Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: қазақ тілі
|
Мектеп: Екпінді жом
|
Күні:6.12
|
Мұғалімнің аты жөні: Шинтаева Гульмира
|
Сынып: 9«А»
|
Қатысушылар саны: 18
|
Қатыспағандар:
|
Сабақ тақырыбы
|
Іс-қағаздар стилі
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар істей алады:ресми іс қағаздар стилінің қолданылу аясын біледі
Көптеген оқушылар істей алады: ресми іс қағаздар стилінің қолданылу аясын біледі, мақсатын, стильдік сипатын ажырата алады. Іс қағаздарының үлгісін толтыра біледі.
Кейбір оқушылар істей алады: ресми іс қағаздар стилінің қолданылу аясымен танысады, мақсатын, стильдік сипатын ажырата алады, іс қағаздарының үлгісін толтыра біледі. өзі қолдана алады.
|
Бағалау критерий
|
Сабаққа белсене қатысады, өз ойын толық айта алады, ресми іс-қағаздар стилінің үлгілерін, құрылымын біледі
|
Тілдік мақсаттар
|
Мінездеме, хаттама, сұраныс, өтініш, сенімхат, т.б.
|
Құндылықтарды дамыту
|
Сөздік қорын кеңейту. Сауатты, ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
|
Пән аралық байланыс
|
Әдебиет, информатика, орыс тілі
|
АКТ-ны қолдану дағдылары
|
Берілген тапсырмаларды оқушылар интербелсенді тақтадан электронды оқулық бойынша жұмыс жасай отырып ойлау,шығармашылық қабілеттерін дамыту
|
Қосымша білім
|
Құжаттар, мекеме, іс жүргізу
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған сабақ кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
15 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,топқа бөлу
Үй тапсырмасы
Көркем әдебиет стиліне қатысты миға шабуыл әдісі бойынша ашық, жабық сұрақтар қоямын.
«Мақалды тап» тапсырмасын орындатамын
|
|
Сабақтың ортасы
20 минут
|
Жаңа сабақ
Ресми іс-қағаздар стилінің ерекшелігі, қолданылу аясы, тілдік бірліктері жөнінде әр топқа арналған ресурстар таратамын. Оқушылар соған қатысты постер жасап, басқа топтарға түсіндіреді.
Топтарға төмендегі тақырыптар беріледі.
І топ. Ресми іс-қағаздарының түрлері
ІІ топ. Ресми іс-қағаздардың құрылымы
ІІІ топ. Іс-қағаздары стилінің ерекшеліктері
Берілген тақырыптар бойынша оқушылар плакатқа постер салып, топтық жұмыс жасайды.
Сергіту сәті «Полиглот» ойыны
Берілген сөздер
|
Орыс тілі
|
Ағылшын тілі
|
aрыз
куәлік
анықтама
түсінікхат
сенімхат
мінездеме
хаттама
|
заявление
удостоверение
справка
объяснительное письмо
довереность
характеристика
протокол
|
|
Бекіту: Семантикалық карта
«Семантикалық карта»
№
|
Мысалдар
|
Ауызекі сөйлеу стилі
|
Көркем әдебиет стилі
|
Ресми іс қағаздар стилі
|
1
|
– Бүгін сабақта кім жоқ?
– Сабақта Данияр жоқ.
– Жақсы.
|
|
|
|
2
|
Қазіргі жарық түннің тыныштығының ортасында Кеңөзек ұйқыға кеткен сұлудай болымсыз дымқыл тұманмен бусанып, тыныс алған сияқты…
|
|
|
|
3
|
Мен, Сұлтанова Әлия Айханқызы, 1964 жылы 20 сәуірде Талдықорған облысы, Ақсу ауданында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ…
|
|
|
|
Сабақты қорыту Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақтар беріліп, жауап аламын.
Стильдің қанша түрі бар?
Іс қағаздар стилі дегеніміз не?
Ресми іс қағаздар стилінің мақсаты қандай?
Іс қағаздарының қандай түрлері бар?
Іс қағаздар стилінің ерекшеліктерін ата.
|
Постер,стикер, маркер,сызғыш
Қосымша 1
оқулық
|
Сабақтың аяғы
5 минут
|
Бағалау
Кері байланыс «Аяқталмаған сөйлем» әдісі
Менің түсінгенім......
Маған түсінуге қиын болғаны..........
Менің ұсынысым......................
Кері байланыс парақшасы әрбір оқушыға таратылып, толтырылады.
Үйге тапсырма . Әр оқушы өзінің өмірбаянын жазып келу.
|
|
Дифференциация – Сіз жоспарда қолдауды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз?
|
Қабілетті бірігіп жұмыс жасату
|
Қолданылған әдіс-тәсілдерге қалыптастырушы бағалар қойылады.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге?
Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?
|
Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз. Сол жақтағы бағанның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз.
|
|
Жалпы бағалау
Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?
|
Достарыңызбен бөлісу: |