Тiл үйренушілердің жазылым іскерлігін дамыту р. И. Дүйсенбаева



Дата11.01.2017
өлшемі67,89 Kb.
#6637
ТIЛ ҮЙРЕНУШІЛЕРДІҢ ЖАЗЫЛЫМ ІСКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

Р.И.Дүйсенбаева

Жазылым тіл үйренушіге қиын да күрделі жұмыс. Жазба жұмысының барысында тіл үйренушілердің білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдап, сұрақ қоя білуге, қажетті деректерді теріп алуға, сөздікпен жұмыс істей алуға үйренеді. Жазу жұмыстарының ішінде диктанттардың маңызы зор.

Диктант жазу талаптары:

1. Диктанттың өткізілетін түрі екі-үш күн бұрын тіл үйренушіге айтылып, олардың қалай дайындалуы керек екендігі (қайталау, жаттау, т.б.) ескертіледі.

2. Диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс, яғни өткен сабақ материалдары негізінде алынады. Егер мәтін құрамында өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады.

3.Диктанттың қай түрі болсын мәтін орфоэпиялық заңға сүйеніп, кідіріс (пауза) жасап, негізінен үш рет оқылады.

4.Мәтінді жазбас бұрын тіл үйренушілерге оны бар ынта-зейінімен тыңдап, мазмұны бойынша жазу, ауыр тиетін сөздерді қадағалап отыру тапсырылады.

5.Оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң барып жазуға кіріскен жөн. Шала естіп, мағына, мазмұнын түсінбей қалған тіл үйренуші оқытушының екінші рет оқуын күтеді. Оқытушы мәтінді ең баяу жазатын тіл үйренушінің үлгеріп жазу жылдамдығын сақтап оқиды. Диктант түрлеріне тоқтала кетейік. Үйрету, әріп, буын, сөз, сөйлем, түсіндірмелі, өздік, шығармашылық, сөздік, терме, ескерту, бақылау сияқты диктант түрлері бар. Әрбір диктант түрінің жазу дағдысын дамытуға өзіндік ерекшелігі, тиімділігі, мақсаты мен міндеттері бар. Диктант өзіндік ерекшелігі бар сабақ. Өзінің өткізілу тәсілі жағынан да, дидактикалық мақсаты жағынан да өзгеше. Белгілі әдістемеші ғалымдардың сабақты дидактикалық мақсатына қарай бірнеше түрге бөліп жүргені белгілі. Ал, диктант жазбаша бақылау – тексеру сабағына жатады. Сонымен бірге диктантты өзінің алдына қоятын мақсат, мазмұны жағынан қайталау, жинақтау немесе білім сапасын анықтау сабағы деп те атауға болады. Сауаттылықты пысықтау мақсатында мынадай диктант түрлеріне тоқталайық.

Үйрету диктанты. Үйрету диктанттарының аты, мазмұны, көлемі әр түрлі болғанымен, олардың алдына қойған мақсаттары бірдей: таныту, үйрету, жаттықтыру, дағдыландыру, меңгерту. Сондықтан үйрету диктанттарында қолданылатын әдіс-тәсілдер ұқсас болады. Үйрету диктанттары негізінен жаңа ғана өтілетін немесе екі-үш күн бұрын өткен материалдарға тән ерекшеліктерді жете меңгертуге ыңғайлы әрі тиімді болып келеді. Мұнда оқытушы қай тіл үйренушіге қандай сұрақтар қоятынын алдын-ала ойланып, әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктерді соған орай пайдаланғанда ғана еңбек нәтижелі болмақ, яғни тіл үйренушілердің білім олқылықтарын дәл танып жұмыс жүргізу оқытушының ізденгіштігі мен байқампаздығына байланысты.Үйрету диктанттарының тағы бір ерекшелігі – тіл үйренушілерді ойлануға, ізденуге, өз ойларын салыстыру әдісі бойынша дәлелдеп айта білуге және өз беттерімен жұмыс істей білуге жаттықтырады. Бұл тіл үйренушілерді құлшындырып, өз ісіне деген сенімділігін арттырады.

Әріп диктанты. Әріп диктантын жаздыру мақсатымыз – шет елден келген азаматтар мен өзге ұлт балаларына қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы фонемалық, орфографиялық ерекшеліктерге байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтарын және оларды жаза білуді қаншалықты дәрежеде меңгергендіктерін білу. Өйткені әріп диктанты барлық жазу жұмыстарының іргетасы.

Буын диктанты.Әріп диктантын жазып, әрбір дыбыс пен әріптің орфоэпиялық, орфографиялық өзгешелігін, үндестігі мен ұқсастығын салыстыру әдісі арқылы саналы түрде түсінген тіл үйренушілер үшін буын диктантын жазу онша қиындық келтірмейді. Мәселе сол өздері үйренген, өздеріне таныс қазақ тіліне тән дауысты, дауыссыз дыбыстардың ауызекі сөйлегенде өздігінен буын құрап барып айтылатын заңдылығын және әріптердің бір-бірімен қосылып жазылуын саналы түсіндіру – буын диктантының шешуші мақсаты. Ол үшін тіл үйренушілер дауыссыз дыбыстардың дауыстылар тәрізді жеке айтылмай, қы, ғы, ме, кі, гі, не, ың, т.б. түрінде дауыстымен қосылып айтылатынына, ал ы, і, ұ, ү, ә, е дыбыстарын жеке айтумен бірге олар арқылы ыңылдап, ән салуға да болатынына (мысалы, а-а-а, о-о-о, е-е-е, т.б.) көздерін жеткізу керек. Бұл буын диктантын тез меңгеріп кетуге үлкен көмегін тигізеді. Дауыстылардың жеке тұрып та буын құрайтыны, буындардың жуан, жіңішке болуы дауыстыларға қатысты екендігі сабақ сайын дыбыстық талдау барысында айтылып отыруы қажет. Сөз диктантының жеңіл болатын себебі – ол тіл үйренушілер меңгеріп болған дыбыстар мен буындардан құрылады. Мұндағы мақсат – сөздердің бір, екі, үш, төрт, одан да көп буыннан құралып, белгілі бір ұғымды білдіретінін дыбыс (әріп) және буынмен салыстыра отырып түсіндіру. Сөз диктантын жазу үстінде тіл үйренушілер фонетикалық, орфграфиялық, лексикалық талдауларға жаттыға бастайды. Сондықтан сөз диктантында әріп, буын диктанттарындай көру, терме, өздік, сөздік, шығармашылық диктанттарды жиі жүргізу өте қажет. Сонда ғана тіл үйренушілердің сөздік қоры толыға түседі

Сөйлем диктанты. Диктанттың бұл түрі алғашқылардың бәрінен де күрделі. Өйткені бұл бір, екі, үш, төрт, бес, одан да көп сөздерден құралып, аяқталған ойды білдіреді.Сөйлем диктантын жаздырудағы мақсат – тіл үйренушілерге сөйлемнің сыртқы құрылымын таныту және оны құрай білуге машықтандыру. Мәтіні өзгертілмеген диктанттар ішіндегі күрделісі – түсіндірмелі диктанттар. Бұл диктанттар дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің, әріптер тіркесінің, тасымалдың, біріккен сөздердің, қос сөздердің, қысқарған сөздердің, зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің, тұйық етістіктің, үстеулердің, шылау сөздердің емлелеріне байланысты жүргізіледі. Түсіндірме диктант екі түрге бөлінеді: есту диктанты, көру диктанты. Есту диктанты емле ережелерінің шегін ажырата отырып, тіл үйренушілердің есту қабілетін арттыруға байланысты орындалады.Көру диктанты емлені айыра отырып, тіл үйренушілердің көру қабілетін дамыту мақсатында жүргізіледі

Өздік диктанты Өздік диктантының өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Тіл үйренушілер өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер мен жатталған өлеңдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды естеріне түсіріп, өздігінен ойланып отырып жазады. Оқытушы өздік диктанттың қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін тіл үйренушіге алдын-ала ескертіп қояды. Сонда тіл үйренушілер үйден шала жаттаған өлең, жұмбақты, жаңылтпаштар мен ережелерді қарап, жаттап келетін болады.

Шығармашылық диктанты. Диктанттың бұл түрі – үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, стиль, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі тіл үйренушілердің ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін көрсетеді. Сондықтан бұл диктант шолу, қорытындылау, қайталау сабақтарында жиі жүргізілсе, тиімді болады.

Сөздік диктанты. Сөздік диктанты сабақтың кез келген уақытында жазылады. Оған тіл үйренушілердің жыл бойы меңгеруге тиісті термин сөздері, омоним, антоним сөздері және жазылуы қиын сөздер алынады. Текстің көлемі 5-10 сөзден аспауы керек. Сөздік диктантын көру, өздік диктанттары ретінде де, оқытушының ауызша айтуы бойынша да жаздыруға болады.

Терме диктанты. Диктанттың бұл түрі кез келген ережеге негізделіп жүргізіледі. Оқытушы диктант мәтінін оқымастан бұрын қандай ережеге көңіл аудару керектігін ескертеді. Тіл үйренушілер мәтінді түгел жазбай, оқытушы оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады.

Бақылау диктанты. Бұл диктант айына бір не әрбір үлкен тақырып, тараудың соңында өткізіледі. Бақылау диктанттары тіл үйренушілердің бұрын өтілген материалдарды қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатымен жүргізіледі.

Диктант үшін қысқа сюжетті мәтін алынады да, көлемі жөнінен де, мазмұны тұрғысынан да біртіндеп күрделеніп отырады. Бақылау диктанты төмендегіше жүргізіледі:

а) үзіліс кезін пайдаланып, оқытушы диктант тақырыбын, мәтін ішінде кездесетін қиын сөздерді тақтаға жазып қояды;

ә) оқытушы диктант мәтінін екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;

б) егер диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркестерінен немесе оған негізделген сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзін, сөйлемін оқытушы үш рет оқиды.Тіл үйренуші жазар алдында әрбір сөзді көңіл қоя тыңдап, ұғып алғаннан кейін ғана жазуды ұсынады. Оқытушы тіл үйренушілердің түгелдей жазуын қадағалап, ең баяу жазатын тіл үйренуші жазып бітісімен, келесі сөйлемді оқиды.

Диктант мәтініне ең алдымен танымдылық, тәрбиелік талап қойылатыны белгілі. Мәтіннің тәрбиелік мәні танымдық, білімдік мәнінен бөлек алып қаралмайды, тұтас бірлікте қаралады. Мұның үстіне мәтіннің тіл үйренушілерге бұрыннан таныс болуы талап етіледі. Мұнда әңгіме мәтін туралы немесе оның тақырыбы, мазмұны туралы емес, әңгіме мәтіннің құрамына енген жеке сөздердің тіл үйренушілерге бұрыннан таныстығы туралы болып отыр.

Мәтін оқылып болғаннан кейін, тіл үйренушілердің өздерін қатыстыра отырып, жазылуы қиын сөздерді, бейтаныс сөздерді анықтау керек. Егер мәтінде ондай сөздер кездессе, тақтаға жазып беруге болады. Әдетте ондай сөздерді көптеген оқытушылар баста-ақ тақтаға жазып қояды. Егер сөйлем шұбалаңқы болмай, қысқа, тұжырымды, жай сөйлем түрінде болып келсе, оны екі рет оқу жеткілікті. Ал сөйлем күрделі, құрмалас сөйлем түрінде келсе, оны бөліп оқуға тура келеді.

Диктант көлемі жөнінде қазақ тілін шет тілі ретінде оқитын тіл үйренушілер үшін:

Бастауыш топ үшін (А1-А2) 10- 20-50 сөз

Жалғастырушы топ үшін (В1)20- 60-100 сөз


Қолданылған әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас : теориясы мен әдістемесі. – Алматы: РБК, 2000ж.

2. Пассов Е.И. Основы методики обучения иностранным языкам.

М.: издательство Русский язык, 1977, С.300.



3.Оразбаева Ф. Тiлдiк қатынас: теориясы жəне əдiстемесi. – Алматы, 2000. – 208б.

4. Абдразахова Ф.Ж. Қазақ тілін шетелдік студенттерге жазылым əрекеті арқылы үйрету əдістемесі (жоғары оқу орындарының филология факультетіне арналған): пед.ғыл.канд. автореф. – Алматы, 2003. –29 б. 3.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет