Шағым
Шып-шып етіп молданың
Қолындағы тобылғы,
Қозғалтпайды жон жағым,
Талай дүре соғылды.
Торсылдатып танадай,
Жыртар болды тонымды.
Тілің ащы бала деп,
Қайнатты әбден сорымды.
Оқымай-ақ кетейін,
Байламаңыз жолымды.
Алдыңыздан өтейін,
Не жазып ем сол ғұрлы?!
Оқымаймын молдадан,
Екі иығын қомдаған.
Бала келсе сабаққа,
Жем аңдыған дорбадан.
Ақ сәлдесі басыңда,
Боз інгендей боздаған.
Қайтіп сабақ береді,
Айтқаны ішке қонбаған.
Оқығанша мен одан,
Домбыраны қолға алам.
Өлең кірген түсіне
Жөргегінде мен болам.
Қинама, әке, қинама,
Болмас енді зорлаған!
27. Сәбит Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы.
Сәбит Дөнентаев (1894—1933) — қазақ ақыны. Оның поэзиясы терең мазмұнды, ойлы болумен бірге көркемдік қырларымен, өзіндік өзгешеліктерімен де ерекшеленеді. Ең алдымен ақынның көптеген өлеңдерінде нақтылық сипат, тұжырымдылық басым. Оның поэзиясының тілі таза, қарапайым және сонымен бірге бейнелі де көркем. Сәбит поэзиясында сырттай жарқылдақтық, асқақ лептілік жоқ. Ол өмір шындығын боямасыз қалпында, реалистік сарында суреттейді. Ақын ойға жомарт, сөзге сараң болуға кеп көңіл бөледі.
1894 жылы Семей облысының Павлодар уезiнiң Ақсу болысында туған. Әкесі Дөнентай кедей еді. Руы Арғын ішінде Бәсентиін[1].
Қасымқажы Ертісбаевтың медресесін бітірген соң өлең жазу бастады.
1916 жылы маусымның 25 патша жарлығымен жасы 19 мен 43 арсындағы қазақ және басқа орыс емес «бұратана» атайтын халықтарының жігіттер майданға алынды. Солардың арасында Сәбит те болған. Екібастұздың көмір қазатын болды, кейін Ригақаласының өңірінде окоп, ор (траншея) қазған.
1917 жылының Ақпан төңкерісінен кейін туған жеріне қайтты. Ақпан төңкерісін қолдап басқа Алаш азаматтарымен ұлт азаттық қозғалысына қосылып, қазақ халқына автономия беруіне, халқының өмір деңгейі көтеруіне, өзгеріс пен дамуына шақырады.
Семейде мұғалімдер семинариясында оқиды. Сол кезде Семей қазақтың ұлттық қозғалысының мәдени, саяси, рухани орталығына айналысады, Алаш қаласы деп атайды. Семинария ше, зиялы азаматтар оқып бітірген білім ордасына айналысады. Мұнда Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезовтер оқыған, кейін семинариясын Шәкен Айманов да оқып бітіреді.
Кеңес үкіметі орнаған соң, Сәбит Дөнентаев жаңа үкіметін қолдайды, ол қазақ халқына басқа халықтарымен тең құқықтарын береді, қарапайым шаруасының өмірін өзгереді, жесір-жетімдерінің қамын ойлайды деп сенеді. Мектептерде мұғалім болып жұмыс істейді, үгіт-насихат жасайды, сауатсыздардың көзін ашады. Оңдай ағартушылар сол кезде керек еді, өз уақытында Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы тағы басқалар мұғалім-ағартушы болып мектептерде сабақ берген.
1923 жылынан бастап, Семейдің «Қазақ тілі» үнжариясында жұмыс істейді. Қазақ әліпбиі латын әрпінен құрастырғаны дұрыс деп ойлаған.
Қалың малға тыйым салу үшін күресіп, әйелдердің тең құқықтары үшін күресіне үлес қосқан.
Шығармашылығы
Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығына Абайдың, Крыловтың, Тоқайдың өлеңдері, мысалдары әсер еттi.
1913 жылы «Айқап» журналында Сәбит Дөнентаевтың «Қиялдарым» өлеңi шығады. Бұл журналда кезінде Сұлтанмахмұт Торайғыров және тағы басқа қазақ ақындарының өлеңдерi шыққан.
1915 жылы Yфi (Уфа) қаласында Сәбит Дөнентаевтың «Уақ-түйек» деген өлеңдер жинағы шығады. Ақын өз халқын қамын ойлап, оның өмірі, тағдыры, халі, тұрмысы туралы өлеңдер жазған, сатира ақыны болып, елін зорлайтын байлар мен патша өкіметіне күледі, әділет туралы ойлайды.
Ақынның «Бозторғай», «Көк төбетке», «У жеген қасқырға», «Екі теке» мысалдары бар. Бұл еңбектері Крыловтың шығармашылығының ақынына әсер еткенінен жазылған. «Биік тау», «Заман кімдікі» әділет туралы ойлайтын-толғайтын азаматының мұңдары. «Қазақтан шыққан білгендер» — жастарға үгіт-насихат. «Көркемтай» повесті жетімнің тағдыры туралы
28. Мұхтар Әуезов әңгімелеріндегі психологиялық сарын.
Мұхтар Әуезовтың 1920 жылдары жазған әңгімелері ХХ ғасыр басындағы көшпелі қазақ ауылы өмірінің қайшылықтарын психологиялық планда суреттеуге арналды. Ол қорғансыз, мүсәпір адамдар тағдырын «Қыр суреттері», «Жетім», «Кім кінәлі» сияқты әңгімелерінде баяндаса, «Ескілік көлеңкесінде» ескі салттың құрбаны болған қазақ қызының өміріне аяушылық білдіреді. Қазақ қызының тағдырына қатысты оқыған азаматтардың түрліше типіне назар аударады («Үйлену», «Сөніп-жану»). Жазушы адам характерін, олардың жан дүниесіне үңіле отырып, қалтарыстарын аша суреттейді. «Қаралы сұлуда» жесір әйелдің жалғыздық сезімін терең ашады. 1920 жылдардың екінші жартысында Мұхтар қаламынан «Қараш-Қараш оқиғасы» (1926), «Қилы заман» (1928) сияқты көлемді шығармалар туды. Бұл тұста әуелде Ташкентте, кейін Ленинградта оқып жүрген автордың әдебиеттегі адам мен оның еңбегі, қылығы проблемасына әлеуметтік, қоғамдық мән бере бастағаны айын көрінеді. Адамның өмірде біреуге тәуелді болу үшін тумайтынын, оның өмірдегі қақтығыстары сол жолдағы бұлқыныстың, азаттықты аңсаудың нышандары екенін тануы – осының айқын дәлелі. Жазушы теңсіздік, әділетсіздік тауқыметін басты кейіпкерлерінің ішкі әлемін, мінез-құлқын, психологиясын көрсету арқылы көркем бейнелей білді. 20-30 жылдары Мұхтар Әуезов көркем прозаның көлемді жанрларында біраз ізденістер жасады
29. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы. Бір өлеңін жатқа айтыңыз.
Сұлтанмахмұт Торайғыров (28.10.1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы – 21.5.1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) – ақын, ағартушы. Өмірбаяны
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан. Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған. 1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. *1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. *1912 – 13 жылдар аралығында
“Оқып жүрген жастарға”,
“Тәліптерге”(“Шәкірттерге”),
“Ендігі беталыс”,
“Оқудағы мақсат не?”,
“Анау-мынау”,
“Мағынасыз мешіт”,
“Жарлау”,
“Досыма хат”,
“Шығамын тірі болсам адам болып”,
“Түсімде”,
“Жазғы қайғы”,
“Қымыз”,
“Кешегі түс пен бүгінгі іс”, т.б. өлеңдерін, “Зарландым” атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста “Қамар сұлу” романын жазуды бастады.
1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров “Айқап” журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, “Өлең һәм айтушылар”, “Ауырмай есімнен жаңылғаным”, “Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан”, “Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?”]], т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын
1914 ж. жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін “Шоң серіктігі” деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен
“Ләнет бұлты шатырлап”,
“Алтыаяқ” сияқты өлеңдер жазған.
“Ендігі беталыс”,
“Тұрмысқа”,
“Бір адамға”,
“Туған еліме”,
“Сымбатты сұлуға”,
“Қыз сүю”,
“Гүләйім”,
“Өмірімнің уәдесі”,
“Жан қалқам”,
“Гүл”, т.б. өлеңдерін, “Кім жазықты?” атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді (1915). Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан ол
1916 жылдың күзіне дейін әуелі Катонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |