Мұғалімнің аты-жөні:
|
Оспанова Гулнур Абдисалыковна
|
Пән/Сынып:
|
Биология, 10 сынып, ЖМБ
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
1сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
1-тарау. Молекулалық биология және биохимия
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жердегі тіршілік үшін судың маңызы
|
Оқу мақсаты:
|
10.4.1.1 Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру
|
Бағалау критериі:
|
Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсінеді
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақы-ты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
1 мин
|
Ұйымдасты-
ру
|
Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Біз сіздермен 10 сыныптың алғашқы сабағыныан бастап төменгі сыныптарда өткен тарауларды тереңдете отырып жалғастырамыз.
Біз сіздермен «Молекулалық биология және биохимия» тарауын бастаймыз.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жердегі тіршілік үшін судың маңызы
Бүгінгі сабақта:
• Жердегі тіршілік үшін судың маңызын түсінесіздер;
Сіздің меңгеретініңіз:
Судың қасиеттеріне негізделе отырып, оның маңызын түсінесіздер.
|
|
|
|
Презентация Слайд 1
Слайд 2
|
7-8 минут
|
Жаңа сабақ
|
Су – таза күйінде сутек пен оттектің химиялық байланысы болып табылатын мөлдір,түссіз сұйықтық.
Табиғаттағы су
жер шары беткейінің 71% -ын су алып жатыр;
табиғаттағы су айналымынына қатысады;
фотосинтез процесіндегі негізгі рөлдердің бірін атқарады;
жер бетіндегі климаттың қалыптасуынада судың тікелей қатысы бар;
жер бетіндегі температуралық режімді реттейді;
жер бетіне түсетін ультракүлгін сәулесінің әсерін әлсіретеді;
Адам тіршілігіндегі су
тірі организмдердің барлығы ерте кездерде тіршілігін судан бастаған;
ағзада зат алмасу процестеріне белсене қатыса отырып қоректік заттардың тасымалдануы мен сіңірілуін қамтамасыз етеді;
адамның денесінің 65% судан тұрады, 20% суды жоғалтқанда жасушаларда болатын қайтымсыз өзгерістердің нәтижесінде адам қазаға ұшырайды;
статистикалық мәліметтер бойынша бір адам жылына тамақтану үшін 60т-ға дейін су қабылдайды
Судың айналымында маңызы бар биологиялық процестерге транспирация жатады, ол өсімдік тіршілігі үшін аса қажетті де күрделі процесс болып табылады.Транспирация-бұл өсімдіктің жасыл бөліктерінің суды буландыруы. Транспирацияға жұмсалатын судың мөлшері(судыңшығыны)сол өсімдіктің түріне, ауа райына және топырақтың ылғалдылығына байланысты болады.
Су табиғатта үш түрлі күйде болады: қатты, сұйық және бу түрінде.
Таңғаларлық жайт, Жер бетінде тек судың ғана қатты күйіндегі тығыздығы сұйық күйіндегіден төмен. Міне, сондықтанда мұз суға батпайды, ал су айдындары түбіне дейін қатпайды (егер экстремалды аса суық температура болмаса)
Судың ластануы. Судың ластануы деп су айдындарының зиянды заттармен, өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен қанығу процесін айтады. Мұның нәтижесінде су өз қасиетінің көп бөлігін жоғалтады және ары қарай қолдануға жарамсыз болып қалады.
Ластанудың негізгі көздері:
1) мұнай өңдейтін кәсіпорындар;
2) ауыр металдар;
3) радиоактивті элементтер;
4)улы химикаттар;
5) қалалық құбырлардан және мал шаруашылығы фермаларынан қалдықтардың ағып шығуы.
Дүниежүзілік мұхитқа жыл сайын 13 млн т-дан астам мұнай өнімдерінің қалдықтары төгілетіні туралы ғалымдар талайдан бері дабыл қағуда. Анығырақ айтқанда, Тынық мұхитқа олардың 9млнт-ға жуығы, ал Атлант мұхитына 3млн т-дан артығы төгіледі екен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша қазіргі кездің өзінде біздің ғаламшарда таза табиғи судың бірде-бір қайнар көзі қалмаған. Тек басқаларына қарағанда ластануы сәл төмендеу су айдындары ғана бар көрінеді. Бұл жағдай біздің өркениетімізге апат қаупін төндіреді, өйткені адамзаттың сусыз тіршілік етуі мүмкін емес. Ал оны алмастыратын ешнәрсе жоқ.
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
|
|
Презентация
Слайд 3
https://youtu.be/VSQkOTbEhWM
Слайд 4
Слайд 5
Слайд 6
https://youtu.be/9AkNAx4tqsY
|
8 минут
|
Тәжірибе
|
Тапсырма №1. «Су байлықтарының табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы» сызбанұсқасын толтырыңыз .
өзен, көлдер
теңіздер
мұздықтар
жер асты сулары
№ 2 Тапсырма. Тіршілік мүмкін болмайтын негізгі факторларды жазыңыз. Осылардың арасында су нешінші орында тұрғанын анықтаңыз.
|
Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру
|
|
Дескриптор:
-су байлықтарының түрлерін түсінеді;
Дескрипторлар:
-тіршілік мүмкін болмайтын негізгі факторларды жазады, судың маңызын түсінеді;
|
Слайд 7
Слайд 9
|
3 минут
|
Бекіту
|
№3 тапсырма
Егер үйдегі шүмекті жабуды ұмытып кеткен жағдайда (су жіңішке ағынмен ағып тұрса)1сағатта (тәулік бойы) 1 литр су ағады деп есептейік. Ал, еліміздегі суық су тарифі 1 куб метр су үшін 64 теңгені құрайды десек, есептей беріңіз, жылына қанша ақша үнемсіздік үшін төленіп жатырсыз? Суды үнемдеу ережелерін құрастырыңыз
Жауабы:
Су тамшылап тұрған краннан тәулігіне 24 литр, айына 720 литр, жылына 8 мың 784 литр су ағады. Ал, еліміздегі суық су тарифі 1 куб метр су үшін 64 теңгені құрайды десек, үнемсіздік үшін жылына 562 тг төленіп жатырсыз
|
Тақырыпты меңгергенін анықтау
|
|
Дескриптор:
судың үнемсіз аққан мөлшерін есептей отырып маңыздылығын түсінеді;
|
Презентация
Слайд 11
|
1 мин
|
|
Бүгінгі сабақта:
|
|
Түсіндім
|
|
Түсінуді қажет етеді
|
|
Түсіне алмадым
|
|
|
|
|
|
Слайд 13
|