Дүкен негізгі мектебі



Дата28.06.2017
өлшемі15,19 Kb.
#20460
түріСабақ

Мұқағали Мақатаев

  • (1931-1976)
  • “Аққулар ұйықтағанда”

Дүкен негізгі мектебі

  • Сабақ авторы: Сәрсенов Серік Сағынбайұлы
  • қазақ тілі мен әдебиеті
  • пәнінің мұғалімі

Сабақтың эпиграфы:

  • “Менің қымбатты достарым! Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Жанымның мұңы мен қуанышы, бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын.”
  • Мұқағали
  • 14 ақпан, 1976 жыл.

Қос аққу

Сабақтың мақсаты:

  • білімділік- поэманың мазмұнымен толық таныстыра отырып, аққу үні мен қасиетінің айнала қоршаған ортамен үндестігіне, ақынның сезімі мен әрбір сөздің орынды қолданысына, ананың психологиялық жай-күйіне оқушылар назарын аудару.
  • тәрбиелік- поэма идеясы арқылы “киелі”, “қасиетті” сөздерінің дәстүрлік, ырымдық, тәрбиелік ұғымын ашу, туған жердің, Жетімкөлдің сұлулығына сүйсіндіру, баласынан айрылған ана, ақ мүсін аққуынан айрылған Жетімкөл қасіретін сезіндіре отырып, өмірлік ұстанымға бағыттау.
  • дамытушылық- оқушылардың ой-өрісін, таным-түсініктерін кеңейте отырып, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

  • Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, “Оқу мен жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлау” стратегиясы. (шығармашылық жұмыстар)
  • Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, сабақ жоспары жазылған плакат, аққулы Жетімкөлдің қолдан салынған суреті, музыкалық орталық. (күй фонында оқылған поэма, күй “Күрең күз”)
  • Пәнаралық байланыс: география, музыка, бейнелеу өнері

Сабақтың жоспары:

  • Ұйымдастыру.
  • Тақырыпты хабарлап, мақсатты айқындау
  • Автор жайлы қысқаша мәлімет беру (оқушы)
  • “Аққу” (Н.Тілендиев) күйінің фонында поэманы тыңдату.
  • Жазба жұмысы (үш қатар үш бөлімді тезистеу)
  • Сөздік жұмысы
  • Поэманың әр бөліміне ат қою.
  • Мәтінмен жұмыс “Жылқышы мен ана диалогы” (проблемалық сұраққа жауап табу )
  • Шығармашылық тапсырма (Эссе “Қасиет пен қасірет”)
  • Поэзия минуты (Қош енді , қош бол, күрең күз .)
  • Қорытынды “Жетімкөлге хат”
  • Бірін-бірі және өзін-өзі бағалау.
  • Үйге тапсырма:
  • 1. Қандай киелі аң,құстарды білесің? (жазбаша)
  • 2. Автор болсаң, баланы ауруынан қалай емдер едің? (ауызша)
  • 3. Поэма бойынша өз тұжырымың? (1 сөйлеммен)

Мұқағали-мәңгілік ғұмыр

  • Ақ қырау тұрған ақпанда,
  • Ағаштар сырға таққанда,
  • Бозарып атқан ақ таңда,
  • Есіңе мені алғайсың,
  • Есіңе мені алғайсың
  • Автор
  • ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын Мұқағали Мақатаев Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты – Мұхаметқали. “Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады” – деп әрі еркелетіп, қысқартып Мұқағали деп атап кеткен.
  • Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді.
  • Мұқағали-жыр еліне ауыз әдебиетінің мөлдірінен сусындап, ұлы Абайдың тереңіне бойлап, өзіне дейінгі ақындарды пір тұтып, орыс пен еуропа, шығыс әдебиеттерінен тәлім алып келген ақын.
  • Ақын шығармалары оқушысының жүрегіне мәуле түсіреді. Ол туған жерін, халқын және тілін жанындай сүйді.
  • Мұқағали-ғасырдың ғаламат ақыны.

“Бүгінде самғауы биік қазақ жырының сырлы өлкесімен орын тепкен Мұқағали Мақатаевтың саңлақ үні халық санасына сіңді деп айтуға негіз бар. Ақынның шыншыл, сыршыл қоңыр даусы әдебиет әлеміне орнықты. Асқар Егеубаев

  • Мұқағали Шет елдер институтында оқыған. Қазақ радиосында, “Қазақ әдебиеті” газетінде, “Жұлдыз” журналында қызмет істеген.
  • Ең алғашқы кітабы “Ильич” поэмасы 1964 жылы жарық көрді.
  • “Армысыздар, достар?” (1966 ж.)
  • “Қарлығашым келдің бе ?” (1968 ж.)
  • “Мавр” (1970 ж.)
  • “Дариға- жүрек” (1972 ж.)
  • “Аққулар ұйықтағанда” (1974 ж.)
  • “Чили, шуағым менің” (1975 ж.)
  • “Өмір-дастан” (1976 ж.)
  • “Өмір-өзен” жинағы қайтыс болған соң жарық көрді.

Сөздік жұмысы:

  • сызат-
  • байызын-
  • налытпастан-
  • шойрылтып-
  • аракідік-
  • тәуіп-
  • бошалаған-
  • тегішін-
  • сүле-сопа-
  • қораштанған-

Жылқышы мен ана диалогы

  • Жылықышы:
  • -Мен атқа, қайт ауылға, тағат қыл да,
  • ... Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?!
  • Аққуға кезенерде, ырым жасап,
  • Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?
  • (қандай мән бар?)
  • Ана:
  • -Әлек боп, арпалысып сор – қайғымен,
  • Жоқ, ата, жасамадым ондайды мен...
  • Жасымнан естігенім бар-тын еді,
  • Әйтеуір аққу атқан оңбайды деп...
  • (не себепті?)

Эссе

  • “Қасиет пен қасірет ”
  • Самал Әлбілекова:
  • “Қасиет”, “киелінің” ұқтым мәнін,
  • Мен әлі салғаным жоқ ғашық әнін.
  • Аққудай киелі құс келтіретін
  • Жылаған “Жетімкөлдің” әсем сәнін.
  • Айсұлу Арыстанбаева :
  • “Қасірет” сөзі маған ұнамайды,
  • Қасірет шекпеген жан жыламайды.
  • Тәуіп сөзі соқтырды қасіретке,
  • Асыққан, алданған жан тұралайды.

Поэзия минуты

  • Қош енді, қош бол, күрең күз,
  • Ақ қысты тездеп жібергіз.
  • Ақ қыстай аппақ бір елміз,
  • Шымшылап біраз жүрерміз,
  • Шынығып өмір сүрерміз,
  • Қош енді қош бол, “күрең күз”
  • Автор

Эпилог

  • ... Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым,
  • Жерді аңсаймын...
  • Жалғыз-ақ сол- арманым.
  • Қиын екен, қимасың екі бірдей
  • Көз алдыңда ғайып боп жоғалғаны...
  • Көрдің бе бір-біріне дөп келуін,
  • Бірі қырсық бір қырсықпен шектелуін?
  • Балам-ай, мынау өмір-дарияның
  • Білмейсің қайда екенін өткелінің.
  • Аққулар...
  • Аңыз көп ғой олар жайлы,
  • Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды...
  • Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,
  • Шошыса, екінші рет оралмайды.
  • * * *
  • Орнында екен Жетімкөл жоғалмапты,
  • Ортаймапты немесе тола алмапты.
  • Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,
  • Қасиетті аққулар оралмапты.

Қорытынды:

  • “Жетімкөлге хат ”
  • Қонысбаева Айдана:
  • Жыламашы, қайғырмашы, Жетімкөл!
  • Сен жазықсызсың! Сені сұлу аққуыңнан айырған шерлі ананы түсінуге тырысшы! Сенің тамаша тыныштығыңды бұзған “гүрс” еткен мылтық дауысын ұмытшы ! Өмір қуаныш пен қайғыдан, ақ пен қарадан тұрады емес пе? Мен әлі жаспын. Бәлкім, сенің жаралы жаныңның жан азабын түсінбейтін шығармын. Жаралы Жетімкөлім, сен жетім емессің. Саған М.Шахановтың:
  • Кім айтты саған
  • Асауды мінілмейді,-деп,
  • Тұлпарды сүрінбейді-деп,
  • Ақ көйлек кірлемейді , -деп,
  • Қара ешкі мүжіген ағаш
  • Қайтадан гүлдемейді ,-деп деген өлеңін оқи отырып, жігер бергім келеді. Біз, келер ұрпақ, сізге аққуыңды қайта оралтамыз. Бізге сенші...

Ей , өмір! Ақындық рух.

  • Жазылар естеліктер мен туралы,
  • Біреулер жан еді дер өөр тұлғалы.
  • Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
  • Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
  • Мұқағали

Соңы:

  • “Аққулар ұйықтағанда” тақырыбым,
  • Мұқаңдай менің де іште жатыр үнім.
  • Тыңдаған әріптестер , рахмет!
  • Талпынған түсінуге ақын жырын!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет