1."Сана аллеясы"әдісін қолдану.
(мақсаты:өткен сабақты қайталау,үй жұмысын тексеру)
Оқушыларға екі қатар тұрысы "сана аллеясына"айналғанын айту,тапсырма беру.Тапсырма:қарсы тұрған екі оқушы өзара өткен сабақ жайлы әңгімелеседі,яғни тақырып бойынша сұрақтар қою,мысалдар келтіру,үй жұмысының орындалуын талқылау,т.б.қажет.Бұл жұмыста оқушылар қошемет арқылы өзара бағалау жасайды.
2.Сергіту сәті
"Атом,молекула"ойынын ойнау
(мақсаты:оқушыларды топқа бөлу үшін)
3.Жаңа сабақ
А."Елшілік"әдісімен тақырыпты түсіну. Тапсырма:1топ ашық буын,2топ тұйық буын,3топ бітеу буын жайлы оқулықтан
оқиды,топта талқылайды.Араларынан 1оқушыны елші етіп сайлайды.Елші көрші екі топқа барып,өз тобына берілген тақырыпшаны түсіндіреді.
Елші ауызша,сызба,сурет,т.б.арқылы
түсіндіруіне болады,өз еркі сақталады. "Басбармақ" арқылы өзін бағалау жүреді
Ә.Түсінгенімізді тексеру.
Тапсырма:әр топ берілген тест
тапсырмасын талқылайды,орындайды.Мысалы:
1-топқа арналған тест тапсырмасы
1.Қай сөзде төрт ашық буын бар?
А)данышпан
В)мәртебе
С)иелену
Д)таяныш
Е)әдебиетші
Бұл жұмыста оқушылар өздерін
"Бағдаршам көздерімен"бағалайды.
4.Оқулықпен жұмыс.
1топқа 303- жаттығу.Тапсырма:"Венн диаграммасына" сала орындау,яғни біркелкі буыннан тұратын сөздерді бір топқа,буын жігі ауысқан сөздерді екінші топқа жазу.Үлгі:
Фараби,алады, сарайына,?
Бірде,өмір,?
фффаф
2топқа 307-жаттығу.
Тапсырма:мәтіннен аралас буынды сөздерді теріп жазып,буын түрлеріне ажырату.Үлгі:
мы—сық—тар / а.б--б.б--б.б.
қал-дық-та-ры-нан / б.б-б.б-а.б-а.б-б.б.
3топқа 305-жаттығу.
Тапсырма:мәтіннен қарамен берілген сөздерді буын санына қарай кему ретімен жазу,тұйық буынның
астын сызу.Үлгі:
көкжиекке,жүйтки,дүрс,?
|