Дипломдық жоба рұқсатсыз қатынас құрудан ақпаратты қорғауға


 Ақпаратты рұқсатсыз қатынас құрудан қорғау



Pdf көрінісі
бет17/41
Дата09.04.2022
өлшемі3,55 Mb.
#138631
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Байланысты:
Дипломды жоба р сатсыз атынас рудан а паратты ор ау а
биология тест сурактары, 2 тур Информатика, 125 приказ 2022
2.4 Ақпаратты рұқсатсыз қатынас құрудан қорғау 
Ақпаратқа рұқсатсыз қатынас құру – ақпаратты рұқсатсыз оқу, көшіру, 
өзгерту және жою. Ақпаратқа рұқсатсыз қатынас құру біреудің атын қолдану 
арқылы, құрылғылардың физикалық мекен-жайларын өзгерту арқылы, 
ақпараттық және бағдарламалық қамтамаларды өзгерту арқылы, ақпарат 
тасуыштарды ұрлау арқылы және оқу-жазу аппараттарын орнату арқылы жүзеге 
асырылады. Өз деректерін сақтау үшін пайдаланушы рұқсатсыз қатынас 
құрудың жолдары туралы толық мәлімет алу керек. Осы жолдарға мыналар 
жатады: 

ақпарат тасымалдауыштарды ұрлау

ақпарат тасымалдауыштарды көшіру; 

тіркелген пайдаланушы ретінде кіру

операциялық жүйелердің және бағдарлама тілдерінің кемшіліктерін 
пайдалану; 

«трояндық ат» сияқты бағдарламалық блоктарды қолдану

электронды сәулелерді жолай ұстау; 

акустикалық сәулелерді жолай ұстау; 

қашықтан суретке түсіру; 

тыңдау құрылғыларын қолдану; 

қорғау механизмдерін қасақана істен шығару, т.б. 
Ақпаратты рұқсатсыз қатынас құрудан қорғау үшін келесі шаралар 
қолданылады:

ұйымдастыру шаралары; 

техникалық қамтама; 

бағдарламалық қамтама; 

криптография. 
Ұйымдастыру шараларына келесілер кіреді: 

өткізу режимі; 

тасуыштарды және құрылғыларды (диск, монитор, пернетақта және т.б.) 
сейфте сақтау; 

компьютерлер залына шектеулі адамдарды кіргізу. 


34 
34 
Техникалық қамтамаға ақпаратты түрлі техникалық аппараттар арқылы 
қорғау жатады: 

фильтрлер; 

пернетақтаны бұғаттауға арналған кілт фильтрлер

аутентификация құрылғылары; 

электронды-микросұлбалы кілттер; 

бағдарламалық қамтамаға ақпаратты түрлі бағдарламалық жүйелермен 
қорғау жатады; 

құпиясөзбен кіру; 

экранды және пернетақтаны түрлі перне комбинациялары арқылы 
бұғаттау; 

BIOS құпиясөзді жүйені қолдану. 
Криптографиялық әдіске ақпаратты шифрлау үрдісі жатады [3]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет