Сақтарда негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары үш топқа бөлінген.
1) Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдарьяның орта ағысын мекендеген
2) Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария өзендерінің төменгі ағысын мекендеген.
3) Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб аңғарын мекендеген.
Сақтардың қоғамдық әлеуметтік құрылымы. туралы айтар болсақ Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа көсемдерін оның барлық мүшелері сайлайтын болған. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер халық (вече) жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси ұйымын Ф. Энегельс әскери демократия деп атады. Себебі ол кезде соғыстың мәні зор еді. Соғыс тайпа үшін жайылымдық жер мен мал тартып алудың және өздерін сыртқы жаудан қорғап отырудың құралы болды.
Көсемдер әскер басы болды да, билік жүргізді. Олар тайпаны қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ол өзтайпасы атынан бітім немесе келісім жасады. Патшалар (көсемдер) рулар мен тайпаларға жайылымдарды, көшіп қонатынжерлерді бөліп берді; ол жерлерді пайдалану тәртібін белгіледі. Жер үшін таластарды шешіп, рулар мен тайпалар арасындақарулы қақтығыстар болмауын қадағалады. Көсем қаза болса, оның сүйегін арбаға салып, ел аралатқан..
Сонымен Сақтар арасында бірте-бірте мүлік теңсіздігі пайда болды. Малға жекеменшік қалыптаса бастады.Қолға түскен тұтқындарды құлға айналдырды. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар:
жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»),
абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар,
қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар).
Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс — патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және руханимәдениетінің аса маңызды деректері- қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Археологтар зерттеулері Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік берді
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар - Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында өмір сүрген. Сақ тайпалары көп қоныстанған орталықтардың бірі- Іле алқабыболған. Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев оба мазарлары осы алқаптан табылған. Жетісудағы сақ мәдениеті өз дамуында екі кезеңді басынан өткерген: ерте кезеңі (б.з.д. ҮІІІ- ҮІ ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. Ү-ІІІ ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обалары ескерткіштері жөніндегі ең толық мәліметті б.з дейінгі І мың жылдықтың орта кезеңіне жататын Бесшатыр қорымы мен Есік обасы береді. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады.Қорымның обалары баяғыда тоналған, бірақ тонаушылар барлық затты көтеріп кете алмаған. Шолақ темір қанжар-акинактар,садақ оғының қола жебелері мен қорамсақтары табылған. Жетісу сақтарының тамаша ескерткіштерінің бірі- Есік обасы- біздің заманымыздан бұрынғы Ү-ІҮ ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының тарихы мен мәдениетінен хабар беретін асакөрнекті ескерткіш. Есік қорғаны Есік қаласының жанындағы Есік өзенінің сол жағалауында, Алматы қаласынан 50 шақырым жерден табылған. Мұнда табылған 4 мыңнан астам бұйымдардың көбі алтыннан жасалған. Осылардың ішіндегі екі нәрсе біздер үшін ерекше құнды дүниелер. Бірі- 26 таңбадан тұратын жазуы бар тостаған ыдыс. Екіншісі- атақты Алтын адам.Таңбалы тостаған. Бұл тостаған сақ дәуірінен сақталған, жазба ескерткіш болып танылады. Бұл жазу біздің ата- бабаларымыздың өркениетінің ерте қалыптасқанын әлем жұртшылығына танытты. Жұмбақ жазуды атақты турколог- ғалым- Алтай Аманжолов оқыған: «Аға саған бұл ошақ! Бөтен ел адамы тізіңді бүк! Халықта азық- түлік мол болғай» - деп аударылады екен. Бұл жазудың құндылығы: Қазақстан жерін мекендеген сақтардың тілі- түркі тілі екендігін дәлелдейді.
Әшекей жапсырмалар. Есік қорғанынан табылған әшекей жапсырмаларда түрлі аңдардың бейнелері ерекше талғаммен безендірілген. Пышақ, канжарлардың сабында бейнеленген жапсырмалардағы бұланның, аттың, бұғының суреттері сақ мәдениетінің бір айғағы.
Құрбандық шырағданы. Есік қорғаныан табылған құрбандық шырағданы шамамен біздің заманымыздан бұрынғы ІҮ-ІІІ ғасыр бұйымы. Шырағдан үстінде құрбандыққа шалынбақшы жылқы мен адам бейнесі берілген. Тарихтан белгілі сол кездері бабаларымыз көк Тәңіріне сиынған, яғни Тәңір дінін ұстанған, Тәңірге, ата- баба аруағына бағыштап құрбандық шалып отырған. Бұл шырағдан кезінде Еуропа елдерінің қызығушылығына ілпипатына ие болған.
Керамика ыдыс-Жетісу өңіріндегі Есік қорғанынан табылған ыдыс. Көне Қазақстан керамикасы. Біздің заманымызға дейінгі ҮІ-ІҮ ғасырлар бұйымы.
Бұдан сол кездегі шеберлердің өз бұйымдарын әр түрлі материалдарды пайдалана білгенін байқаймыз.
Алтын адам – Есік қорғанынан табылған алтын киімді сақ жауынгері. Жасы 17-18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі қабірде басы батысқа қаратылып жатқызылған. Қабір ағаш қақпақпен жабылып, темір құрсаулармен бекітілген, еденіне тақтай төселіп, үстіне алтын жапсырмалармен безендірілген, Алтын адам - Қазақстанның азаттық символына айналды. Төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызға енді. Алматы қаласындағы республика алаңында тәуелсіздік монументінде Алтын адам бейнеленген. Алтын адам 1974 жылы Лейпциг жәрмеңкесінде көрсетілді. Бұл жәрмеңкеде Еуропа жұртшылығы сақ кезеңінің бірегей үлгісімен танысты.
Ал енді Орталық Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштеріне қысқаша тоқталып өтетін болсақ, бұл өңір обалы қорымдардың көптеп тараған аймақтарының бірі болып табылады. Орталық Қазақстаннан Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Археологиялық материалдар Орталық Қазақстан тайпаларының Тасмола мәденитетінің бастапқы кезеңінде-ақ темірді қолданғанын көрсетті. Қақтау әдісімен темірден сабы сақиналы және түзу сапты пышақтар, сондай-ақ, айшықтар және жүгеннің бастырмалары соғылды.
Қазақтың белгілі археологы М.Қ.Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялық мерзімін б.з.д. VII - III ғасырларымен негіздеп, оның дамуын екі кезенге бөлген. Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық – жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарай бағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйіті жерленген. Кішігірім қорғанда жылқы қаңқаларының қалдықтары, қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі.
Мұртты қорғандар не үшін салынған? Бізге мұртты қорғандардың астрономиялық жағынан тағайындалу туралы тұжырым белгілі. Биолог және археология (энтузиасты) П.И. Мариковскийдың пікірі бойынша, мұртты қорғандар ежелгі обсерваториялар болған, жұлдызды аспан, күн мен айды бақылап, жыл мезгілін аңықтау үшін пайданылған.
Қазіргі уақытта шартты болса да, "мұртты" обалардың негізгі ауқымы анықталды. Бүгінгі таңдағы мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан аумағында 300-ден астам ескерткіштер анықталған. Аталмыш мәліметтер жыл сайын толықтырылуда.
Жалпы алғанда тасмола мәдениеті обалар материалдары негізінде зерттелген күйінде қалып отыр. Бұл мәдениетке сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды: а) қару-жарақтар; б) ат әбзелдері; в) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыс бұйымдары.
Скиф-сақ заманында тайпалардың материалдық мәдениетінде қару-жарақтың, ат әбзелдерінің айрықша түрлері пайда болды, "скиф-сақ аң стилі" деген атау алған өзіндік өнер кең таралды. Кей ретте ерте темір дәуіріндегі қоғам тұрғындарының бұл материалдық мәдениетін "скифтік үштік" (ат әбзелдері, қару, аң стилі) деп те атайды.
Ерте темір дәуірінің далалық тұрғындары ерекше қарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді. Тайпалық одақтардың ат төбеліндей бай шоғыры: патшалар, әскери мансап иелері пайда болды. Үлкен "патша" обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар - қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер бірге жерледі.
Қазақ даласының көптеген өңірінен табылған ежелгі қорған мен обалардан сол заманның әдет-ғұрыптарына байланысты бұйымдармен қатар адам сүйектері де қазып алынды. Осы адам сүйектеріне жүргізілген арнайы зерттеу жұмыстары Қазақстан жерінде алғашқы темір дәуірінде сақ тайпалары өмір сүргенін дәлелдейді. Сол дәуірде Қазақстан аймағы шошақ бөрікті сақтардың негізгі мекен-жайы болғаны белгілі. Сондықтан антропологиялық сипаттамалар тек осыларға ғана беріледі. Шошақ бөрікті сақтарға байланысты археологиялық ескерткіштер Қазақстанның оңтүстік, шығыс, орталық аймақтарында орналасқан. Осылардан табылған адамдардың қаңқа сүйектеріне арнайы антропологиялық зерттеулер жүргізілді. Көне заманда қазақ даласын мекендеген сақ тайпаларына қатысты зерттелген бас сүйек өлшемдерін жыныс ерекшеліктеріне қарай тоғыстырылып, барлығына ортақ краниометриялық анықтамасы алынды. Бас сүйектердің жалпы сипаттамасы: бас формасы жұмыр, төбе биіктігі жоғарылау, маңдай кеңдігі орташа, қабақ сүйектері айтарлықтай жетілген, бет сүйегі аласа, ені жалпақ, жақ сүйектері орташа көтеріңкі, жазықтығы сүйір, көз ұяларының биіктігі аласа, ені жалпақ, алдынан қарағанда пішімі төртбұрышты, қоңқақ мұрын болып келеді. Осы айтылған сипаттамалар және басқа анықтамалар бойынша сақ тайпалары көне еуропоидтық антропологиялық типке жатады. Бұл адамның бас сүйегі сақ тайпаларының біріне жатады. Оның табылған жері Алматы облысындағы Қаратал өзенінің бойы. Антропологиялық пішімі осыған ұқсас адамдар сақ дәуірінде көне қазақ даласына кең таралған. Сонымен қатар олардың бейнесіне моңғолоид тектес тайпалар ықпал еткені байқалады. Жалпы қазақ даласында сақ тайпаларының дәуірінде (б.з.б. 5 — 4 ғасырлар арасында) моңғолоид тегінің араласу деңгейі 15 — 20 пайыздан аспағаны байқалады..
Сарматтар. "Сармат" этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды. Сарматтардың бір тайпасы - роксоландар б.з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан. Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мыс. Б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды (сармат тайпасы) жеңеді. Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен шыққандар, сармат тармен туыстас тайпалар) Қара теңіздің солтүстік өңіріне дейін жетеді. Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан бір шығады.
Археологиялық ескерткіштері. Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабірін балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған. Екінші кезеңде (орта -Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабір құрылысының түрлері өзгермейді.
Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ. Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабірлерге жерленген.
Шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған. Зергерлік өнер. 3-5 ғғ. "полихромдық өнер" дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық өнерге әшекейлеудің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлеп оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылды.
Сонымен қорыта келгенде сақтар мен сарматтар тайпалары коғамдық құрылымы мемлекеттік деңгейге өскен және өзіндік материалдық мәдениеті мен өнері бар айрықша көшпелі өркениет жасау ісінде жоғары дәрежеге жетті.
ҮЙСІН МЕМЛЕКЕТІ
Үйсіндер Орталық Азия аумағындағы алғашқы таптық этнобірлестіктердің бірі болған. Қытай деректерінде үйсіндер туралы алғашқы деректі елші Чжань Цзянь жазған, оның топшылауына қарағанда үйсіндер ертеректе Цилянь-Шань мен Дуньхуан аралығында мекендеген, кейіннен Жетісуға қоныс аударған. Үйсіндердін мемлекеті б.з.б.ІІІ ғасырдан б.з.V ғасыр аралығында батыс шекарасы Шу, Талас өзендері бойымен Қаратаудың шығыс бөктерінен басталып, шығысында Бесбалық ауданымен шектессе, солтүстігінде Балқаш көлінен, оңтүстігінде Теріскей Алатауының бөктерін алып жатты. Елдің қалың қоныстанған орталығы Іле өзенінің аңғары болды, елдің ордасы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік аралығындағы Қызыл Аңғар қаласы болған. Қытай дерктерінде б.з.б. ІІ ғасырда үйсіндердің саны 630 мың адам, соғыс кезінде көптеген атты және жаяу садақшылардан тұратын әскер шығара алатындығы жазылған. Сондай-ақ, елдің оң қанат, орталық және сол қанат болып үшке бөлінетіндігі айтылады. Екі қанатты кіші гуньмолар басқаратыны және олар орталықтағы ұлы гуньмоға тәуелді болғаны және әр гуньмоларда тұрақты он мың жасақтары болды дейді. Деректерде үйсіндерді көшпелі ел, мал өсірумен қатар егіншілікпен айналысады деп көрсеткен. Жетісу жерінің ерекшелігіне байланысты үйсіндерді жартылай көшпелі тайпа болған деп айтуға толық негіз бар. Мысалы, Кеген өзенінің бойындағы Ақтасты қонысынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде 11 бүтін және 15 сынған дәнүккіштер табылғаны және үйсіндердің өнделетін алқаптары көп жағдайда, су өздігінен ағып баратын тау бөктерінде орналасқаны осыған дәлел.
Үйсіндердің этногенез және этникалық тарихы. Чжань Цзянь үйсіндерге елші болып келгенде, шығу тегіне байланысты аңызын жазып қалдырған. Бұл аңызда үйсіндерге көрші жатқан юечжилер шапқыншылық жасап, гуньмоларын бүкіл халқымен қырып салған. Аман қалған гуньмоның кішкене нәрестесі мен оның күтушісі ғана екен. Бір күні күтушісі тамақ тауып келуге кетіп қайта оралса, баланы қасқырдың қаншығы емізіп тұр екен. Мұны көрген күтуші әйел баланы алып, ғұндардың билеушісіне барады. Жас гуньмо ер жеткенше ғұн билеушісінің сарайында тәрбиеленіп өседі. Кейінен шаньюйден көп әскер алып юечжилерден кек алады және олардың жерлерін басып алыпты мыс. Бұл аңызда үйсіндерді Солтүстік Кытай жерінен Жетісуға қоныс аударғанымен қатар, этникалық жағынан ғұндармен жақындығына меңзейді. Кейбір деректерде үйсіндер жерінде мекендейтін тайпаларда «көлденең жазылатын» жазуы болған десе, мұндай деректерді археологиялық жәдігерлер де растайды. Ертіс өзені бойындағы бір үңгірден және Зыряновск руднигі маңынан табылған тоғыз руналық жазбаны зерттеп А Ремюза ХІХ ғасырдың 20-жылдарында ол жазбалардың солтүстік руналық жазуға ұқсастығын айтып өткен. Жазудың шығуы жөнінде «қытайларға У-сунь деген атпен белгілі және Христос туғанға дейін 100 жыл бұрын Ертіс жағасымен Зайсан көлінің батыс жағын мекендеген тайпалардың қолданғаны күмәнсіз» деп жазған еді. Кейіннен түркі жазуымен айналысатын мамандар да үйсіндер көне түрік руналық жазбаны қолданды, өздері де көне түркі тілдес болған деген пікір айтуда. Үйсін деген атаулар орта ғасырлық «Моңғолдың құпия шежіресінде» (ХІІІ ғ), Рашид-ад-Диннің еңбегінде (ХІV ғ) кездеседі. Қорыта келгенде көне қытай жазбаларындағы «У-сунь» тайпалары мен қазақтың Ұлы жүзіне ортақ атау болған үйсін тайпалық бірлестігі арасында этногенетикалық байланыс бар. Орта ғасырлық деректерде, сондай-ақ көне жазбалардағы «у-суньдар» мекендеген жерлер, әдет-ғұрыптары, шаруашылығы және күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі өзара ұқсастықтардан бүгінгі қазақ мәдениетінің сабақтастығын байқаймыз. Қырғыз халқында «үйшун» тайпасының болуына қарағанда, «у-суньдардың» бір бөлігі қырғыз халқының құрамына кірген сияқты. Бүгінде көне үйсін тайпасының бір бөлігі қазақ халқының құрамына еніп, қазақ ұлтының қалыптасуында елеулі рөл атқарды.
Әлеуметтік қатынастары. Ежелгі үйсін қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің болғандығы еш күмән туғызбайды. Үйсіндерде құлдар бола тұрса да, құл еңбегі өндіріс негізі болған жоқ. Құлдар негізінен соғыс тұтқындары болған. Жазба деректердің бірінде «б.з.б. І ғасырда үйсін гуньмосы Вэн Гуйми ғұндарға тұтқиылдан шабуыл жасап, 40 мың адамды айдап алып кетті» делінген, бірақ патриархалды-рулық қатынас күшті болған жерде еркін ұсақ өндірушінің құл болуы өте сирек болады. Әдетте құлдар мырзаны және оның отбасын күтуші малайлары болған.
Қоғамдағы теңсіздіктің тағы бір дәлелі, Жетісу жеріндегі үйсіндердің заманынан қалған мыңдаған обалар. Обалар негізінен көлемі жағынан үш түрге бөлінеді. Бірінші түрінің диаметрі 50-80 м және биіктігі 8-12 м болады. Мұндай үйінді астында жерленген адамдардың жанына көптеген алтын әшекей бұйымдар, ыдыс-аяқтар мен қару-жарақтар қойылған. Бұған мысал ретінде Шығыс Жетісудағы Теңлік обасын, Батыс Жетісудағы Қаракөл және Буранин обаларын айта аламыз. Обалардың екінші түрінің диаметрі 15-20 м, ал биіктігі 1-1,5 м болады. Мұндай обалар жүзге тарта үйінділері бар қорымдарда топталған. Салынған заттар арасында көбінесе қару-жарақтар, ыдыс-аяқтар, қола әшекейлер және ішінара алтын әшекейлер де кездеседі. Ал үшінші обалардың диаметрі 5-10 м, биіктігі 30-50 см болады. Ондай обаларда мәйіт жанында бір-екі ыдыс, ішінара қола әшекейлер кездеседі, бір ерекшелігі мұндай обаларда қару-жарақ кездеспейді. Негізгі шаруашылығы төрт түлік мал өсіру болған соң меншік төрт түлікпен бірге жайылым жерлерге де тарады. «Цянь Ханьшу» жазбасында «бай үйсіндер 4000-5000 жылқы ұстайды» делінген. Осыдан кейін үйсіндерде байлықтың негізгі көзі шаруашылықтағы жылқының саны болған деуге болады.
Үйсіндердің көрші халықтармен байланысы. Чжань Цзянь жазғаны мен кейінгі грек-римдік жазбаларда «ғұн-усундер» деп бірге атаулары олардың аралас-құралас қатынасын білдіреді. Б.з.б І ғасырдың екінші жартысында үйсіндер ғұндар мен қаңлылардың біріккен шапқыншылығына ұшыраған. Түбі бір үйсіндер мен ғұндар арасында соғыстардың шығуын б.з.б І ғасырдағы «Халықтардың Ұлы қоныс аударуынан» кейін жайылым жерге таласу нәтижесінде туындаған деуге болады. Осы уақытта өмір сүрген Хань империясы билеушілерінің әрекеттерінен өздеріне қауіп төндірген көшпенді елдерді бір-біріне біріктірмей, керісінше «көшпенділерді көшпенділердің өз күшімен талқандау» саясатын ұстанғанын көруімізге болады. Бұл жолда Хань билеушілері ештеңе аямаған, көбіне құдаласу тәсілін қолданған дейді зерттеуші Н.Бичурин. Хань императорлары үйсіндермен одақтасып «ата жауы» болған ғұндарды бір жола талқандауды көздесе, ал үйсін билеушілерінің осындай әскери одақ құрудағы мақсаты, Хань империясына арқа сүйеп аймақта саяси, әскери үстемдікке ие болуды көздеді. Деректерден құдаласудың салдарынан, б.з.б.64-51жылдары Хань әулетінің сарайы үйсіндердің ішкі ісіне, тіпті тақ мұрагерін тағайындау ісіне дейін араласқан. Бұл жағдай халық бұқарасының қарсылығын туғызды. Қалың бұқара ғұндармен одақтас болуды қаласа, сарайдағы билеушілер Хань империясының одағы болуды қалады. Біріншіден, қаңлылар мен үйсіндердің өзара қатынасы, этникалық туыстығы, шаруашылығы мен тұрмыс-тіршіліктерінің жақындығы болса, екінші жағынан екі елді басып өтетін «Ұлы Жібек жолының» дамуына екі жақ та мүдделі болды. Осындай жағдай екі елден де көп жағдайда бейбіт және достық қарым қатынасты талап етті.
ҒҰНДАР ТУРАЛЫ ЕРТЕДЕГІ ҚЫТАЙ ДЕРЕКТЕРІ
Ежелгі ғұндар мен юэчжилер туралы қытай деректері
Б.з.д. 1-мыңжылдықтың басында Орталық Азияны мекендеген тайпалар жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, скифтік мәдениетке ұқсас мәдениетті игеріп, арбалы көлікпен көшіп-қонып жүрді. Ежелгі Қытай жазбаларындаҚытайдың солтүстік шығыс жағын мекендеген жундер (цяндар) туралы айтылады. Қытай тарихнамашысы Сыма Цянь(Б.з.д.145-86 жылдары) Орталық Азияны б.з.д. VII-ғасырларда мекендеген Солтүстіктегі көршілерін жундер деп атайды.
Б.з.д. V ғасырдың соңында бұрынғы жундердің орнына Орталық Азияда көшпенділердің күшті бірлестігі – ғұндар(қытайша "сюнну") мен юэчжилер пайда болды. Юэчжилер — шығыс скиф (сақ) тайпаларына жатады. Олардың құрамында үйсіндер де болған. Аумағы Тянь-Шаньнан бастап, Орталық және Батыс Монғолия, Жоңғария, Алтай өңірі, ШығысТүркістанды қамтыды. Орталық Азия көшпенділері құдіретті тайпа бірлестігіне жатады. Бань Гу юэчжилердің ғұндардан да күшті болғандығын айта келіп: «Ұлы иузу елі (үлкен юэчжи) – түтін саны 400 мың; әскері 100 мың, олар көшпенді мемлекет, мал жайылымы жағдайына қарай көшіп-қонып жүреді, әдет-ғұрпы ғұндарға ұқсас», - деп көрсетеді. Б.з.д. III ғасырдыңсоңында олар Ганьсу провинциясының оңтүстік-батысын иемденген.
Ғұндардың соққысынан б.з.д. 174 жылдан кейін батысқа кеткен юэчжилер Бактрияны бағындырды, кейіннен Бактрия жерінде Кушан патшалығы пайда болды. Б.з.д. IV ғасырда қытайлықтар өздерінің қарсыластарының арасында ғұндарды алғаш рет атайды. Ғұндар б.з.д. III ғасырдың соңы мен II ғасырдың басында 24 тайпалар одағынан тұрған Еуразиякұрлығындагы бірден-бір ірі мемлекетке айналады. Шығысында Тынық мұхитынан бастап, батысында Тарбағатай тауларына дейін кең құлаш жайып жатты. Кейбір зерттеушілер: «Бұл мемлекеттің батыс шекарасы Арал теңізі, кейде Каспий теңізінедейін жеткен» деген пікірлер айтады. Б.з.д. IV-III ғасырларда ғұндардың жауынгерлік күш-қуатынан сескенген қытайлықтаролардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салдырған.
Ғұндар мемлекетінің гүлденуі
Біздің заманымызға дейін І мыңжылдықтың ІІ-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Біздің заманымызға дейін ІV-ІІІ ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, біздің заманымызға дейін 209 жылы бой көтеріп, біздің заманымыздың 216 жылына дейін өмір сүрді. Б.з.д. III ғасырдың соңғы онжылдығында Ғұндар мемлекетін әскери басшы тәңірқұты (шаньюй) басқарды. Сыма Цянь ғұндардың күшті тайпа бірлестігі құрылғандығы туралы былай дейді: «Ол кезде дунхулар (Маньчжурияда мекендеген монғолдардың арғы атасы, "дун" – шығыс, "ху" – тағы, жабайы деген мағына береді) әлі де күшті, ал юэчжилер гүлдену дәуірін басынан өткізуде еді. Ғұндарда Тоуман тәңірқұты болатын".» Оның екі әйелінен туған екі тақ мұрагері болған еді. Тоуман екі баласының біреуі Мөдеден құтылу үшін юэчжилерге аманат ретінде жұмсайды. Мұны сезген Мөденің юэчжилер арасында жүріп қалай билікті қайтарып алуға дайындалғандығын дерек көзі былайша қызықты баяндайды. Деректен ғұндардың басында юәчжилерге тәуелді болғандығын, юэчжилерге аманат ретінде тәңірқұты ұлдарын жіберіп тұрғандығы байқалады.
Осындай аманатта жүріп, Мөде юэчжилерден қашып шығады. Әскер жинап, қатаң тәртіп енгізіп, билікті басып алады."Маодунь (Мөде) өз жауынгерлерін үйрете отырып, оларға өзінің "ыскыратын жебесін" (ғұндардың тесігі бар сүйектен жасалған жебелері) қайда жетсе, сол жаққа атуға бұйырды. Жүздеген ысқырған жебелер жаудың зәресін ұшырып, олардыңаттарын үркітті... Ол өз қосынындағы оқ атпағандардың басын шабуға бұйырды. Сонда ғана барлық жауынгерлер оныменбірге оқ атуды үйренді. Маодунь уақыттың таянғанын түсінді".
Осылайша төңкеріс жолымен б.з.д. 209 жылы Мөде тәңірқұты билік басына келеді. Ғұндардың жаулап алу соғыстарыдунхулардан басталды. Мөде батыстағы юәчжи тайпаларын бағындыру үшін әскери жорықтар жасады. Ол 203-201 жылдарыСаян Алтайы мен Жоғары Енисей өзеніндегі ежелгі қырғыз тайпаларын бағындырып, солтүстік шекарасын кеңейтті. Ендігінегізгі карсыластары – Қытай мен юэчжилер еді.
Ғұндардың ұзак уақыт бойғы басты қарсыласы — Хань империясы (Қытай) болды. Сол кезде б.з.д. 202 жылы Қытайдаазамат соғысы аяқталып, бір орталыққа біріккен Хань әулеті билікке келді. Бұл тарихи дерек Ғұндар мемлекетінің күшеюімен тұстас келді. Өзінің шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен б.з.д. 200 жылы Қытай империясы ғұндарға қарсы соғысты өзі бастады. Алғашқы қақтығыстан кейін Мөде өз әскерлеріне кейін шегінуге бұйрык береді. Ал Хань әскеріжауды қудалай, ізіне түсіп, негізгі күштерінен алыстап қол үзіп қалады. Алдыңғы шепте императордың өзі де бар еді. Ғұндаршегінуін тоқтатып, төртке бөлінген атты әскер бөлімімен тау аңғарында қытай әскерлерін жан-жақтан қоршауға алады. Жетікүн қоршауда қалған император ғұндармен келісімшарт жасауға мәжбүр болады. Ол шарт бойынша, император қытайханшасын Мөдеге әйелдікке беріп, жыл сайын бағалы сыйлықтар (жібек мата, шарап, күріш) жіберіп тұруға уәде етеді. Ханьимператоры Гаоцзудың осы "тыныштық пен туыстық" туралы шартқа қол қоюы, оның ғұндардың күштілігін мойындағандығын көрсетеді. Сөйтіп, 40 жылға ғұн мен Хань әулеті арасында тыныштық орнайды.
Мөде билік жүргізген кезде ғұндар гүлдену дәуірін басынан өткізіп, кемеліне жетті. Халық саны 300 мыңға жетіпжығылды. Байқал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықты алыпжатты. Мөденің мұрагері Лаушан (Лаошань) тәңірқұты тұсында Ғұн мемлекетінің құдіреті күшейе түсті. Бұдан кейінгіғұндардың тарихы Шығыс Түркістандағы аса бай қалалар үшін Хань империясымен күреске толы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |