1-сұрақ. Халық ауыз әдебиеті – халық шығармасы



бет19/25
Дата21.05.2020
өлшемі145,08 Kb.
#70294
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Байланысты:
null

Әлпештеу поэзиясы(бесік жыры, сәбилік ғұрып жырлары, мәпелеу жырлары, уату-алдарқату жырлары)

  • Жеткіншектер поэзиясы(маусымдық жырлар, арнау-тілек өлеңдері,балалар өлеңдері:тақпақ, сұрамақ, қызықтама, өтірік өлең,мазақтама)

  • Ойындық фольклор(ойын өлеңдері: тәжікелесу, жаңылтпаш, жұмбақ, балалар айтысы,ойынға байланысты жырлар: ойынға шақыру, қаламақ, санамақ, драмалық ойындар).

    54. Сәкен Жүнісовтің өмірі мен шығармашылығы. Шығармаларының тақырыптық ерекшелігі

    Сәкен Жүнісов 1934 жылы 11 ақпанда Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысының Қызылту ауданы, Кішкенекөл ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін, еңбек жолын "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналында әдеби қызметкер болып бастады. М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, КСРО Әдеби қорында Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін абыройлы атқарды. Сәкен Жүнісов бірыңғай жазушылықпен айналысқан. Жарты ғасырға таяу шығармашылық өмірінде қазақ әдебиетін өркендетуге өлшеусіз үлес қосты. "Ақан сері" дилогиясы, "Жапандағы жалғыз үй", "Заманай мен Аманай" романдары қалың оқырман қауымнан да, әдеби сыннан да жоғары баға алды. "Ажар мен ажал", "Тұтқындар", "Қызым, саған айтам", "Жаралы гүлдер", "Қос анар" тағы басқа пьесалары Республика театрларында қойылды. "Өліара" пьесасына 1986 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Балаларға арналған "Сонарда" деп аталатын алғашқы кітапшасы 1959 жылы шықты. Бұдан соң, 1961 жылы жас жеткіншектер үшін "Әжем мен емші және дәрігер", 1962 жылы "Кімнің мекені жақсы?", 1983 жылы "Сақау бәтеңке" сияқты т.б. кітаптары жарық көрді. "Өшпейтін іздер" повесін, 1965 жылы "Жапандағы жалғыз үй" романын жазып, орыс тіліне 1968 жылы аударылған. "Ақан сері" дилогиясының бірінші кітабы 1971 жылы жарық көрсе, 1977 жылы екінші кітабы оқырмандарына жол тартты, ал 1979 жылы орыс тіліне аударылды. 1987 жылы "Заманай мен Аманай" повесін жазды. Көптеген шығармалары шет тілдерге аударылған. Л.Н.Толстойдың, С.Цвейгтің бірқатар әңгімелерін, О.Т.Гончардың "Перекоп", "Көкадыр" романдарын қазақ тіліне аударған. Сәкен Жүнісов прозаик, драматург, публицист, әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері ретінде туған әдебиетінің өте маңызды кезеңдерін бейнелеген сүбелі шығармалар берген, халық өмірінің көркем шежіресі секілді сыр шертеді. Ол – ел-жұртына кеңінен танылған, халықтың  сері азаматы, қадірменді ұлы, шын мәніндегі халық жазушысы. Оның қаламынан шыққан әрбір еңбегі үнемі халықтың жүрегіне жол тауып, рухани асыл қазынасына айналып отыр. Ол әдебиет пен өнер шеберлерінің ішіндегі аса дарындыларының бірі екені сөзсіз. Кезінде белгілі жазушы Рамазан Тоқтаров Сәкен серінің 60-жылдық тойында шымыр да ширақ, олпы-солпысыз жинақы, ең бастысы ірі қаламгер қақында қапысыз қамтылған шүбәсіз шынайы адал сөзін арнай келе, Сәкен Жүнісов туралы ойын былай қорытындылаған екен: «Жазушы халық арасында жүргенде, ол дүние алақанында, ал, жазу столында отырып өзімен-өзі жапа-жалғыз қалғанда,  дүние – оның алақанында» . Қытайға ауған қаймана қазақ жұртының жетім жыртыстай жыртылып кеткен қаралы тобының тағдыр-талайын көшке ілесіп кеткен қаламгерлердің жазғанын жақсы білеміз. Ал ата-жұртта отырып, осы тақырыпқа арналған "Заманай мен Аманай" тәрізді классикалық туындыны берген қаламгерді көрген де, естіген де емеспіз. Бұл да Сәкен Жүнісовтің ғана қолынан келген сүйсіндірер сәттілік болды.



    55. Тұманбай Молдағалиев өлеңдерінің идеясы

    1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, "Жарсу" совхозында дүниеге келді. Тұманбай Молдағалиев - сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның халық жазушысы.

    1. Тұманбай Молдағалиевтің ақындық өнері мен шығармашылық жолы дүние танудан, адам сезімінің сан алуан үйлесімділігін тоғыстырудан тұратынын байқаймыз. Ақын жырларының өн бойында мейірім, шапағат, жақсылық, адамгершілік, азаматтық, күрескерлік, ата-баба рухына тағзым, атамекенге деген сүйіспеншілік сияқты ұғымдардың асқақтығын неғұрлым биіктету алдыңғы саптан көрінеді. Тұманбай Молдағалиев қашан да толассыз жазып, тебіреніп тереңнен жыр толғап келеді. Ақынның қайсы бір өлеңін оқысаңыз да, отсыз, ойсыз дүниені кездестіре алмайсыз.

    2. Ақынның «Шақырады көктем» атты өлеңі де осы ойды қуаттайды. Бұл өлеңнің желісі алдымен адалдықты, айнымас достықты, ақ ниетті жырлауға құрылса, екінші жағынан барлық өзен-суымен, иісі аңқыған көгі, гүлімен асығып келе жатқан көктемді аңсау деп білеміз. Ақын көктем жайлы бір ауыз сөз айтпағанымен, оның белгілерін жырлағанының өзін – көктемді жырлағаны деп ұғынамыз.

    3. Ақынның сезімге бай өлеңдерінің бірі – «Құстар қайтып барады». Өмірді – асуға, биікке, түпсіз шыңырау, тұңғиыққа балап, табиғаттың әсем шынарын сұлу жырларына қоса білген. Ақынды, жазушыны әдебиетке әкелетін сұлу сезім ол – сағыныш. Сағыныш – өмірге, тіршілікке, туған жерге деген махаббаттан тұрады. Нұрғиса ағамыз ақынның «Құстар қайтып барады» өлеңі туралы былай деген екен:

    - Сенің өлеңдеріне әлі талай ән жазармын. Бірақ дәл мынадай ән енді шықпайды. Мені ақырғы сапарыма осы «Құстар қайтып барады» әнімен айтып шығарыңдар», – деген екен

    56. Ойын өлеңдерінің бала тәрбиесіндегі ролі



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет