Мектептегі «қиын» оқушылармен жұмыс әдістемесі «Қиын» оқушы ұғымына ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама түрлері беріледі : «өмірі ауыр жағдайдағы балалар»



Дата25.01.2017
өлшемі36,89 Kb.
#7973
Ниязова Дамира Қауашқызы-Жылыбұлақ негізгі мектебінің психологы

Шарбақты ауданы,Павлодар облысы


Мектептегі « қиын » оқушылармен жұмыс әдістемесі
« Қиын » оқушы ұғымына ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама түрлері беріледі : « өмірі ауыр жағдайдағы балалар » , « ата – анасының қарауынсыз қалған балалар » , « қауіпті әлеуметтік жағдайдағы балалар » , « мемлекеттік көмекті қажет ететін балалар » , « қоғамдық тәрбиені қажет ететін балалар » және т.б.

« Ауыр жағдайдағы балалар » қатарына мынадай критерийдегі балаларды жатқызуға болады : ата-анасының қарауынсыз қалған балалар ; мүгедектер , физикалық және психикалық дамуында кемістіктері бар балалар ; ұлтаралық және қаруланған қақтығыстардың құрбандарының , экологиялық және техногендік апаттардың , басқа елден еріксіз қоныс аударған « босқындардың » балалары , зорлық – зомбылық көрген балалар , бас бостандығынан айырылып өз кінәсін тәрбиелеу колонияларында өтеген балалар ; « қиын » балаларға арналған оқыту – тәрбиелеу арнайы мекемелердегі , аз қамтылған отбасындағы балалар ; мінезінде кемістігі бар балалар ; әртүрлі жағдайлардан бұзылған , оны өз бетімен не жанұясы шеше алмайтын отбасындағы балалар .

« Қиын » топтағы балалар , тамыры терең кеткен әртүрлі жағдайлардан болады . Сондықтан осы топтағы балаларға жекелей жұмыс , педагогикалық әдістемелер қажет . Ол үшін баламен жұмысты қалай жүргізуге болады :


  • « әлеуметтік педагог және бала » - бір-біріне деген сенім атмосферасының қалыптасуы ;

  • мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау және баланың балалық шағын қорғау туралы үрдістерді іске қосу ;

  • баланың жанұясымен үнемі тығыз байланыста болу ;

  • үнемі әлеуметтік қорғау туралы қосымша мағлұматтармен , құжаттармен таныстыру ;



Әлеуметтік педагогтың жұмысындағы ең белгілі әдістердің бірі – бақылау әдісі . Баланың іс-қимылын , сөзін әртүрлі іс-шаралардан байқау .Жүйелі және нәтижелі жұмыс арқылы ол баланың мінезінде ауытқушылықтар болса , сөзінде береке болмаса , ол баламен жеке жұмыс ұйымдастыру керек . Бақылауды қалыпты жағдайларда жүргізу өте тиімді : ойын кезінде , сабақта , әртүрлі іс-шараларда үнемі көңіл аударып , жүйелі жұмыс жүргізу керек .

Әңгімелесу әдісі – бұл баламен сөйлесу арқылы оның ішкі дүниесіне ену , проблемасын білу , түсіну және оны шешуге бағыт – бағдар сілтеу .

Сауалнама жазу арқылы бала туралы ақпарат жинау . Сауалнаманың мазмұнына негізгі проблема ғана болуы тиіс .

  • ойы

  • мінезі

  • әлеуметтік – демографиялық жағдайы

  • белгілі бір бағыт бойынша қызығушылығы

Сұрақтар мынадай түрде болуы мүмкін :

  • сұрақ (дайын жауаптардан керегін бала өзі таңдайды )

  • өз бетімен жауап беру

  • тура жауаптар

  • жанама жауаптар

Сұхбаттасу әдісі – алдын – ала дайындалған сұрақтарға жауап алу . Бұл әдісте мына жағдайларды есте ұстаған абзал :

  • қарапайым жағдайда сөйлесу ;

  • баланың үнемі болатын ортасында сұхбаттасу ;

  • жауап беру мүмкіндігін ескеру ;

  • белгілі бір уақыт ішінде жауап беру керектігін айту ;

  • үшінші адамның көмегінсіз әңгімелесу ;


Тест әдісі – стандартты тапсырмалар арқылы зерттеу . Дамыту , графикалық , ассоциациялық тестер болуы мүмкін . Жауаптарды белгілі бір жүйе арқылы сараптау , талдау қажет .
Құжаттарды тексеру – бұл әдісті үнемі қолдануға болады . Құжаттар мынадай түрде кездеседі :

  • жеке , жанұялық не сыныптық , т.б.

  • алғашқы ( бақылау не әңгімелесу кезінде алынған жауап ) , соңғы

( сараптаудан өткен нәтиже )

  • негізделген және негізделмеген (официальный и не официальный )

Бұл әдісті қолдану бала туралы ақпараттарды тез арада жинауға көмектеседі ,

Бірақ ақпараттың кейбір түрлері белгілі бір уақытқа ғана жарамды болады , оны

жаңартып отыру қажеттігі туындайды .
Девиант мінезді балалар кімдер ? Оны қалай білеміз ?

Әрбір баланың мінезі жүре қалыптасады . Кейбір кездерде әртүрлі оқиғаға бала жүрегімен беріледі , өзінше қайғырады , содан барып түрліше мінез көрсететін кездері де болады .



  • Әке – шешесінің айрылысуынан , үлкендердің өз уайымдары өздерінде болады , бұл балаларға кері дивиантты әсерін тигізеді , бала осы уақытта кез – келген нәрсені жүрегіне жақын қабылдап , шамкөстеніп кетеді .

  • Жақын адамын жоғалту , бала өзіне ең маңызды адамды жоғалтқандықтан мінезінің өзгеруі мүмкін , уайым дивиациясы пайда болады .

  • Жанұяға жаңадан жас сәби келген кезде балада қызғаныш дивиациясы туындайды , өзіне деген көңіл аз бөлінеді деген қорқыныш пайда болады .

  • Жанұядағы балаға деген кері көзқарас : ұрысу , соғу , жәбірлеу , намысына тиетін сөздер айту баланы басқадан өзін кем сезіну дивиациясын тудырады.

  • Сексуалды зорлық – зомбылық көрген бала да осылай болады .


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет