Диплом жəне курстық жұмыстарға қойылатын талаптар



Дата17.12.2021
өлшемі14 Kb.
#102046
түріДиплом
Байланысты:
Курстық, дипломдық жұмыстарға қойылатын талаптар


Диплом жəне курстық жұмыстарға қойылатын талаптар

1. Диплом жəне курстық жұмыстардың (жобаның) барлық беттері тігілген, қатты мұқабада тапсырылуы тиіс, бірінші жəне екінші беттен басқа беттері нөмірленеді. Курстық жұмыстар бір дана, диплом жұмыстары екі дана болуы тиіс. Курстық жұмыс 15-30 бет, дипломдық жұмыс 30-70 бет аралығында болуы тиіс.

2. Диплом жəне курстық жұмыстар (жобалар) А-4 форматты (210х297) ақ қағазда орындалады.

3. Диплом жəне курстық жұмыстар Word мəтіндік редакторында Times New Poman - 14 жəне төменнен 2 см, сол жақтан-3,5 см, оң жақтан 1 см (10 мм) қалдырылып жазылады.

4. Тақырыптың аты абзацтан басталып толық (жирный) шрифтімен асты сызылмай, артынан нүкте қойылмай, бас əріптермен жазылады. Тақырыптар, тақырыпшалар араб сандарымен нөмірленеді. Тақырып аты бөлімнің (мəтіннің) мазмұнын қысқа жəне нақты түрде ашып көрсетуі тиіс. Тақырып пен мəтін арасы 1,0 см болады. Тақырыптың атын тасымалдауға жол берілмейді.

5. Дипломдық жəне курстық жұмысты (жобаны) нөмірлеу үшінші беттен (жұмыстың мазмұнынан) басталады, нөмірлеу араб сандарымен беттің төменгі оң жағында нүктесіз жазылады. Қосымшалар жалпы нөмірлеуге жатады.

6. Диплом жəне курстық жұмыстардағы иллюстрациялар (сызбалар, графикалар, схемалар, таблицалар т.б.) көрсетілген мəтіннен кейін немесе келесі бетке қойылады. Барлық иллюстрациялардың атауы көрсетіліп, жұмыстарда сілтемелері болуы тиіс.

7. Пайдаланылған əдебиеттерге сілтеме тік жақшаның ішінде араб санымен көрсетіледі. Бірінші сан пайдаланылған əдебиеттер тізіміндегі реттік нөмірін, екіншісі əдебиеттің пайдаланылған бетінің санын білдіреді. Мысалы: [1, 5] Пайдаланылған əдебиеттер жұмыста (мəтінде) көрсетілген ретте (тəртіпте) жалпы тізім болып көрсетіледі. Пайдаланылған əдебиеттер диплом жəне курстық жұмыстардың соңында араб санымен нүкте қою арқылы тізіледі.

8. Қысқартылған сөздер, шартты белгілер, символдар жəне терминдер пайдаланылған əдебиеттер тізімінен кейін бөлек тізім бойынша көрсетіледі. Сол жағында қысқартылған сөз, шартты белгілер, символдар жəне терминдер көрсетіледі, ал оң жағында олардың анықтамалары беріледі.

9. Қосымшалар мəтінде көрсетілген беттен кейін немесе бөлек тізім болып пайдаланылған əдебиеттер тізімінің алдында көрсетіледі. Əрбір қосымша беттің жоғары сол жағында «Қосымша №....» деген жазумен көрсетіледі жəне əрбір қосымшаға мəтінде сілтеме берілуі тиіс. Сонымен қатар қосымшаның тақырыбы болуы керек.

10. Диплом жұмысының (жобаның) бірінші (титулды), екінші беттері №1,2 қосымшаларда көрсетілген үлгілерге сəйкес болуы тиіс.

11. Диплом жұмысына пікірді ғылыми жетекшісі, ал рецензияны бірінші, жоғары санатты оқытушылар, əдіскерлер, жоғары оқу орындарының ғылыми дəрежесі бар немесе жоқ оқытушылары, əдіскерлері, мемлекеттік органдар мен жеке мекемелердің қызметкерлері (диплом жұмысына қатысты сала бойынша) жазады. Рецензия, пікір, мазмұн №3,4,5 қосымшаларда көрсетілген үлгілерге сəйкес болуы тиіс.



12. Диплом жəне курстық жұмыстар ПЦК отырысында талқыланып, қорғауға жіберуге шешім берлуі міндетті, ПЦК шешімі жоқ жұмыстар қорғауға жіберілмейді. Диплом жəне курстық жұмыстарды толтыруға қойылатын талаптардың сақталуын қадағалау оқу бөлімінің меңгерушісіне жүктеледі Талаптарға сəйкестіктен өтпеген диплом жəне курстық жұмыстар жетекшілеріне тəртіптік жаза қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет