Қаракөзайым — Алпамысқа ғашық болған, Тайшық ханның жаулықтан махаббатты биік қойған, сол жолда бәрін құрбан еткен сұлу қыз.
Ұлтан — бұған дейінгі жырларда кездеспеген ерекше бейне. Ол — бар зұлымдығын жауға емес, өз туғанына жүмсаған, асырап алған әкесі Байбөріге Алпамыс жоқта түйе бақтырып, Құлтайды қойға жұмсап, Алпамыстың баласы Жәдігерді аяқ - қолын кісендеп қозы бақтырып, Аналықты күң етіп, Гүлбаршынды алмақшы болған жат бауыр жан. Ол — іштен шыққан жау.
Мыстан — жаман қасиеттерді бойына жинаған, ел жиіркенер бейне. «Қабағы тырысқан, көрінгенмен ұрысқан, тізесіне шекпені жетпеген, басынан жаманшылық кетпеген, бір ширек бойы бар, адам таппас ойы бар»— деп жырлаушы оны жек көре, ұнатпай суреттейді.
44. Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы балалар бейнесі
Қайрош – романның басты кейіпкері. Ол - Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов болып табылатын Қайрош Сарталиев. Ол 1941 – 45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Романда өзінің батырлығымен, ержүректілігімен, қайтпас қайсар мінезімен ерекшеленеді. Ол тек шыншылдықты, әділдік пен адалдықты қалайтын жауынгерлердің бірі. Ол туған жері есіне түскен сайын қанаттанып, көкке жүзгендей болады. Алайда соғыс оның өмірінде үлкен із қалдырады. Содан бері ол Қайрош Сарталиев алған бетінен қайтпайтын, бірбеткей жан болып қалады.
• Шеген – дене бітімі сымбатты келген Қайроштың алғаш қалаға келгендегі достарының бірі.
• Бораш - өнерге жаны жақын, әсемдік атаулыға құштарлығы жоғары Қайроштың достарының бірі.
• Володя Толстов, Самед Абдуллаев, Зонин, Гришин - Кеңес елінің ұлт өкілдерінен құралған армия жауынгерлері.
• Самед Абдоллаев – әзілқой жауынгер.
• Семен Зонин - алып тұлғасымен ерекшеленетін жауынгерлердің бірі.
45. Өтебай Тұрманжанов мысалдарының тақырыптық ерекшелігі
Мысал. Өтебай ақын еншісінде бірсыпыра мысал бар. «Шыбын мен бал ара» мысалының сюжеті мынандай: шыбын бірде бал арасына жоллығып, шыбындықтан тойдым, ластығымды қойдым, тазалыққа, ізгілікке ұмтылайын, жанымды қинап бал жинайын деп шағынады.Кір-қоқырға қарамайын,Білем ғой ара жайын,Жақсылыққа ауайын,Жұпар гүлді сауайын.деп жалынады. Ара аяп, шыбынды қатарға қосады. Бірге бал жинайды. Қоңы көтеріліп, күйі дұрысталған шыбын бірде серттен таяды.Бір күні бал теріп жүріп,Шірікті көріп,Көңілі бұзылып,Жалап алды қызығып.Былғанды балы,Мүшкіл болды халі.Ара «Былғадың деп балды, кірлеттің деп арды» шыбынның басын жұлып алды. Өлең астарында бірнеше ой бар. Алдымен – табиғатынан асып пенде ешқайда бара алмайды деген ой. Екіншіден, серт берме, берсең – орында, әйтпесе, өліммен тең деген ой. Жамандықпен ауызданғанның жақсылыққа ден қоймағы қиын екенін де сезіндіреді бұл мысал. Ақын шағын мысалмен шалқар ой айтып отыр. Қызықты, әрі күрделі мысал үлгісінің бірі – «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар». Қаламгер мұнда әлденеше жанр мүмкіндігін ұштастырып пайдалана білген. Біріншіден, фольклорлық баяндау сарынын ұстаған:Ертеде бір орманда,Өзі салған қорғанда, Бір топ ара тұрыпты. деп бастайды автор поэмасын. Сондай-ақ, поэманың түйінінде өтірік өлең сипаты бар.Мініп алып бір қойға,Мен де болдым сол тойда,Аралардан бал жедім,Ондай тәтті көрмедім.Құмырсқадан нан жедім,Ондай дәмді көрмедім. деп түйеді ақын. Екіншіден. Ақын поэмасында сатиралық персонаж етіп хайуанаттарға сырт бейнесіне сай, тіршілік-харакетіне дөп келетін іс-әрекет берген. Қызыл, сары, жасыл, ақ қанатты Көбелек – биші, шаққан жерін қан қылып жүрген Сары маса – қанқұмар, ала жаздай ән қуған Инелік – парықсыз, өрмектен өрнек салған Өрмекші - өтірікші болып бейнеленген. Автор оқушы бала үшін поэманың танымдық сипатын арттыра түскен. Жәндіктердің іс-әрекетін бейнелеуде мысал тәжірибесін жете меңгерген. Ақын Инелік жөнінде:Жазды өткізген жалтырап,Қыста отырсаң қалтырап,дейді. Үшіншіден, бұндағы ұнамды персонаждар – еңбексүйгіш Ара мен Құмырсқа. Оларды айырылмас құда еткен – Еңбек.
Еңбек – поэманың айтар ойы, автордың түйер концепциясы. Ақын бұл ойға бала оқушыны әр түрлі әрекетке қанықтырып, балғын сананы осы үлкен идеяға сендіріп әкеледі. Шығарманың идеялық түйіні философиялық ойлармен қабысып, көркемдік биігіне жеткен.
46. Мұзафар Әлімбаев өлеңдеріндегі тәрбие мәселелері
Автордың балаларға арналған өлендері кыска болған-мен, белгілі сюжетке, тартымды ойға, т.ерен пікірге күрылған. Ақын балалардың қызығып та қуанып окуын көбірек ойланады. Сондықтан- да Мұзафар өмірдің кіш-кене бір керіністеріне үлкен мән беріп, түйінді ойлар айтуды езіне зор мақсат етіп қояды.
Ақынның әсіресе мектеп жасына дейінгі балдырғандар мен бастауыш мектеп оқушыларына арнап жазған өлеңдері тым қызық, өте әсерлІ. Оны үлкен кісілер де сүйсініп окып, балалық шақтарын еске түсіреді. Ақын «Кім ұтылды, кім ұтты…» өлеңінде тау асып ойнап кеткен үш баланын қарны аіііып, колдарында калған екі алманы бөлісе алмай жаткандарын сөз еткеи. Екі алманы үшке бөлісе алмай таласып, керілдесіп жаткан екі жолдасына үндемей тұрған үшінші бала былай дейді:
Қның емес бұл мүлдем, Теп-тең етіп бөлейік Екеуің ал бір-бірден, Мен-ақ соған көңейін. Не керек сол айтысып, Сен бер маған жартысын. Не керек сол тартысып,
Сен бер маған жартысын. ЕкеуІ оғак көиіпті, Жарты-жарты бөлікті Басу айтқан балаға Өз қолынан беріпті. Кім ұтылды, кім ұтты? Кін ұқпады, кім укты?
Ақын өлеңін сұрақпенен аяктап, оқиға шешімін балалар-дыа өз талқысына салады, сөйтіп, олардыц ойын дамы-туға, өздерінше пікір таласын тудыруға сілтейді. Ақың өлеңі тартымды ойға қүрылатыны осыдан ап-айқын көрі-неді.
47. Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы балалар бейнесі.
Қайрош – романның басты кейіпкері. Ол - Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов болып табылатын Қайрош Сарталиев. Ол 1941 – 45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Романда өзінің батырлығымен, ержүректілігімен, қайтпас қайсар мінезімен ерекшеленеді. Ол тек шыншылдықты, әділдік пен адалдықты қалайтын жауынгерлердің бірі. Ол туған жері есіне түскен сайын қанаттанып, көкке жүзгендей болады. Алайда соғыс оның өмірінде үлкен із қалдырады. Содан бері ол Қайрош Сарталиев алған бетінен қайтпайтын, бірбеткей жан болып қалады.
• Шеген – дене бітімі сымбатты келген Қайроштың алғаш қалаға келгендегі достарының бірі.
• Бораш - өнерге жаны жақын, әсемдік атаулыға құштарлығы жоғары Қайроштың достарының бірі.
• Володя Толстов, Самед Абдуллаев, Зонин, Гришин - Кеңес елінің ұлт өкілдерінен құралған армия жауынгерлері.
• Самед Абдоллаев – әзілқой жауынгер.
• Семен Зонин - алып тұлғасымен ерекшеленетін жауынгерлердің бірі
48. Баланың ой-өрісін кеңейтудегі жұмбақтың маңызы.
ЖҰМБАҚ - белгілі қасиеттерін ғана мегзеу арқылы жасырылған зат, құбылыстарды шешкізу мақсатында құрылған танымдық мәні өте зор ұсақ жанр. Жұмбақтың мысал, ертегі, айтыс түрлері ұсақ жанрға қосылмайды.
Баланың ойлау қабілетін дамытатын, танымын кеңейтетін тамаша үлгінің бірі - жұмбақ. Ол халықтың ойы, қиялынан туған ұшқыр да бейнелі шығарма. Қазақ халқында ерте заманнан қолданылып, қарым - қатынас жасаудың ерекше бір құралына айналған.
Қазіргі кезде сабақ барысындажұмбақты шешу оқушылардың ой-өрісі, логикалық ойлау қабілетін дамытатын –ұтымды әдіс. Әдебиеттен басқа пәндерде де жұмбақтар, жұмбақты тапсырмалар қолданса,оқушының ой-өрісін дамытып, тәрбие береріміз анық.Білімге деген ынтасын арттырып, сергіту жаттығу түрінде қолданса тиімді екенін байқаймыз.
Жұмбақтың тақырыбы, мазмұны әр алуан болғандықтан күнделікті сабақта қолданып, оқушыларға ой тастап, тапқырлыққа, білмегенді білуге, ізденуге ой салатын тәрбиелік мәні бар халық шығармасы деп қараймыз. Жұмбақ әрбір заттың атқаратын қызметіне, жаратылысына, ерекше қасиетіне қарай құрастыратындықтан астарлы,жасырын ойды анықтау үшін оқушылар логикалық байлам жасап,өз ойын айтады. Жалпы жұмбақта фантазиядан гөрі нақтылық, деректік басым болғандықтан, аз уақыт ішінде тез шешім қабылдап, жауабын табуға тиіс. Атап айтсақ, ой ұшқырлығын, ойлау жылдамдығын қажет етеді.М.Әуезов «Жұмбақ-адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деп, бекер айтпаған.Тақырыбы да әр алуан. Жұмбақ болатын заттар: аспан әлемі, жыл мезгілдері, қоршаған табиғат, тұрмыстық заттар, мал, жан-жануарлар, адам, оның дене мүшелері, еңбек құралдары , т.б әртүрлі заттар мен құбылыстар, білім-өнер ұғымдары.
49. Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының идеясы.
Бұл поэмада бір жанұяның жалғыз баласы ауыр сырқатпен сырқаттанып қалады. Тәуіп шал баланы тек аққудың қанатымен аластаса ғана дертінен айрылады деп айтады. Әкесінің аққуды өлтіруге дәті бармағандықтан оның орнына анасы мылтығын алып, қасиетті аққулар мекендейтін көлге барады. Көлге келгенде ананың қолындағы мылтығы абайсызда атылып қалады да, мылтықтың оғы аққуға тиеді. Шуды естіген қарт жылқышы көлге қарай келеді де, аққу өлтірген анаға ақыл береді. Қалай болса да ана аққуды үйге әкеледі,алайда үйге қайтып оралғанда баласынын қайтыс болғанын түсінеді.
Шығарма кейіпкерлері
• Ана - баланың анасы. Ержүрек, батыл,өзінің баласына деген махаббаттан киелі аққу құсты атып өлтіргендіктен баласынан да айырылды.
• Бала - сырқаттанып жатқан бала. Оның өмірі қыл үстінде болды.
• Тәуіп шал - емші. Есінен ауысқан адам, баланың ата-анасына өтірік айтты.
• Әке - баланың әкесі. Қоянжүрек, ар-намысты. Құдайшылық жолынан түспеуді жөн көріп, киелі аққу құсты атудан бас тартты.
• Жылқышы - жылқы бағып жүрген адам. Парасатты, ақылды, данышпан. Ол анаға ақыл айтып, оны дұрыс жолға қоюды тырысты.
50. Бейімбет Майлиннің «Кемпірдің ертегісі» поэмасының тақырыбы.
«Кемпірдің ертегісі».
Бейімбет Майлиннің «Кемпірдің ертегісі» (1916ж. қанды оқиғасынан бір сурет) деген поэмасында балаларға үлкен саяси маңызы бар тарихи мәселені өте қызықты да көркем етіп баяндаған. Мұғалім бала жүріп бала психологиясын жақсы білген. Бейімбет балалардың қай нәрсеге болса да әуесқой болатынын ескеріп, жазу үстінде шебер пайдаланған. Ертегінің басталуынан-ақ айғаруға болады:
Айтшы, әжетай! Айтшы, айтшы ертегі,
Ертегің ше іліктіріп ертеді.
Ерте күнде өзін айтқан «Ерікті»
Елдің, жұрттың кімдер сонда көркі еді? –
Әже, әже! Атам сонда бар ма еді?
Онда тағы нақ осындай шал ма еді?
әкесі Қайранбай қай майданында қаза тауып, әжесінің бауырында жетім қалған баланың қойған сұрақтары үлкен бір оқиғаның басталуына себепші болады.
Соған байланысты жас баланың тілегін орындау үшін 1946 ж. қанды оқиғасынан 1 сурет басталып кетуі.
Нұры кеткен кәрі кезден жас тамып,
Айтпайын деп ойласа да жасқанып,
Немерені жұбатам деп отырып,
Ескі күйік кетіп еді басталып, -
деп тыңдаушысын еліктіре түседі.
Әкесі мен анасын жоқтаған бала сонын себептерін білуге асығады.
Бұл оқиғада тарихта тұңғыш рет езілген тапқа бостандық, бақыт әперген халық қуанышының жаңа белгілері бар еді. Осының себептерінің білуге асығатын бала көңілі халық бостандығы үшін жан қиған әкесінің өлімін батырлық, ерлік өлім деп біліп, өзі де әкесіндей болуға шынығады. Әкесінің айтқан әрбір сөзі оның эстетикалық ерлік сезімін оятып, Отанға деген патриоттық рухын шыңдай түседі.
Поэмада болашақ адамның жан дүниесін қалыптастыратын үлкен оқиғаға байланыстыра айтылған өмір танытарлық күрделі ойлар бар.
«Мен өлермін өкінбеймін өлімге,
Мен өлкеннен кедей саны кемір ме?
Әке-шешем келіп еді қартайып,
Алған жарым жастай қалды-ау елімде,
Менің қаным түбінде бір жоқталар,
Жалпы кедей жауға оғын оқталар.
Дәуірлердің ақтығына жетіп тұр,
Қанішерлер, жайларын жоқ мақтанар!» ...
деп балаларға үлкен міндет артады.
Социалистік реализм әдісімен жазылған бұл поэманың жалпы идеясы өткенді еске алу арқылы жас өспірімдерге қан мен тер арқылы қолға тиген бақытты тұрмысыңды ардақтай біл, көздің қарашығындай сақтай да, қорғай біл дегенді үйретеді.
51. Бердібек Соқпаевтың «Жекпе жек» повесіндегі спорт мәселесі.
Бердібек Соқпақбаевтың балалар үшін танымдық мәні зор шығармаларының бірі «Жекпе-жек» хикаясы. Жазушының бұл шығармасы да қазақ әдбиетіне келген тың туынды. Өйткені, қазақ балалар әдебиетінде бұған дейін спорт тақырыбы мұндай деңгейге көтерілген шығарма болған емес. Бұл шығарма бокс жайлы жазылған. Ал бокс деген спорт түрі қара домалақ қазақ баласына өте жақын десек артық айтқан болмас еді. Ауыл спортының, әсіресе бокстың дамуына үлкен төңкеріс жасаған, құрыштай шыныққан саңлақтардың дүркіреп шығуына соны серпіліс, ерекше серпін берген айтулы көркем дүние. Жасында әлжуаз болып өскенмен, үзбей шынығу, ұдайы жаттығудың нәтижесінде спорт шыңына шыққан Мұраттың бейнесі арқылы жазушы арман жолында қиындықтан қашпау керектігін ұғындырады.
52. Жанайдар Мусиннің «Туған үйдің түтіні» романының тақырыптық ерекшелігі.
53. Балалар фольклоры, оның түрлері.
Халық мұрасының танымдық, тәрбиелік мәні шексіз, шектеусіз терең дүние. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған, сәбидің жан-дүниесінің қалыптасуына, рухани марқаюына негізгі ұйытқы болатын шығармалар өзінше арна түзеді. Мұны фольклор ішінде «балалар фольклоры» деп атау қалыптасқан.
Сәбилер дүниетанымы ес біле бастағаннан-ақ екі түрлі негізге сүйенеді. Оның алғашқысы – машықтық дағды, яғни көрген-білгенін тез қағып алып үйрене қайталау. Екіншіден, бала жан дүниесі сезімге ерекше бай, әсерленгіш келеді. Бұл, әсіресе, жеткіншектік жаста ерекше көрінеді. Баланың айналасын танып білудегі бұл ерекшелігін жетінші қарасөзінде ұлы Абай да тап басып көрсетеді. Сонымен, балалар фольклоры – балалар психологиясын, көркемдік талғамын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл мұрасы. Ол өзінің бала қабілетіне лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен, тілінің нәрлілігімен, ақ пен қараның жігін айқын ажыратқан тәрбиелік маңыздылығымен бағалы.
«Балалар фольклоры» деген ұғымның ауқымы кең. Бұған ауыз әдебиеті үлгілерінің көптеген жанрлары мен жанрлық түрлері жатады. Олардың ішінде қара сөз түріндегі шығармалар да, үлкенді-кішілі түрлі мақсатпен айтылатын өлең-жырлар да бар. Бұған қоса ойынға байланысты және ертегі, аңыз-әңгімелерде жиі кездесетін ырғақты прозаның да балалар фольклорынан алатын орны ерекше. Дегенмен, ауыз әдебиеті үлгілерінің кез келгенін, мәселен, эпостық жырларды, мақал-мәтелдерді балаларға лайықты іріктеп, өңдеп жариялауға болғанымен, олардың барлығын “балалар фольклоры” деген ұғымға толығымен жатқызуға болмайады. Ауыз әдебиетінің кез келген жанрларынан балаларға үлгі боларлықтай, тәрбиелік маңызы зор шығармаларды көптеп кездестіреміз. Бірақ олар балалардың өзіне ғана арналған, болмаса балалардың өз творчествосының нәтижесінде пайда болған ауызша сөз өнерінің белгілерін сипаттай алмайды. Ал, ертегі, аңыз-әңгімелер, төрт түлік жырларының, жұмбақтардың үлкендерге де, балаларға да қатысы бар.
Фольклортанушы К.Ісләмжанұлы осы шарттар бойынша қазақ балалар фольклорын мынандай топтарға жіктеп, ішкі жанрлық түрлерге бөледі:
Достарыңызбен бөлісу: |