1938 ж. -КСРО жоғары Кеңесі Президиумының қаулысымен Жамбыл Ленин орденімен наградталды.
1939 ж.- «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады.
Кеңес дәуірі жылдарында Жамбыл қоғам өмірі мен ел мүддесін жырлады. Ол байырғы ұлы жыраулардың дәстүрін қайта түлетіп, біздің дәуірімізге жаңа сапада, соны мазмұнмен байытып жеткізді. Мемлекет басшылары мен партия көсемдеріне қарата айтқан жырларында жалпы мемлекеттік мәселелерді көтерді. 2-дүниежүзілік соғыс тұсында бүкіл Кеңес Одағында Жамбылдан дәрежесі, мәртебесі биік ақын болған жоқ.
III кезең 1941-1945 жылдары төбемізге қара бұлт болып төнген ауыр да азаптыкезеңде Жамбыл өміріне тоқталамыз. 1941 жыл көркем әдебиет саласындағы аса үздік еңбек үшін Қазақстанның халық ақыны Ж.Жабаевқа КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты деген жоғары дәрежелі атақ берілді. 1941 жылы «Ленинградтық өренім» өлеңінің жазылуы. 1943 жылы Жамбыл Жабаев атындағы Халық ақындарының Республикалық айтысы өтіп, оны Жамбыл Жабаев ашады. Байқау жеңімпаздарына Жамбыл атындағы халықаралық диплом мен медаль сыйлыққа берілді. Бұл байқаудың жеңімпазы болған Дина Нүрпейісова.
1945 жылы, 22 маусымда қайтыс болды. Жамбыл Жабаев Ленин, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
1946 ж. .- Жамбылдың мұражайы мен кесенесі ашылды. «Отаным», « Туған елім»,
« Күләшқа»,«Бақыт ордасында»,
« Махаббаты өлшеусіз ана», « Ұлы көш», « Ленинградтық өренім»,
« Төлеген ер», « Москваға» жазған өлеңдері
Достарыңызбен бөлісу: |