Кіріспе. Курстың мақсаты, мазмұны және қҰрылымы



бет9/22
Дата27.03.2020
өлшемі1,15 Mb.
#60904
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
ВОРД 10 СЫНЫП


Наймандар.

Наймандардың XIII ғасырда орналасқан жері.



 

Орта ғасырларда өзінің мемлекеттігін құрған қазақ тайпаларының бірі. Наймандардың VIII ғасырдың орта шенінде мекендеген аймағы Монғолияның орталығындағы Хангай тауынан ТарбағатайАлтайға дейінгі аралықты алып жатты. Наймандар кейін қазақ құрамына кірген тайпалармен тығыз қарым-қатынаста болған. Наймандар мен қаңлылардың тіпті VII ғасырдың екінші жартысында қатар өмір сүрген туыстас тайпалар екендігін ұйғыр саяхатшылары жазып кеткен. Наймандар, керейлер, жалайырлармен тығыз этникалықмәденисаяси қатынаста болған. Кейін XII ғасырда наймандар өз мемлекетін құрғанда, оның ұлысы құрамына қаңлылар, керейлер, жалайырлар, қыпшақтар, т.б. кірген. Наймандар бірлестігінің құрамында да болашақ қазақ халқының тілдік, рухани, материалдық, мәдени, саяси ортақтастығы қалыптасып келе жатты.                                                                                      Керейлер. Керейлер туралы мәліметтер XI ғасырдың соңғы ширегіне жатады. Олар наймандармен көрші, кейде тіпті аралас орналасқан. Шыңғыс хан үлкен мемлекет құрғанға дейін керейттер (керейлер) қазіргі Монғолия жеріне түгелдей және Алтай аумағында үстемдік еткен. Монғолдар да солардың қол астында болған. XII ғасырда керейлер де өзінің ұлыстық мемлекетін құрады. Керейлердің тілі, шыққан тегі жөнінде таласты пікірлер бар. Кейбір зерттеушілер оларды монғолдан шыққан, монғол тілдес болған дейді. Кейінгі кезде керейлердің түркітектес,түркітілдес екендігін көпшілік ғалымдар мойындайды. Жалпы бұл жерде мына бір жағдайға мән беру керек. Керейлердің де наймандар сияқты тілінде, ел басқару жүйесінде белгілі бір монғолдық нышандар болған. Бірақ бұл кейін, олардың монғолимпериясы ықпалына, қол астына кіргеннен кейін ғана пайда болған қасиеттер.                             Моңғол шапқыншылығызаманында керейлердің бір тобы Еділ бойына дейін барған. Керейт этнонимі тіпті Қара теңіз өңірі далаларындағы жер атауларында да кездеседі. Керейлердің бір үлкен тобы Солтүстік Қазақстан жерінде орнығып қалды. Туыстас халықтар өзбектер мен қырғыздардың арасында да керейт атауы кездеседі.



Жалайырлар. Жалайырлар — алғаш керейнаймандармен көршілес қоныстанған, дәлірек айтқанда, ХилокСеленгаөзендерінің бойы, қазіргі Монғолияның Селенга аймағы мен Бурятияның шегінде болды. Ортағасырлық парсы тарихшысыРашид ад-Дин жалайырлардың шығу тегін ортағасырлық түркі тектес ұйғырлармен байланыстырады. Жалайырлар да найман, керейлер сияқты ұлыстық-феодалдық мемлекет құрды. Орта ғасырларда дулатқоңыраталбансуан қазақ тайпаларының өмір сүргендігіне еш шүбә келтіруге болмайды. Бұл тайпалардың атына ұқсас тайпалар атаулары қытай жазбаларында кездеседі.

Глоссарий:__Этногенез'>Глоссарий:

Этногенез--қандай болмасын халықтың шығу тегін зерттейді.

Культурогенез- халықтың мәдениетінің шығу тегін зерттейді.

Глоттогенез- халықтың тілінің шығу тегін зерттейді.

Расогенез- халықтың түр-сипатының қалыптасуын зерттейтін ғылым.

Андрондықтар- Қазақстан аумағын және көрші аймақтарды б.з.д. 2-мыңжылдық мен 1-мыңжылдықтың арасында мекендеген тайпаларды олардың мәдениетінің атымен андрондықтар деп атаймыз.

Фин-угорлар дегеніміз — кейінгі финдермарийлермордвалар, т.б. осы тілдес халықтардың ата тегі.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ– ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ХАЛЫҚ БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ

«Этнос» термині туралы



Қазақ этносын құрудағы негізгі компоненттері

Ру-тайпалық құрылымы

Қазақ жүздерінің шығуы

«Қазақ» этнонимінің шығуы

Қазақ халқының антропологиялық келбеті

Глоссарий

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 «Этнос» термині туралы.  Қазақ этносын құрудағы негізгі компоненттері. Ру-тайпалық құрылымы. Қазақ жүздері. «Қазақ» этнонимінің шығуы.  Қазақ халқының антропологиялық типі. Тілдік сипаты.



«Этнос» термині туралы

 Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс.  



                                                                                                                                 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет