Жаңа педагогикалық технология пәнінен ашық сабақ жоспары
Тобы: ШТ-121
Оқытушы: А.Қ.Мамбетова
Сабақтың тақырыбы: Проблемалық сабақ өткізудің жолдары, әдістері, ұйымдастыру формалары, дайындау, талдау.
Көрнекті нидерланд оқымыстысы Йохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дүние жүзіне кең тараған еңбегінде: «Ойын адамзат әрекетінің жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің әмбебап категориясы», «Ойын өмір сүру тәсілі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі» және «Ақылды адам дегеніміз ең әуелі ойнайтын адам» деген екен.[1]
Сабақтың мақсаты:
білімділік –студенттерге проблемалық оқыту технологиясын меңгерту арқылы іс жүзінде сол технологиямен сабақ жоспарын құрастыра алуға үйрету;
тәрбиелік - өзара сыйластыққа, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу;
дамытушылық – өз бетімен және топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, студенттердің пәнге деген ызығушылығын артыру,ынтасын, ойлау белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту;
Сабақтың түрі: іскерлік ойын сабағы («Бақытты сәт», «Алты қалпақ» ойыны)
Сабақтың көрнекілігі: жетондар, тапсырмалар, слайдтар,интерактивті тақта, бағалау парағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: модульдік оқыту технологиясы, сұрақ- жауап,топтастыру стратегиясы,пікірсайыс,салыстыру, талдау, топтық жұмыс,проблемалық ситуация туғызу.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау модульдік жүйенің «Бақытты сәт» ойыны арқылы жүргізіледі.
Студенттер 2 топқа бөлінеді. Ойын 3 геймнен тұрады:
«Бақытты сәт ойыны»
Құрал-жабдықтар:1. Шарлары бар кеспек немесе қап 2.Секундомер 3. Жалпы бағалау парағы 4. Фишкалар 5.Үйге берілген сұрақтар. 6. Сайыс үшін тапсырмалар 7. Жауап үлгілер
Ойын барысы:
Сынып екі командаға бөлінеді, әр команданың капитаны мен аттары болады.
1 гейм. «Сергіту».
Әр командаға 10 -10-нан сұрақтан қойылып, пікірлесулеріне 5 мин беріледі. Команда уәкілі жауап береді,ал қарсы команда жауап үлгілерінің дұрыстығын қадағалайды. Сұрақтарға дұрыс жауап берген және сандық көрсеткіштері көп команда жеңіске жетеді.
1-топ сұрақтары:
1.Педагогикалық технология ұғымы
2. «Технология» сөзінің мәні
3.Қазақстан ғалымдарының технологиясы.
4. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының авторы
5.Ш.Амонашвили кім?
6.Д.Дьюи қай технологияның авторы?
7.Ынтымақтастық педагогикасымен мұғалімдер қай жылдары эксперимент жұмыстарын жүргізді?
8.Е.Н.Ильин жүйесінің формуласы
9.Ш.Амонашвилидің кітаптары –
10.Ғалымдардың пед.технологияға берген анықтамалары
2-топ сұрақтары:
«Инновация» сөзінің мәні
Білім беру технологиясының жіктелуі
Ынтымақтастық педагогикасы туралы қай газетте жарияланды?
Е.Н.Ильин қай пәннен сабақ берген және оның ұстанымы?
Проблемалық оқыту технологиясына кезінде үлес қосқан ғалымдар –
Проблемалап оқытудың басты белгілері-
Жобалап оқыту технологиясы қалыптасқан мемлекет
Ш.Амонашвилидің атқарған қызметтері
Модульдік оқыту технологиясының авторы
Ж.Қараев технологиясының атауы
2 гейм «Кім жылдам?»
Термин сөздердің мағыналарын (аудармаларын) екі топ жылдам қима қағаздарға жазуы керек.
1-топ. Инновация, методика, интерактивті, технология, модуль, гуманизм,мультимедия,педагог,ментор,тьютор,репетитор, форма,индивид,құжат.
2-топ. Өзара әрекеттесу, шеберлік өнері, жаңаша,әдіс-тәсіл,құрылым,ақпараттық орта, ізгіліктік, бала жетектеуші, оқушы кеңесшісі, ғылыми жетекші, емтихан-тестке даярлаушы,тысқы бейне, жеке тұлға, куәлік
3 гейм «Ойлан, тап»
Санаулы минут ішінде «Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар» деген сөз тіркесінен жаңа сөздер құрастыру. (біл,ілім,бер, беру, инноватор,инновация,технолог, технология,лор,үй,іс,В.М.Монахов,студент,студия,цытата,ес,жануар,түйе,халық,Отан,от,
ат,жылқы, ментор, бір,бірінші,Тбилиси,орын, ескі,оқулық,ынтымақтастық,бүтін, түрлі, оқыту, Греция,қарым-қатынас, Вавилон, қатынау, қас, қасқыр, қоян,Асқар,ата, артық, қабілет, диогонал, латын, қатар, нақты, бала, нарықтық,нан, теория, ойлау, ой, анықтау, Ж.Қараев,В.В.Давыдов, жүн, елбасы, бас, ел, қасиет, түсіну,уақыт, сабақ,сот, сынақ, мақсат, баяндау, тест, жарыс, жанар, жар, жиынтық, ерік, қала, қалам, ерін, стандарт, таным, үлгі,тылсымсөз, сыртқы, ретінде т.б.)
Студенттердің жауаптары фишкамен бағаланады.
Жаңа сабақ: Проблемалық сабақ өткізудің жолдары, әдіс-тәсілдері, формалары, дайындау, талдау.
Жаңа сабақ алдын-ала үйге берілген. Белгілі психолог Эдвард де Бано ойды дамытудың «алты қалпақты» метаферасын практикаға енгізген. Ойлаудың алты қалпағы қандай да бір құбылысқа жан-жақты талдау жасау үшін қолданылады. Студенттер 6 топқа бөлінеді. Әр топқа 6 қалпақтың бірі сеніп тапсырылады.
1.Ақ қалпақ. Проблемалық оқыту технологиясына дәлелмен, фактімен жалпы сипаттама береді.
Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процесін де меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқыту - ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқытудың негізгі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемаларды міндетті шешуге дайын тәсіл.
Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмылады. Проблемалық ситуацияны шешу арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауы дамиды, интеллектуалдық таным үрдісі жетіледі.
Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық тапсырмалардың тіл дамытудағы тиімділігі – оқушылар бұл оқыту түрінде ғылыми ізденіспен, зерттеушілікпен айналысады. Ойлаумен бірге тілдері де дамиды. Проблемалық оқытуға негізделген жұмыстар, тапсырмалар оқушылардың өзіндік ойлауына, өзіндік ізденісіне бағытталады, білімді өз беттерімен алуға жол ашады, таным белсенділігін арттыруға түрткі жасайды.
Проблемалық оқыту барысында:
Оқушылар өздеріне қойылған мәселені анықтайды;
Өздеріне қойылған мәселені шешу жолдарының жоспарын жасайды;
Болжам жасайды;
Салыстырады;
Дәлелдейді;
Шешім қабылдайды.
Проблемалық оқытудың басты белгілері:
Білімді проблема негізінде баяндау
Мұғалім сабақты жай хабарлап, не баяндап түсіндірмейді. Проблема қоя отырып түсіндіреді. Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, біріге отырып оны шешу жолдары мақсат етіледі. Оқушыларды іздендіруге, табуға жұмылдырады.
Оқушыларды іздену, зерттеу іс-әрекетіне кіргізу
Мұғалім оқушылар алдына проблема қояды, ол проблемаға балалардың назарын аударады, сабақ түсіндіру барысында сұрақ-жауап, басқа да өнімді тәсілдер арқылы оны шешуге түрткі жасайды.
Оқытудың зерттеу әдісі
Оқушылар проблеманы шешу үшін болжам жасайды, дәлелдеу, салыстыру, қорытынды шығару тәсілдерін, амалдарын іздестіреді. Өз беттерімен, өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді.
2.Сары қалпақ. Позитивті ойлау. Проблемалық оқыту технологиясы қай жағынан тиімді, пайдалы соны түсіндіруі керек.
Проблемалық оқытудың тиімді жақтары:
Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады;
Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды;
Оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады;
Оқытушы мен оқушылар арасында ізгілік қарым-қатынастар орнайды.
Проблемалық оқытудың тиімділігі – ол оқушының өз дербес іс-әрекеті арқылы проблеманы шешуі, сол жолдағы ізденісі, шығармашылық өнімге қол жеткізуі. Проблемалық оқыту арқылы өнімді, тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тарапынан проблеманы дәл, нақты қоя білудің де маңызы зор. Бұл технология оқушы – субъектінің дербес еңбегін талап еткенмен, мұғалімнің басшылығын, ақыл-кеңесін жоққа шығармайды.
3.Қара қалпақ – сары қалпаққа қарама-қайшы, яғни проблемалық оқыту технологиясының тиімсіз жақтарын көрсетеді.
Оқу-тәрбие ісінде кездесетін проблемалар:
Оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері;
Бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері;
Алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым, техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері төмен.
4.Қызыл қалпақ. Проблемалық оқыту технологиясын практикада қолдану, сабақ жоспарын түзіп, түсіндіру.
5.Жасыл қалпақ – бұл шығармашылық ойлау, салыстыру қалпағы. Дәстүрлі оқыту мен проблемалық оқытуды салыстыру.
Дәстүрлі оқыту
|
Проблемалық оқыту
|
1.Проблема қойылмайды.
|
1.Алдағы проблема қойылады.
|
2.Мұғалім тарапынан тапсырмалар – берілетін жауабы дайын, қарапайым тапсырмалар.Нақты жауап оқулықта, қосымша материалдарда да бар.
|
2.Дайын жауабы жоқ, проблема шешуді талап ететін, зерттеушілікті, шығармашылықты қажет тететін тапсырмалар.
|
3.Оқушы – нысан. Ол- орындаушы. Мұғалім жетекшілігі, басшылығы үстем болады.
|
3.Оқушы – субьект.Ол дербес ізденуші.Еш нәрсені қайталамайды,дайын дүниені көшірмейді, өзінің ізденісі,зерттеуі арқылы проблеманы шешуге талаптанады. Мұғалім – ақылшы, кеңесші, ұйымдастырушы, бағыт беруші.
|
4.Сыныптағы барлық оқушыларға арналған тапсырмалар.
|
5.Оқушыларды жан-жақты дамытуға, жеке тұлғаға, оның қабілетін арттыруға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар.
|
6.Көк қалпақ – бұл философиялық, пысықтау қалпағы. Бұлар өзге қалпақтардың айтқандарын талдап, пысықтап, қорытынды шығарады. Яғни сабақты бекітеді.
Проблемалық оқытудағы оқушының шығармашылық іс-әрекетін былай тұжырымдауға болады:
Оқу материалының мазмұнын талдау, саралау;
Проблеманы ашу, өнім жасау, шығармашылық еңбекке қол жеткізу;
Қорытынды жасау, өзіне-өзі баға беру, саралау
Проблемалық оқыту технологиясы туралы зерттеуші ғалымдардың ой-пікірлері:
Г.Ю.Ксензова. “Основной ситуацией, порождающей процесс творческого мышления, является проблемная ситуация”.
В.Оконь. “Под проблемным обучением, мы понимаем совокупность таких действий, как организация проблемных ситуаций, формулирование проблемы, оказание учеником необходимой помощи в решении проблем, проверка этих решений, руководство процессом систематизации и закрепления приобретенных знании”.
Г.Ю.Ксензова. “Проблемная учебная задача – это задача позволяющая освоить общий принцип решения практических задач”.
Проблемалық оқыту технологиясын топтастыру:
Проблемалық оқыту технологиясы
Бағалау: студенттер бағалау парақтары және жинаған фишкалары арқылы бағаланады.
Сабақты бекіту: INSERT түртіп алу стратегиясы арқылы бүгінгі сабақты қорыту:
Ү
Білетінім
|
-
Білгеніме сәйкес келмейтіні
|
+!
Мен үшін жаңалық, таңқалдырды
|
?
Тереңірек білгім келеді
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Үйге тапсырма: Проблемалық оқыту технологиясын пайдаланып сабақ жоспарын түзу, көрнекіліктер жасау.
2 гейм «Кім жылдам?»
Термин сөздердің мағыналарын (аудармаларын) екі топ жылдам қима қағаздарға жазуы керек.
1-топ.
Инновация –
Методика -
Интерактивті –
Технология -
Модуль –
Гуманизм –
Мультимедия –
Педагог –
Ментор –
Тьютор –
репетитор –
форма –
индивид –
құжат -
2 гейм «Кім жылдам?»
Термин сөздердің мағыналарын (аудармаларын) екі топ жылдам қима қағаздарға жазуы керек.
2-топ.
Өзара әрекеттесу -
шеберлік өнері-
жаңаша –
әдіс-тәсіл –
құрылым –
ақпараттық орта-
ізгіліктік –
бала жетектеуші –
оқушы кеңесшісі-
ғылыми жетекші-
емтихан-тестке даярлаушы-
тысқы бейне-
жеке тұлға –
куәлік -
Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар
______________________________________________
______________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1-топ сұрақтары:
1.Педагогикалық технология ұғымы – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу. (В.М.Монахов)
2. «Технология» сөзінің мәні – шеберлік өнері
3.Қазақстан ғалымдарының технологиясы – Ж.А.Қараев «Деңгейлеп оқыту технологиясы»,М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы»,Ә.Жүнісбеков «Жеделдетіп оқыту технологиясы», Тұрғымбаева Г. «Дамыта оқыту технологиясы», Ұзақбаева С. «Көркемдік тәрбие жұмысы»
4. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының авторы – Джинни, Л.Стил; С.Крутис;Меред ит;Чарльз Темпл
5.Ш.Амонашвили кім? - Шалва Александрович Амонашвили
Жаңашыл педагог, профессор, психология ғылымдарының докторы, академик.
Негізгі идеялары және педагогикалық ұрандары: ынтымақтастық педагогикасы, жеке тұлғаны демократияландыру. Ш.А.Амонашвили 6 жасар балаға тәрбие және білім берудің мазмұнын, принциптерін, тиімді әдістерін ғылыми негіздеп, оны мектеп тәжірибесі арқылы дәлелдеді. Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты тәрбиелеуде гуманитарландыру идеясын жүзеге асырды. Ұраны: "Тәрбие процесінің барлық салаларында әр баланың жеке басына құрметпен қарау".
6.Д.Дьюи қай технологияның авторы? – Жобалап оқыту технологиясының
7.Ынтымақтастық педагогикасымен мұғалімдер қай жылдары эксперимент жұмыстарын жүргізді?
8.Е.Н.Ильин жүйесінің формуласы -
9.Ш.Амонашвилидің кітаптары – «Школа жжизни», «Созидание человека», «Антология гуманной педагогики», «Здраствуйте, дети!», «Как живете, дети»
10.Ғалымдардың пед.технологияға берген анықтамалары
2-топ сұрақтары:
«Инновация» сөзінің мәні – жаңа, жаңаша
Білім беру технологиясының жіктелуі – Қазақстан ғалымдарының технологиясы, Ресей ғалымдарының технологиясы, АҚШ және Европа ғалымдарының технологиясы
Ынтымақтастық педагогикасы туралы қай газетте жарияланды? – «Учительская правда»
Е.Н.Ильин қай пәннен сабақ берген және оның ұстанымы? – әдебиет пәнінен сабақ берген және ол әдебиеті адамды қалыптастыру пәні ретінде қараған.
Проблемалық оқыту технологиясына кезінде үлес қосқан ғалымдар – Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский
6.Проблемалап оқытудың басты белгілері-
Білімді проблема негізінде баяндау
Мұғалім сабақты жай хабарлап, не баяндап түсіндірмейді. Проблема қоя отырып түсіндіреді. Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, біріге отырып оны шешу жолдары мақсат етіледі. Оқушыларды іздендіруге, табуға жұмылдырады.
Оқушыларды іздену, зерттеу іс-әрекетіне кіргізу
Мұғалім оқушылар алдына проблема қояды, ол проблемаға балалардың назарын аударады, сабақ түсіндіру барысында сұрақ-жауап, басқа да өнімді тәсілдер арқылы оны шешуге түрткі жасайды.
Оқытудың зерттеу әдісі
Оқушылар проблеманы шешу үшін болжам жасайды, дәлелдеу, салыстыру, қорытынды шығару тәсілдерін, амалдарын іздестіреді. Өз беттерімен, өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді.
7.Жобалап оқыту технологиясы қалыптасқан мемлекет – АҚШ-та
8.Ш.Амонашвилидің атқарған қызметтері -
9.Модульдік оқыту технологиясының авторы – М.Жанпейісова
10.Ж.Қараев технологиясының атауы – Дейгейлеп- саралап оқыту технологиясы
Достарыңызбен бөлісу: |