Кіріспе. Курстың мақсаты, мазмұны және қҰрылымы



бет1/22
Дата27.03.2020
өлшемі1,15 Mb.
#60904
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ВОРД 10 СЫНЫП

КІРІСПЕ. КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

  Кіріспе. Бұл оқу курсында Қазақстан тарихының тас дәуірінен ХІХ ғасырдың соңына дейінгі кезеңдері қарастырылады. Біраз тақырыптар сендерге төменгі сыныптардан таныс. Кей тақырыптар жаңа, бұрын оқулықтарда қамтылмаған мәселелерге арналған. Оқу курсында Қазақстан тарихының өзекті және ғылыми мәселелеріне арналғандықтан, салалық жүйе бойынша орналастырылған.



  Курстың мазмұны мен құрылымы. Төменгі сыныптарда өткен тас, қола, темір дәуірлері туралы курста тереңірек қарастырылады. «Қазақстан тас дәуірінде», «Қазақстан қола дәуірінде», «Қазақстан темір дәуірінде» жеке- жеке бөлімдерді қамтып, теориялық мәселелермен жан-жақты толықтырылады.

  

  «Қазақ халқының этногенезі», «Көшпелілер өркениеті», «Қазақстан аумағында мемлекеттіліктің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы» деген бөлімдер ежелгі және ортағасырлық тарихымыздың өзекті мәселелерін сөз етеді. Бұл бөлімдер қазақ халқы тарихының аса маңызды, шешуші кезеңіне арналады.

  Бүгінде қазақтар мен басқа да ұлт өкілдері қоныс тепкен мемлекетіміздің ұлан-байтақ өңірі-қазақ халқы ұлт болып қалыптасқан, өркениеті өркендеген мекен. Осынау құтты мекенде қазақ халқы өз саяси бірлестіктерін құрып, мемлекеттілігін қалыптастырды. Кейде осы өркениетке жатсына қарау түсініктері де кездесіп қалады. Ал, шындығында, далалық көшпелі өркениетті жасаушы халықтар әлемдік өркениетке де өзінің тиісті үлесін қосқаны белгілі.

  «Көшпелілердің рухани мәдениеті», «Қазақ даласының даналары» деген бөлімдерден қазақ даласынан шыққан ойшылдар, қазақ мәдениетінің тіні-ауыз әдебиеті, музыкасы, өнері, діни руханияты туралы оқып, біле аласыңдар.

  Соңғы бөлімдері «Қазақстан Ресей империясының құрамында» деп аталып, Ресейлік отарлаудың ерекшеліктерінен басталып, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі мен дамуына дейінгі оқиғалар қамтылып, жаңа замандағы Қазақстан тарихының аса маңызды кезеңдері мен ғылыми жаңалықтары жөнінде мағұлматтар беріледі.

  Бұл аталған мәселелермен бөлімдерде толығырақ танысып, әр түрлі пікір-көзқарастарды баяндай отырып, ойымызды білдіруге тырыстық. Басты мақсатымыз– сендерді өз беттеріңше ойлануға, оқиғаларды терең пайымдап, берілген тарихи деректерді шығармашылықпен қабылдай білуге баулу.



   

  Балалар! Енді осы курста қаралатын кейбір мәселелерге тереңірек тоқталсақ.         Бүгінгі қазақ халқы өзінің өсіп-өнуін алғашқы қауымдық құрылыстағы ру-тайпалардан бастағандығын ешбір жоққа шығаруға болмайды. Халқымыздың тарихи кезеңдерін, оның көне және орта ғасырлардағы тарихын білу үшін көп жағдайда археологиялық зерттеулер қажет. Археология– тарих ғылымының көне дәуірлерін, оның ескерткіштерін зерттейтін басты саласы. Ол қандай ескерткіштер: алғашқы адамдардың тастан құрал-сайман жасайтын жерлері немесе олар тұрған үңігрлер, қоныстар, зираттар, орта ғасыр дәуіріндегі қыстақ-кенттер, қалалар, қорғандар, қыстаулар т.б. Адамдардың тіршілік әрекетінен қалған қалдықтарды археологиялық ескерткіштер деп атайды. Оларды зерттейтін ғалымдарды археологтар, қазақша айтсақ, көне дәуірдің тарихи мамандары. Ал зерттеу кезінде алынған материалдар археологиялық деректерге жатады. Тарихшылар сол археологиялық деректерді пайдаланып, жерімізде өмір сүрген алғашқы қауымның өмір тіршілігінің тарихын жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет