мазмұны педагог-жазушының өткен өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi жайлы шығарма. Әсiресе, Ы.Алтынсариннiң халықтық қызметiн көрсетуге көп көңiл бөлген.
26. Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы. Бір өлеңін жатқа айтыңыз.
I кезең 1846-1916 жылдарға көз жіберсек. І кезең – 1846-1916 жылдар аралығы: Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған . 1860-1861 ж.- өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл алғашқы өлендерін шығарып, Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. 1891 ж.- Атақты әнші-ақын Әсет сияқты серілермен, шешендермен кездеседі. Ол бозбала(14-15 жасында) шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгірген. 1912 жылы Балуан Шолақпен кездеседі.1913 жылыРомановтардың 300 жылдық тойына арналған көрмеге барады 1916 ж.- Патшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалысы кезінде Жамбыл елді азаттық күреске шақырған«Патша әмірі таралды» және «Зілді бұйрық» деген өлеңдерін шығарды. 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысына Жамбыл ақын белсене қатынасты. патша жарлығына қарсы көтерілген халық бұқарасының қалың ортасында жүрді. Өзінің жалынды үндеу жырларын сол қозғалысқа арнап шығарды. «Сараң бай мен жомарт кедей»,
« Жылқышы», « Кедей күйі».
« Біреулер жүр».
II кезең 1917-1940 жылдарды қамтитын ақын өмірі қандай із қалдырды. Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. 1919 ж. мамыр айында- Верный қаласында Жетісу ақындарының тұңғыш слеті өтеді. Слетке Жамбыл қатысып , ақындар айтысында бағалы сыйлық алды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. 1936 ж. - КСРО Орталық Атқару Комитеті Қазақстанның халқы ақыны Ж.Жабаевқа «Еңбек Қызыл Ту»орденін беру туралы қаулы шығарады. 1937 жылы Ш. Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» поэмасының 750 жылдық тойына қатысуы.1938 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат.
Достарыңызбен бөлісу: |