Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Педагогика жоғары мектебі
Орындаған: Төлеу К
Тексерген: Кенжебаева Т.Б
Топ:БОПжӘ-23
Павлодар 2020
Тақырып:Ойын сабақ туралы түсінік, ойын ұйымдастыру жолдары
1.Ойын ұғымы. 2.Ойынның мақсаты. 3.Ойынның міндеттері. 4.Күтілетін нәтиже. 5.Ойын арқылы оқытудың негізгі формалары. 6.Ойын арқылы сапалы өзгерістерді тудыру. 7.Баланы ойын арқылы іс- әрекеттермен сабақтастыру.
ЖОСПАР:
Ойын – мектеп жасына дейінгі кезеңде басталып, адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі.
Мақсаты: Жеке тұлғаның адамгершілік құндылықтарын бойларына сіңіріп, рухани жан дүниесін байыта, білім бере отырып ойын арқылы дамыту. Балалардың оқыту мен тәрбиелеудің жұмыс ойын арқылы жүйесін құру; бала тәрбиесіндегі ата- аналармен педагогтардың бірлескен іс - әрекеттерінің нәтижелі жолдарын қолдану. Міндеттері: - Ойын бірлестіктерін құру, жалғыз және топтасып ойнау дағдыларын қалыптастыру; - Әр түрлі ойындарға қызығушылығын арттыру. Өз қалауы бойынша ойындар құру, таңдау іскерліктерін қалыптастырып, ойын барысындағы сергектігі мен қызығушылығын жетілдіру; - Ойындарды жүргізу түрлерін үйрету: ойыншықтармен қысқа сюжеттер құру, ойынға қажет заттарды таңдау, дидактикалық ойындар мен қозғалыс ойындарын ережелерін сақтап ойнау; - Үлкендердің көмегімен ойыншықтар мен заттарды өз орындарына орналастыру; - Ойыншықтарды санына, көлеміне, мөлшеріне қарай ажырату, заттардың аттарын дұрыс атау, топырақпен, сумен, қармен ойнау барысында олардың ерекшеліктері мен қасиеттері туралы білімдерін тиянақтау; Күтілетін нәтиже: Күтілетін нәтиже: - Ойната отырып, оқыту әдіс-тәсілдер жүйесі анықталды. - Балаларды дамытуда ойын іс-шаралары ұйымдастырылды. - Ойын арқылы баланың психикасында сапалы өзгерістер туды (баланың зейіні, ойлауы, қиялдау қабілеті). - Ойын арқылы дамытатын оқу ортасы құрылды. - Отбасымен бірлесе отырып, ойын арқылы баланың шығармашылық ойлау қабілеті бағаланды. - Оқу-тәрбие процесін ойната отырып, дамытуға ыңғайлап ұйымдастырылды. - Ойынды балалардың өз халқының салт-дәстүрлерін бойына сіңіру. Құралы ретінде пайдалану, соның негізінде ұлттық сана-сезімі, ұлттық мәдениеті қалыптастырылды. В. Сухомлинский: “Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жаңар оты” деген ой айтады.
Назарларыңызға рахмет
Достарыңызбен бөлісу: |