Джурабеков Габит Нармухаммедович 7 сынып тәуекел хан



Дата05.06.2017
өлшемі56,25 Kb.
#17573
түріСабақ
Джурабеков Габит Нармухаммедович

7 СЫНЫП ТӘУЕКЕЛ ХАН
58 Ә. Марғұлан атындағы жалпы орта мектебі

Сарыағаш ауданы, ОҚО, Жібек жолы ауылы

«Тексерілді»

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

__________________К. Б. Тасболатова

Қысқа мерзімдік жоспарлау

Пәні: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы



Сабақ тақырыбы: Тәуекел хан

Мектеп: Ә.Марғұлан ж.о.м.

Күні: 10.03.2017 жыл.

Мұғалімнің есімі: Джурабеков Г.Н.

СЫНЫП: 7 «а» сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушылар Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының жағдайын түсінеді, қазақ-өзбек қатынастарының шиеленісуін талдайды.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Тәуекел ханның Баба Сұлтанды шайқаста жеңіп, таққа отыруын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тәуекел ханның ішкі-сыртқы саясатын ашып беріп, әскери жорықтарының бағыттарын көрсете алады.

Кейбір оқушылар:

Тәуекел хан жайлы тың деректерді жинақтап, оның саясатын бағалай алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Тәуекел хан мен Абдаллах хан арасындағы шайқастарды кестеге түсіріп, талдай алады.




Негізгі сөздер мен тіркестер:




Баба Сұлтан, Абдаллах, «Ант беріскен шарт», Африкент, Ходжент.




Сыныптағы диалог/жазылым үшінпайдалы тілдік бірліктер:




Талқылауға арналған тармақтар:




Тәукел ханның Сыр бойындағы қалаларды иеленудегі мақсаттары қандай болды?




Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?




Тәуекел хан өз мақсатына жетті деп ойлайсыз ба?




Жазылым бойынша ұсыныстар:




Тақырыптағы негізгі хронологиялық даталарды дәптерге жазу.

Алдыңғы оқу

Хақназар хан қай жылдары билік жүргізді? Хақназар хан өлгеннен кейін Қазақ хандығының тағына кім отырды деп ойлайсыңдар?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 15мин.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Сергіту сәті(тыныштық сәті).

  3. Топқа бөлу (1 үй 4 тұрғын)

  4. Өткен тақырыпты талдау (Кім жылдам әдісі). Әр топ бірлесіп, жылдам түрде берілген сұрақтарға жауап береді.




Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, С.Жолдасбаев. Алматы «Атамұра» 2016, Қазақстанның саяси картасы, электронды карта, кеспе қағаздар.

Ортасы

20 мин.

Жаңа сабақ:

Сабақ басында «Жылдар сөйлейді» әдісімен тақтаға тақырыпқа байланысты даталарды жазып қоямын.

Миға шабуыл (Тәуекел ханның суреті проектордан көрсетіліп, тақырыпты ашады).

Жигсо әдісі



  1. Тәуекелге дейінгі Қазақ хандығының жағдайы.

  2. Тәуекел хан тұсындағы хандықтың сыртқы саясаты.

  3. Қазақ-өзбек қатынастары.

  4. Орыс мемлекетімен қарым-қатынас.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, С.Жолдасбаев. Алматы «Атамұра» 2016, Қазақстанның саяси картасы, электронды карта, АКТ. “Аласапыран” М.Мағауин.

Аяқталуы

10 мин.

Сабақты бекіту: “Желпуіш” әдісі. Әр топ бірлесіп сұрақтар түзіп, басқа топпен алмасып жауап береді. Сұрақтарды талдап болған соң сабақ басында тақтаға жазылған даталарды оқушылардың өздері ашады.

Оқушыларға «Тәуекел - батыр», «Тәуекел - дара» тақырыбында топ болып бір шумақ өлең жазуларын сұраймын.

Қорытынды:

Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының жағдайы қандай болған екен?

Үйге тапсырма: Тәуекел хан. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу.


Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, С.Жолдасбаев. Алматы «Атамұра» 2016, Қазақстанның саяси картасы, электронды карта, кеспе қағаздар.

Қосымша ақпарат : “ Аласапыран” М.Мағауин, «Тәуекел хан» бейнеролик.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

А) Тәуекел ханның Өзбек хандығына байланысты саясатына қандай баға бересіңдер?

Б) Тәуекелдің Бухара қаласын жаулай алмауының себептері неде деп ойлайсыңдар?

С) Тәуекел хан Ташкент қаласын қашан жаулап алды?


Кері байланыс.

  1. “Бас бармақ”

  2. “Бес саусақ”

1.География, қазақ әдебиеті.

2.Электронды картаны АКТ-да қолдану.



3.Отаншылдық, батылдық, табандылық, эстетикалық тәрбие.

Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтаға жауап беріңіз.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. ...




  1. ...

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. ...




  1. ...

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білді?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет