Кіріспе. Курстың мақсаты, мазмұны және қҰрылымы



бет2/22
Дата27.03.2020
өлшемі1,15 Mb.
#60904
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ВОРД 10 СЫНЫП



  

  Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда археологиялық зерттеу жұмыстары айтарлықтай жұргізіле қойған жоқ. Болған күннің өзінде ғылыми сапасы төмен, кездейсоқ табылған көне дәуірлердің құрал-саймандары жайлы хабарлар ғана болды.



  1920 жылдардың аяғында жер қыртысының маманы топограф П.Дарверт Жасыбай, Сабындыкөл жағалауларынан тастан жасалған құрал-саймандар тапса, ал археолог А.А.Марущенко Сексеуілді станциясының жанынан мысты тас дәуірінің құралдарын тапқан. 1929 жылы жер қыртысының маманы А.Ф.Соседко Шымкент облысының жерінен жаңа тас дәуірінің қоныстарына тапқан. 1932 жылы көрнекті археолог М.П.Грязнов Қарағанды облысы, Долинка селосының жанынан жаңа тас дәуірінің қоныстарын ашса, ал археолог И.В.Синицын Батыс Қазақстан жерінен жаңа және мысты тас дәуірлерінің мекен-жайларын ашқан. 1930 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің профессоры В.А.Селевиннің басшылығымен Бетпақдалада ғылыми жұмыс жүргізген ғалымдар Жетіқоңыр, Самен, Кендірлі бастауы, Боқтықарын өзенінің бойынан мысты тас дәуіріне жататын көптеген құрал-жабдықтар тапқан. Мұның өзі қараса көз жетпейтін, ұшса құс қанаты талатын Бетпақдаланың баурайында алғашқы адамдардың өмір кешкендігін дәлелдейді.

  Әлкей Хақанұлы Марғұлан  Марғұлан зерттеген жер.

  Әлкей Хақанұлы Марғұлан (11.5.1904, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 12.1.1985, Алматы қаласы) –әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы. Бүкiлодақтық географияқоғамының толық мүшесi (1933), филология ғылымының докторы (1945), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi (1961). Оның редакциясымен Шоқан Уәлихановтыңшығармаларының 5-томдық толық академиялық жинағы жарық көрді. Педагогика саласында Әлкей Марғұлан фольклорбойынша зерттеулерінің маңызы зор. Тұңғыш рет халық педагогикасының біртумалары шоғырланған казақ халқының аңыздарын, ертегілерін, жырларын іргелі зерттеді.



  1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылып, оның ішінде Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ашылуы жерімізде халқымыздың көне орта ғасыр дәуірлерінің тарихын зерттеуде көптеген жаңалықтар аша бастады. Осы жылдан бастап академик Ә.Х.Марғұланның басшылығымен ұйымдастырылған Орталық Қазақстанның экспедициясы ұзақ уақыт бойы археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ә.Х.Марғұлан өзінің 30 жылдан астам жүргізген ғылыми жұмыстарында жүздеген ғылыми мақалалар мен бірнеше монографиялар жазды. Оның ішіндеӘ.Х.Марғұланның тікелей қатысумен Қ.Ақышев, М.Қадырбаев, М.Оразбаевтармен бірге жазған «Орталық Қазақстанның ежелгі дәуірдегі мәдениеті» атты кітабы халқымыздың көне дәуірлерінің тарихына қосылған үлкен үлес болып табылады. Бұл кітап Ш.Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.

 Алпысбаев Хасан  Алпысбаев ашқан жер.

  Хасан Алпысбаев (6.11.1928, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 30.4.1978, Алматы) — ғалым, Қазақстандағы тасдәуірі археологиясының негізін қалаушы, алғашқы қазақ археологтарының бірі. 1950 жылы Ташкенттегі Орта Азиямемлекеттік университетін бітірген. Алпысбаев өмірінің соңына дейін Қазақстан FA Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтында қызмет атқарды. 1957—1960 жылы Қаратау палеолит отрядын, 1974 жылыОңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының тас дәуірін зерттеумен шұғылданатын отрядын басқарды.Қаратау өңірінен 200-ден аса тас дәуірі тұрақтарын тауып, ғылыми айналымға енгізген. Отырар алқабындағы Жаңашілік,Маятас, Шілік, Тасқотан, т.б. көптеген ескерткіштерді ашып, зерттеген. Оңтүстік Қазакстан өңірі ежелгі адамдармәдениетін сипаттайтын ірі ошақтардың бірі болғандығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген.



 

 Х.Алпысбаев тапқан тас құралдар. 

  1950 жылдардың аяғында қазақтың көрнекті археологы, тас дәуірінің маманы Х.Алпысбаев Оңтүстік Қазақстаннан Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты деген жерлерден көне тас дәуірінің тас құралдарын және қоныстарын (қараүңгір) тауып, біздің жерімізде алғашқы адамдардың Отаны болғандығын бүкіл дүниеге танытқан. Бұл жаңалықтары оның « Оңтүстік Қазақстанның төменгі тас дәуірі» деген монографиялық еңбегінде жазылды. Бұл жаңалықтың маңызды екендігін тас дәуірінің маманы академик А.П.Окладников те атап өткен.



 Кемал Ақышев.  «Есік қорғаны»

  1970-1980 жж. арасында бүкіл Қазақстан жері бойынша ежелгі дәуірлердің зерттелуі кеңейе түсті. Бұл мерзім ішіндеА.Г.Медоев, М.Н.Клапчук, О.А.Артюхов, В.С.Волошин, Б.Ж.Әубәкіров, т.б. археологтар тас дәуірінің жаңа ескерткіштерін тауып, ежелгі дәуірлердің зерттелуіне өз үлестерін қосты.

  Ал 80-ж.бастап жеріміздегі ежелгі дәуірдің зерттелуі жаңа тұрғыдан қайта көтеріле бастады. Ежелгі дәуірдің маманы, тарих ғылымдарының докторы Ж.Қ.Таймағамбетов көне тас дәуірінің зерттелуіне белсене кірісті. Ол жаңа хронологиялық кезеңдер ұсынды. 50-ден астам ғылыми еңбектер жазды.

  Қола дәуірін зерттеуде ерекше үлес қосқан академик Ә.Х.Марғұланның «Беғазы-Дәндібай» атты еңбегі шықты. Бұл кездің ескерткіштерін зерттеуде жемісті ғылыми еңбек сіңірген М.П.Грязновты, С.С.Черниковты, В.С.Сорокинді, Кривцова-Гракованы, К.Ақышевті, М.Қадырбаевты, М.Оразбаев сияқты көптеген ғалымдарды атауға болады.

  Халқымыздың халық болып қалыптасуына негізгі бір арқау болған мезгіл, археологиялық ғылыми тілмен айтқанда, темір дәуірі. Бұл кезеңнің алғашқы кезеңдерге қарағанда, өзіне тән ерекшелігі жазба деректердің пайда болуы. Ол кезде жерімізде өмір сүрген ру-тайпалардың немесе тайпалық одақтардың аты—жөндерінің сақталуы. Археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып зерттеуге мүмкіндік береді. Ал ондай зерттеу тарих ғылымына үлкен жаңалықтар әкеліп, іздену жұмыстарына жеңілдіктер туғызады. Жерімізде, темір дәуірінің немесе алғашқы жартылай көшпенді мал өсіруші тайпалардың ескерткіштерін зерттеуде ғылыми еңбек сіңірген П.С.Рыков, М.П.Грязнов, М.И.Артомонов, Б.Н.Граков, А.Н.Бернштам сияқты ғалымдарды атауға болады. Ал қазақ ғалымдарының ішінде темір дәуірінің мамандары К.А.Ақышев, М.К.Қадырбаев, А.Г.Максимовалардың қазақ жеріндегі темір дәуірінің зерттелуіне қосқан үлестері зор. Әсіресе, тарих ғылымдарының докторы К.Ақышевтің Жетісу жеріндегі «Бесшатыр» және «Алтын киімді адам» обаларын зерттеуі олардан алынған материалдар жеріміздегі сақ тайпаларының мәдени деңгейінің қандай дәрежеде дамығандығын бүкіл дүние жүзіне паш етті.

  Ал М.К.Қадырбаев Орталық Қазақстан бойынша Тасмола мәдениетін ашып, оның жергілікті жағдайға байланысты өздеріне тән ерекшеліктерін айқындайды.

  Б.з.б. ІІІ-І ғғ. жазба деректер бойынша, жеріміздің оңтүстік-шығысында да мемлекеттік дәрежеде елдік жағдайда өмір кешкен үйсін, қаңлы тайпалық одақтары белгілі. Олардың археологиялық ескерткіштері зерттеліп, жазба деректермен дәледеніп отыр. Олар туралы археологиялық жұмыс жүргізген ғалымдардан А.Н.Бернштам, К.А.Ақышев, Г.А.Кушаевтардыатап өтуге болады. Ал соңғы кездегі қытай еліндегі қазақ тарихшыларының жазуына қарағанда, үйсін, қаңлылардың тарихы қытай деректері бойынша көптеген біз білмейтін жаңа мәліметтер бар екендігі белгілі болып отыр. Әсіресе, олардың ұлы Қытай мемлекеттерімен б.з.б. кезеңдерде терезесі тең түсіп, мемлекеттік дәрежеде қарым-қатынас жасаған тәрізді. Бұл мәселе әлі де болса археологиялық және жазба деректер бойынша тереңірек зерттеуді қажет етеді.

  Жеріміздің солтүстік және солтүстік батысында сармат, алан тайпалары ғұмыр кешкен. Жазба (грек, рим) деректерінде савромат тайпалары деп те кездеседі. Бұлар тарихтың талай қилы заман тағдырын бастарынан өткізген. Біздің заманымызға дейінгі деректерге қарағанда, сарматтардың батыс бөлігі Қара теңіз жағалауындағы скифтерді жаулап алып, солай қарай жылжыса, ал біздің жеріміздегі қалған бөлігі Арал бойына дейін келіп, қаңлылардың қол астына түсіп араласып кеткен. Археологиялық ескерткіштерін ғалымдар А.Кастенье, Б.Н.Гракова, В.С.Сорокин, К.Ф.Смирнов, В.Г.Петренколар зерттесе, ал қазақ археологтарынан М.К.Қадырбаев зерттеген. Бұл тайпалардың біздің жеріміздегі археологиялық ескерткіштері әлі толық зерттелмеген. Бұл бүгінгі көне дәуір мамандарының алдына күн тәртібінде тұрған басты мәселенің бірі.



  Ал біздің дәуіріміздің І ғасырынан V ғасырға дейінгі аралық халқымыздың тарихындағы басты бір ақтаңдақ болып табылатын мерзім. Оған басты себеп үйсін, қаңлы, сармат, алан т.б. тайпалар жазба деректер бойынша өз атауларымен өмір сүрулерін жалғастырды. Бірақ олардың археологиялық ескерткіштері әлі де болса нақты зерттелген жоқ. Жеріміздің Орталық, Солтүстік шығыс жағында өмір сүрген сақ тайпаларының исседон, аргипей т.б. жалғасы қайда деген сұраулар тудырады. Егер олардың археологиялық ескеркіштерінің өзі археолог М.К.Қадырбаевтың зерттеуі бойынша Тасмола мәдениеті б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырға дейін өмір сүрген десек. Жазба және археологиялық зерттеулерде б.з.VІІІ ғасырларынан бастап көрсетілген жерлерде қимақ-қыпшақ тайпалары өмір сүрді. Сонда б.з.д. ІІІ-ІІ ғғ. б.з.V ғ.дейін 1000 жылға жуық Орталық және солтүстік-шығыс Қазақстанның жерлері қаңырап бос жатқаны ма? Әрине, бұл жерлер бос жатты деп айтуға болмайды, өйткені «Ұлы қоныс аудару» кезінде сақ тайпаларының олармен араласып, одан кейінгі түркі дәуірінің кезіндегі тайпалармен араласуының нәтижесінде археологиялық ескерткіштер де өзінің сыртқы көріністерін өзгерткен болуы тиіс. Алайда олар әлі де болса бір-бірінен ажыратылып зерттеле қойған жоқ. Бұл мәселе ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.

  

  Халқымыздың орта ғасырлық тарихы өзінің зерттелуі жағынан кешірек басталса да ғылыми тұрғыда жемісті болып отыр. Орта ғасырлық мәдениеттің ерекше қарқынмен зерттеле бастаған кезі 60-жылдардың аяғында К.Ақышевтіңбасшылығымен құрылған Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы 20 жылдан астам жүргізген жұмыстардың нәтижелі болуы. әсіресе, Отырар қаласы кең көлемде зерттелді. Орта ғасырлық қалалардың зерттелуіне үлкен үлес қосқан Қ.М.Байпақовтың еңбегі ерекше. Халқымыздың орта ғасырлық дәуіріндегі барлық мәселелер жеріне жете зерттелініп болды деп қорытынды жасауға әлі де ерте.



  Халқымыздың этникалық құрылымын зерттеуде орта ғасырлық дәуірдің орат кезеңінің маңызы өте зор. Бұл мезгілдің ішінде жерімізде түркі тілдес қимақ, қыпшақ, қарлұқ, оғыз, түргеш, сияқты т.б. көптеген тайпалар өмір сүрді. Олардың өздеріне тән ескерткіштері айқындала бастаған. Дегенмен, олар туралы жан-жақты толық пікір қорытындылау жеткіліксіз. Археологиялық деректердің осы бір жеткіліксіз жеріне араб, парсы, қытай, түрік жазба деректерінің қосатын үлесі зор.

  Қазақ халқының және қазақ хандығының құрылуына арналған бұл екі мәселе әрі қиын, әрі өте қызықты және бір-бірімен тығыз байланысты.

  ХV–ХVІ ғғ. қазақ халқы қалыптасып, өзінің «қазақ» деген атымен тарих сахнасына шыққанын білсек, бұл кезеңнің де өзіне тән археологиялық ескерткіші болғандығын ескерген жөн. Әрине, олардың зерттелуі өте кеш басталған. Халқымыздың тарихында «қазақтар тек көшпелі өмір сүрген» деген пікір орын алған. Алайда, Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс, Орталық Қазақстан жерінде он жылдай жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде қыстақ-кенттер, қыстаулардың, бекініс қорғандардың орындары белгілі болды. Халқымыздың мұндай тұрақты қоныс жайларының зерттелуі тарихымыздағы осы уақытқа дейін орын алып жүрген «қазақтар таза көшпелі халық» дейтін ұшқары пікірге тікелей тойтарыс болып табылады.

  Әрине, бұл оқу курсында халқымыздың көне дәуірлерінің барлық мәселелерін жан-жақты қамтып біржола толық жазылды деген ойдан аулақпыз. Тәуелсіз ел болғанымызға бар-жоғы 20 жыл болған уақытта тарихымыздың ғылым ретінде танылып, оның зерттелуіне едәуір көңіл бөлініп жатқанда, алда әлі талай құнды жаңалықтар ашылуы сөзсіз.

Глоссарий:

Тарих ғылымы- адамдардың басынан өткізген жағдайларын жүйелі түрде баяндайтын жеке ғылым.

Ежелгі дүние тарихы кезеңі - адамдардың пайда болуынан бастап, орта ғасырларға дейінгі кезеңді қамтитын кезең.

Қоғам- адамдардың және олар құрған үлкенді-кішілі топтардың өмір-тіршілігі мен дамуы дәрежесінің жиынтық көрсеткіші.

Археология – адамзаттың өткен тарихын, негізінен заттай деректер бойынша зерттеп, оқытатын ғылым.          

Шежіре – жазбаша тарих дүниеге келгенге дейін өмір сүрген тарихи туынды; қазақтардың шығу тегінің кестесі; ата- бабалардың тікелей ер адамдардан таралуын ауызша және жазбаша түрде көрсетеді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет