Дүниежүзінің саяси картасы Курстық жұмыс



Дата13.11.2019
өлшемі74,29 Kb.
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Жаратылыстану және география институты

Елтану және туризм кафедрасы


Тақырыбы: "Дүниежүзінің саяси картасы"
Курстық жұмыс


5В011600 - география

Орындаған: Ерсайынова Шолпан

Қабылдаған: доцент Увалиев Т. О.

Алматы - 2017

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ТАРАУ. ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 

1.1 Жалпы карта және саяси карта туралы түсінік
1.2. Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері
1.3. Қазіргі саяси картаға тарихи.географиялық шолу

1.4. Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер аумақтары

1.5. Дүниежүзінің қазіргі саяси картасындағы түйінді мәселелер  

2 ТАРАУ. ДҮНИЕ ЖҮЗІ ЕЛДЕРІН ТИПКЕ БӨЛУ

ЖӘНЕ ТОПТАСТЫРУ




2.1. Қазіргі дүние жүзі елдерінің көптүрлілігі және типологиясы
2.2. Экономикасы дамыған және өтпелі экономикалы елдер 
2.3. Дүние жүзі елдерінің жіктеліп топтастырылуы
3 ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  АЛАТЫН ОРНЫ

Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Саяси картаның мазмұнының анықтамасы бойынша, дүние жүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны, саяси – әкімшілік құрылымы бейнеленеді. Сонымен қатар саяси картада басты саяси – географиялық өзгерістер: жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді.



Мазмұны жағынан бір қарағанда қарапайым болып көрінетін саяси картада, әдетте, мемлекеттер мен олардың шекаралары, әкімшілік – аумақтық жіктелуі, астанасы мен ірі қалалары бейнеленеді. Мұның негізінде дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара қарым – қатынастарға, сондай – ақ мемлекеттік шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық қақтығыстарға қатысты күрделі мәселелер жатыр. Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде. Оған әрі түрлі факторлар ықпал етеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты: халықаралық қатынаста саяси картаның алатын орнын анықтау

Зерттеу міндеттері:
- Дүниежүзілік саяси қатынастардың теориялық аспектілерін зерттеу;
- Дүниежүзілік саяси карта түсінігін ашу;
- Халықаралық қатынастарда саяси күштердің топтасуына талдау жасау;
- Қазіргі заманда халықаралық қатынастарға талдау жасау;
- Халықаралық қатынастарда саяси күштердің орналасуын зерттеу;
- Халықаралық экономикалық қатынастарға анықтама беру;
- Халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасының алатын орнын анықтау.

1 ТАРАУ. ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 



1.1 Жалпы карта және саяси карта туралы түсінік


Карта (немісше Karte – түпнұсқа; грекше chartes – жазуға пайдаланылатын папирус парағы) – Жер бетінің, жұлдызды аспанның немесе оның бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана отырып, шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген бейнесі (үлгісі). Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың өзгеруін, батпақтанудыңелді мекендер мен жолдардың сипатын, т.б. анықтауға болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысын, саралық және сандық сипаттарын анықтайды.

Картаның өндіріс пен шаруашылықтағылым мен елдің қорғаны- сында маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру жүргізуде, жоспарлауда, әр түрлі құрылыс ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады;



Карта — Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір картографиялық проекцияда жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап бейнелеу. Қолданылу мақсатына қарай керекті мәліметтер көрсетіледі.

Дүние жүзінің саяси картасы - Жер шарының мемлекет шекаралары, астаналары, ірі қалалары мен жол қатынастары көрсетілген географиялық картасы.

Дүние жүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны, саяси – әкімшілік құрылымы бейнеледі. Сонымен қатар саяси картада басты саяси – географиялық өзгерістер : жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді. Мұның негізінде дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара қарым – қатынастарға, сондай – ақ мемлекеттік шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық қақтығыстарға қатысты күрделі мәселелер жатыр. Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде. Оған әрі түрлі факторлар ықпал етеді. Жер шарының бетінің жер ауданы 510,2 млн км кв.


1.2. Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері

Дүние жүзінің казіргі саяси картасының қалыптасуына адамзаттың тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ықпалы зор. Бұл — өте ұзақка созылған, мыңдаған жыл тарихы бар процесс. Адамзат қоғамының дамуы бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Осыған сәйкес дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуының да әр түрлі кезеңдері бар. Қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйене отырып, дүние жүзі саяси картасының қалыптасуын төмендегідей кезеңдерге бөлеміз: ежелгі, ортағасырлық, және қазіргі заманғы. Осы себепті саяси картаны "дәуір айнасы" деп бекер айтпаймыз.

Ежелгі кезең (б. з. V ғ. дейін) — алғашқы қауымдық құрылыстың соңы мен құл иеленушілік дәуірді толық қамтиды. Жер шарындағы ең алғашқы мемлекеттік құрылымдар — Египет, Ежелгі Қытай, Парсы патшалығы, Финикия, Ассирия, Ежелгі Грекия мен Рим империясының және басқаларының дамуымен немесе күйреуімен сипатталады. Осы мемлекеттер әлемдік өркениетке зор үлес қосты. Сол кезеңде жер бөліктеріндегі негізгі келбетті өзгерістер әскери күш қолданысы арқылы жеңіске жеткендердің есебінен жүзеге асырылды.

Келесі ортағасырлық кезеңде (V—XV ғғ.) саяси картаның қалыптасуы феодализм заманымен тұстас келеді. Феодалдық мемлекеттердің саяси билік құрылымдары құл иеленушілік құрылыстан гөрі күрделі әрі жан-жақты еді. Оларда жер аумақтарын жаулап алу мүддесі айқын байқалып отырды. Осы себепті ұлан-байтақ жерді мемлекеттер үнемі бөлісумен келді. Ол заманда жер шарының көптеген аймақтарының саяси картасы өте тұрақсыз еді. Ондай мемлекеттер сапында: Византия, Араб халифаты, Киев Русі, Шыңғыс хан және Осман империялары, Франция мен Англия, т.б. болды.



Жаңа кезең (XV ғ. соңынан — XX ғ. басына дейін) — капитализм дәуірінің пайда болуына, өрлеуіне және орнығуына сәйкес келеді. Капиталистік қоғамдық қатынастардың бас кезінде болған Ұлы географиялық ашылулардың өзі Жаңа Дүние материктеріне жол салып, дүние жүзі картасын үлкен өзгеріске ұшыратты. Ол адамзат баласына жат құбылыс — отаршылдық, құлдар саудасы және еріксіз түрде өз діндерін жергілікті ұлт өкілдеріне күштеп таңуға ұласты. Әсіресе дүние жүзінің саяси картасын бөлісу жолындағы күрес отаршыл мемлекеттер арасында XIX ғасырдың ортасынан XX ғасырдың бас кезіне дейін барынша еріді. Мұны біз Африка материгі мысалынан айқын көреміз. 1876 жылы осы материктің бар-жоғы 10%-ы еуропалық мемлекеттердің отары болса, ал 1900 жылы бұл көрсеткіш 90%-дан асты. XX ғасырдың басында дүние жүзінің саяси картасы түгелдей өзгеріп, ендігі жерде оны күштеп қана қайта бөлуге тура келді. Ол ірі державалар арасында әскери-саяси топтар құруға және оны қайта бөлісу үшін болған аймақтық қақтығыстар мен Бірінші дүниежүзілік соғысқа әкеліп соқты.


1.3. Қазіргі саяси картаға тарихи-географиялық шолу.
Қазіргі заманғы, яғни саяси картаның қалыптасуындағы ең жаңа кезеңнің басталуы Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен тұспа-тұс келіп, ол бүгінге дейін созылуда.

XX ғасырдың басында жер шарында тәуелсіз дербес мемлекеттер саны 55 болса, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары олардың саны 81 -ге жетті. Бұл елдердің Исландиядан басқасы өз саяси тәуелсіздіктеріне қол жеткізе алған Азия құрлығының жас мемлекеттері болды. Олардың қатарында осындағы аса ірі елдер — Үндістан, Индонезия, Пәкстан, Филиппин, т.б. бар (қосымашдағы 2-кестені қараңдар). Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар аралығы мен одан кейінгі уақыт казіргі саяси картаның бірінші немесе алғашқы кезеңі деп аталады. Бұл кезең Ресей, Австрия-Венгрия, Осман империяларының ыдырауымен, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО), т.б. мемлекеттердің құрылуымен және социалистік жүйе елдерінің саяси картада пайда болуымен сипатталады. Сонымен бірге осы кезең аймактың қақтығыстар мен дүниежүзілік соғыстарды болдырмай, ауыздықтау сипатында құрылған халықаралық ұйым — Ұлттар Лигасының (ҰЛ) (1920 ж.), әсіресе қазіргі кездегі аса беделді Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) (1945 ж.) құрылуымен ерекшеленеді.

1950 жылдардың соңында егеменді мемлекеттердің саны 92-ге жетті. Енді Азия елдерімен қатар Африка құрлығындағы елдер де саяси бостандық алды. Ең алдымен, оның солтүстігіндегі араб елдерінің көп бөлігі, оның артынша тропиктік Африкада — Гана (1957 ж.) ең бірінші болып, ал келесі жылы Гвинея өз тәуелсіздіктерін алды. 1960 жыл «Африка жылы» болып есептелінеді. Өйткені тек осы жылы аталған материктің 17 елі өз егемендіктеріне ие болды. Отаршылдықты жою процесі басқа материктерде де қарқынды түрде дамыды.

Осы заманғы саяси картаның алғашкы кезеңі мен 1980 жылдардың соңғы межесіне дейінгі уақытты шартты түрде оның екінші кезеңі дейді. Бұл кезеңде отарлық империялар ыдырап, олардың орнында ұлт-азаттық қозғалыстар нәтижесінде дамушы елдер деп аталынатын жүзден астам жас тәуелсіз мемлекеттер саяси картада пайда болды.

1990 жылы планетамызда егеменді ел 171-ге жетті. Алайда осы жылдың мамыр айында, ұлттық-этникалық құрамы негізінде екі Йемен — Солтүстік жәнеОңтүстік Йемен Араб мемлекеттері қосылып, Арабия түбегінде жаңа мемлекет — Йемен Республикасы пайда болды. Ал қазан айында екі Герман — Батыс және Шығыс Германия мемлекеттері бірікті. Келесі жылы Берлин қаласы Германия Федерациялық Республикасының астанасы болып жарияланды. Осы себепті 1991 жылдың қаңтары карсаңында дүние жүзінің саяси картасында егеменді мемлекеттердің саны 169-ға дейін қысқарды.

1991 жылдың қыркүйек айында Балтық маңы елдері — Литва, Латвия және Эстония тәуелсіздіктерін алды. 1991 жылдың соңында КСРО ыдырағаннан кейін, оның орнында егеменді, жас тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Олар: Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Армения және Грузия республикалары. Осы аталған мемлекеттер енді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрды.

Югославия Социалистік Федеративтік Республикасында басталған саяси науқан қарулы қақтығыстар мен соғысқа айналып, ақырында оның ыдырауына әкеліп соқтырды. Югославияның құрамындағы бұрынғы одақтас республикалардың орнына келесі тәуелсіз мемлекеттер пайда болды: Словения, Хорватия, Босния және Герцеговина, Македония. Тек Сербия мен Черногория республикалары ғана алғашқы — Югославия Одағына бірікті, кейіннен федеративтік құрылымдағы аталмыш республикалар атауымен қайта жаңғарды. Бірақ осы екі республика арасында, әсіресе Сербияның Косово және Метохия аймағында саяси даудамайлар әлі де өршіп тұр.

Сол сияқты Босния және Герцеговинадағы үш қауымдастықтың бір-бірімен қарама-қайшылықтары (серб, хорват және мұсылман қауымдары) мен екі жақты саяси кереғарлықтар (хорват мұсылман және серб топтары арасындағы) осы уақытқа дейін толық шешуін таппай отыр. Ал Македонияға келсек, оған Грекия үкіметі іштей өзінің қарсылығын өлі білдіруде. Оның басты себебі — елдің «Македония» деп аталуына келіспеушілігі. Жалпы, Македонияның Югославия құрамына ену кезінен қалған Болгариямен арадағы өзара түсініспеушіліктері тағы бар. Осы екі мемлекеттің Македонияның БҰҰ-ға мүше болып кіруінде дауыс беруде қалыс калуына байланысты Югославия құрамында болған басқа республикаларға қарағанда оның БҰҰ-ға мүшелікке енуі біраз кешеуілдеді.

1993 жылдың қаңтарында Чехо-Словакия Федерациялык Республикасы өзінің бірігіп өмір сүруін тоқтатып, оның орнында тәуелсіз екі мемлекет: Чехия және Словакия республикалары құрылды. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының осы үшінші кезеңіне өзіміз куә болып отырмыз. Біртұтас Кеңес Одағы, Югославия және Чехо-Словакия Федерацияларының бұрынғы республикаларының егемендік алуы, социалистік жүйенің ыдырауы мен басқа да тәуелсіз мемлекеттердің (Эритрея, Палау, Шығыс Тимор) пайда болуы және бүгінгі таңдағы дүние жүзі картасындағы кептеген саяси өзгерістерді осы соңғы кезеңге жатқызамыз.

Қазіргі кезде дүние жүзінің саяси картасында 200-ден астам егеменді тәуелсіз мемлекеттер бар. Бүгінгі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымына 194 мемлекет мүше (қосымшадағы 1-кестені қараңдар). Жоғарыдағы жаңадан құрылған мемлекеттер БҰҰ-ның құрамына, оның Бас Ассамблеясы сессиясының шешімі бойынша қабылданды. Мысалы: бұрынғы КСРО мен Югославия республикаларын БҰҰ-ға қабылдау рәсімі 1992 жылдың көктемінде жүзеге асты.


1.4. Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер аумақтары.
Егеменді мемлекеттермен қатар казіргі кезде дүние жүзінде 30-дан астам отар немесе тәуелді елдер мен жер аумақтары бар деп есептелінеді. Көптеген елдер Палестина мемлекетінің өміршедігін мақұлдайды. Ал кейбірі оны қолдамайды, себебі ол ав-тономиялық құрылымнан (1994 ж.) өлі егеменді елге толық айнала қойған жоқ.

Тәуелді елдерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады:

1. Отарлар,яғни БҰҰ-ның тізіміне ресми түрде тіркелген тәуелді аумақтар, бұларға бостандық берілуі қатаң түрде талап етіледі.

2. Негізгі аумақтар деп сөз жүзінде аталатын, ал іс жүзінде отар жер, бірақ олар БҰҰ-ның тізіміне кірмеген. Себебі оларды басқарушы мемлекеттердің мәлімдеуінше, олар «теңізден арғы департаменттер немесе аумақтар», «еркін қауымдастықтағы мемлекеттер», т.б. болып табылады. Мұндай жерлер Мұхиттық аралдар мен Кариб теңізі алабында жиі кездеседі. Бұл елдердің барлығы дерлік жер аумағы және халқының саны жағынан шағын мемлекеттер.

Отарларды жою процесі өлі де жүріп жатыр, бірақ өткендегімен салыстырған-да — баяу. БҰҰ-ның тізіміндегі ең ірі отарлық иелік — Намибия 1990 жылғы наурызда (халқы 1,9 млн) өз саяси дербестігін алды. 1976 жылдың ақпанында Испания иелігінде болған Батыс Сахара жері өз тәуелсіздігін жариялады. Бірақ Батыс Сахарада 15 жылға созылған қарулы қақтығыстан кейін (ұлт-азаттық. "Полисарио" майданы, Марокко жөне Мавритания арасындағы кақтығыс), 1991 жылдың қыркүйек айынан бастап соғыс қимылдары ресми түрде тоқтатылып, келіссөз жүргізілді. Кейіннен Мавритания үкіметі өзінің оған деген аумақтық талаптарынан бас тартты. Бұл жерде енді БҰҰ-ның ұйымдастыруымен референдум (тәуелсіздік немесе Мароккомен интеграция) өткізілмекші. 1996 жылдан бастап "Полисарио" майданы мен Марокко арасында тікелей келіссөздер ендігі жерде БҮҮ мандаты жүйесі тұрғысынан қайта жанданды. Бірақ өлі де толық бір мөмілеге келген жоқ, екі арада жөне бүл мәселеде Марокканың көршілес елдермен (Алжир, Ливия) арасындағы келіспеушіліктер бар.

Ал Сянган (Гонконг) мен Аомыньның (Макао) тағдыры еткен ғасырдың соңында анықталды. «Бір мемлекет — екі түрлі жүйе» ұстанымы негізінде ҚХР-дың құрамына енді. Қытай үкіметі Тайваньға да жоғарыда аталған ұстаным негізінде біртұтас мемлекет болып емір сүруді ұсынуда.

Жалпы отарларға келетін болсак, олардың көбісін метрополия бірінші кезекте әскери-стратегиялык мақсатта пайдаланылуда, сол сияқты отарлар олардың баска да саяси-әлеуметтік және көліктік-экономикалық қызығушылық-тарын туғызуда. Сондықтан отаршыл-метрополиялар оларды мүмкіндігінше өз қолында ұстап тұруға тырысуда. Осы себепті де Испания мен Ұлыбритания арасындағы Гибралтардың мөртебесі туралы тартыстың шегі жоқ сияқты . АҚШ-тың көптеген әскери-әуе және әскери-теңіз базалары оның отар аралдарында және онымен қоса Ұлыбританияға қарайтын Үнді мұхитындағы Чагос архипелагының аралдарында (олардың ішінде Диего-Гарсия да бар) орналасқан. Сонымен қатар осы Гибралтар бұғазындағы Испанияға қарасты Перехилъ (арабша аты—Ләйла)аралдары үшін Испания мен Марокко арасындағы талас та, мароккондық аумақта орналасқан испандық -Сеута және Мелилья (бұларды 1640 жылы Испания жаулап алған) қалалары төңірегіндегі дау-дамай да өршіп тұр (тақырыптағы — Еуропаның қазіргі саяси картасын қараңдар).

Франция өзінен шамамен 17000 км арақа шықтықта орналасқан Полинезияны 1958 жылдан өзінің «теңізден арғы аумағы» деп жариялап, онда (Муруроа аралы) мұхит кеңістігінде өлі күнге дейін ракеталық-ядролық қаруын сынақтан өткізуін тоқтатпай отыр (жұртшылыққа осыдан он шақты жыл бұрын мұндағы полигонында Францияның бірнеше дүркін ядролық жарылыстар жасағаны белгілі). Ал Францияның Оңтүстік Америкадағы тағы бір отары — француз Гвианасы «теңізден арғы департамент» болып саналады. Оның Куру қаласы маңында 1968 жылы салынған ғарыш орталығы мен ғарыш айлағын Франциямен қоса бірнеше Батыс Еуропа компаниялары да Жердің жасанды серіктерін ұшыруға бірлесіп пайдалануда.


1.5. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасындағы түйінді мәселелер.
Тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, дамуы, қалыптасуы немесе оның ыдырауы мен егемендігінің жойылуы, мемлекет атының өзгертілуі, астаналардың көшірілуі, шекаралардың өзгерісі, т.б. мөселелер аса күрделі тарихи-қоғамдық процесс болып табылады. Бұл процестер — саяси, әскери, әлеуметтік, экономикалық, діни, этникалық, т.б. көптеген ішкі және сыртқы факторлармен анықталады. Осындай жағдайда көптеген жылдар, кейде ғасырлар бойы, кейбір елдер мен халықтардың еміріндегі күрделі мәселелер қордаланып, шешілмей қалады. Солардың ішінде аумақтық және шекаралық келіспеушілік те аз емес .

Халықаралық, маңызы бар мұндай дау-шарлардың шығу себептері әр түрлі. Олар, негізінен алғанда, әр қилы таластартыстар, әсіресе соғыстар мен қакты-ғыстардың әсерінен немесе баска елмен шекара туралы шарт жасасқанда туын-дайды. Шекараны отаршылдардың, болмаса, жеңуші елдердің күшпен белгілеуі салдарынан олардағы этникалық жағынан біртекті халықтар тұратын аумақтар-дың белшектенуі де байқалып отырады. Сол сияқты шекараны табиғи шептер арқылы белгілеп жүргізудің қиындығы (Африка, Оңтүстік-Батыс Азияда, т.б.) немесе олардың жаңадан игерілген аумақтар арқылы жасанды геометриялық, және астрономиялық түзу сызықтар мен географиялық координаттар арқылы ойша жүргізілуі (Канада, Австралия) себептерінен болады . Мұндай аумақтарды — дүние жүзінің қазіргі саяси картасынан анық кәруге болады. Осындай «түзу сызғыш немесе циркуль бойымен алынған аумақтар» шекара дауының басты себептері болып табылады. Мәселен, Африка елдерінің шекарасының 1/3-і геометриялық және астрономиялық сызықтармен, яғни түзу сызықтар, параллельдер мен меридиандар бойынша жүргізілген. Онда мәдени-ұлттық аумақтар мен табиғи шептер ерекшеліктері тіптен ескерілмеген.

Халықаралық проблемалар жөніндегі мамандардың тұжырымдауынша, планетамызда — аумақтық, шекаралық, т.б. дау-жанжалдар ошағы болып табы-латын шамамен 300-дей пункт бар деп есептелінеді. Ал оның 100-ден астамында аса күрделі шиеленіскен түрдегі қарама-кайшылықтар бар. Мұндай «кикілжіңді еңірлер» тек сол елдердің шекара маңында ғана емес, кейде аса үлкен арақашық-тықтарда да байқалады (мысалы, Ұлыбритания мен Аргентина арасындағы даулы Оңтүстік Атлантикадағы Фолкленд аралдары).

Батыс елдері ғалымдарының бағалауынша, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі және өткен ғасырдың соңына дейінгі аралықта әлемде шамамен 450-ден астам әр түрлі масштабтағы екі-үш немесе одан да көп елдер араласқан қарулы қақтығыстар болған, яғни орта есеппен бір жылда он шақты рет . Әрине, мұндай көп жылдарға созылған дау-жанжалдардың, әсіресе соғыстар мен ірі қарулы қақтығыстардың белгілі бір себеп-салдары болады. Қақтығыстардың шығуының шамамен тең жартысына аумақтық және шекаралық даулар негізгі себеп болып табылуда. Осындай себептерден, Иран мен Ирак (1980—1988 жж.) арасындағы сегіз жылра созылған қантөгіс соғыс туды.

Үндістан мен Пәкстан арасындағы шекара, шын мәнінде, «діни шекара» болып табылады. Ал Жамму мен Кашмир штатындағы демаркациялық сызық мемлекеттік шекара ретінде әлі де тұрақталған жоқ. Ол осы екі ел арасындағы шешілмеген түйін күйінде қалып, олардың милитарландыру саясатына бой ұруына негізгі себеп болуда. Нәтижесінде — осы екі ел ядролық қақтығыс қаупінде тұр. 1990 жылдардың ортасында дүние жүзі бойынша 50-ге жуық соғыс әрекеттері тіркелген. Оның жартысы Азйяда, 1/3-і Африкада, ал қалғаны Латын Америкасында. Сол кезде Еуропада, Балқан түбегіндегі мемлекеттерде (бұрынғы Югославия) және Солтүстік Ирландияда соғыс қимылдары болған. Бүгінде өлемнің 40 елінде қарулы қақтығыстар әлі жалғасуда, ал дүние жүзі бойынша 25 миллионнан астам босқындар ресми түрде тіркелген. Қазіргі таңда халықаралық қатынастарда жаңа кезең туындап, аймақтық жанжалдарды саяси құралдар арқылы шешуге әлемдік қауымдастық бет бұрды. Оның ішінде бұл процеске егеменді еліміз Қазақстан өз үлесін үстемелеп қосып келеді.
2 ТАРАУ. ДҮНИЕ ЖҮЗІ ЕЛДЕРІН ТИПКЕ БӨЛУ ЖӘНЕ ТОПТАСТЫРУ

2.1. Қазіргі дүние жүзі елдерінің көптүрлілігі және типологиясы.
Дүние жүзінің қазіргі саяси картасында 240-қа жуық мемлекет пен жер аумақтары бар (қосымшадағы, 1-кестені қарацдар). Әлемнің сан алуан елдері бір-біріне мүлдем ұқсамайды және әрқайсысының өзіне тән қайталанбас қасиеттері бар. Мәселен, жер аумағы мен географиялық орналасуы, халқының саны мен құрамы, табиғат ресурстары мен шаруашылық салалары, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен оның сипаты, т.б. белгілеріне қарай ерекшеленеді. Осы себепті оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау арқылы жекелеген түрлерге бөлеміз. Әдетте, елдердід жалпы әлеуметтік-экономикалық деңгейі мен өндірістік қатынастарының даму дәрежесіне негіздеп саралау басым. Бұл негіздемелер елдерді типке бөлудегі басты белгілер болғанымен, оны біз мәңгілік өзгермейтін ұстаным деп есептеуімізге өсте болмайды. Сонымен қатар қазіргі құбылмалы дүниеде оның бір түрінен екіншісіне өту немесе қайта оралу процестері нақтылы түрде болып отыр.

Барлық топтағы елдерді дүние жүзінің саяси картасында типологияға бөліп жіктеу Қазан революциясынан кейін, әсіресе жүйелі түрде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі өзгерістерге байланысты әр түрлі саяси-қоғамдық құрылыстар негізінде пайда болды. Елдерді өткен ғасырдың соңғы онжылдығына дейін үш типке бөліп келді: социалистік, дамыған капиталистік, дамушы елдер.

ТМД және Шығыс Еуропадағы, сондай-ақ Азия мен дүниенің басқа бөліктерінің кейбір елдеріндегі бертіндегі біраз жылдар ішінде болған түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты «социализм жүйесі» типологиясы өзінің көп бөлігін жоғалтты. Бірақ қазіргі кезде социализм құрылысын ұстанып отырған мемлекеттер дүние жүзінде бар, олар Қытай Халық Республикасы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Корей Халық-Демократиялық Республикасы, Лаос және Куба Республикалары.

Жалпы экономикалық-географиялық типологияға статистикалық сандық көрсеткіштер негіз етіп алынғанымен де, бұл кешенді түрдегі географиялық типология. Әдетте, дүние жүзі елдерінің экономикасының әлеуметтік кұрылымында шаруашылықтың белгілі бір сферасы басымдық көрсетеді. Мәселен, дамыған елдерде басты орынды өңдеуші, әсіресе басқару және қызмет көрсету секторлары алады. Ал дамушы елдердің барлығы дерлік тарихи жағынан бұрынғы отар немесе жартылай отар елдер болғандықтан, шаруашылығы көп укладты әрі онда ауыл шаруашылығы (орман, балық, т.б.) және өндіруші (отын, шикізат, т.б.) өнеркәсіп салалары басым болады. Мәселен, көмірсутек экспорттаушы елдер (Біріккен Араб Әмірлігі, Кувейт, Бахрейн, т.б.)- Осы себепті оларда аграрлық, болмаса, минерал-шикізаттық мамандану мен әлемдік экономикалық жүйеге бағыныштылығы орын алады.

Елдердің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрлеуі тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің тек сандық қана емес, сапалық жағын да қарастырады. Негізінен, дамушы елдерге тән экстенсивті жолменен дамудан, интенсивті типтегі дамыған елдерде еңбек өнімділігі аса жоғары. Олар мұндай нәтижеге өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру, ҒТП мен технологияның озық түрлерін пайдалану және жұмыс күшінің мамандану дәрежесін арттыру арқылы жетіп отыр. Осы екі тип елдерінің сыртқы сауда байланысының жалпы көлемдері, оның қатынас түрлері мен құрылымдары да әрқалай. Дамыған елдерде экспортқа дайын өнімдер, озық технология, капитал шығару мен қызмет көрсету басым болса, ал дамушы елдерге отын, шикізат, азық-түлік тауарларын шығару және инвестиция тарту, сол сияқты жұмыс күшімен қамтамасыз ету, оның ішінде "ақыл-ойдың сытылуы" тән. Әсіресе экономикалық жағынан өсіп-өрлеуіне сыртқы сауда айналымы үлкен ықпал етіп отырған "ашық экономикалы" елдер бұл жағынан айрықша орында.

Осылайша дүние жүзі елдерін жалпы шаруашылығының сипаты мен оның түрлі бағытта даму ерекшеліктеріне орай топтастыра отырып, олардың ұлттық экономикасын жүйелеу арқылы 3 топқа бөлеміз: 1) өнеркәсібі дамыған (капиталистік) елдер; 2) өтпелі экономикалы кезеңдегі (бұрынғы социалистік) елдер; 3) дамушы елдер. БҰҰ даму деңгейінің қарқынының жоғарылылығынан емес, халық санының көптігі мен жер аумағының кеңдігі, ондағы табиғат ресурс-тарының молдығы мен өндіргіш күштерінің көлемі жағынан экономикалық әлеуетінің ауқымы аса үлкен Қытай мен Үндістанды да дамушы елдерге жатқызады. Сол сияқты Қытаймен бірге елі де социалистік елдер болып табылатын Солтүстік Корея, Вьетнам, Лаос, Кубаны және шаруашылығының әлеуметтік құрылымы мен даму деңгейлері жағынан жоғары дамыған елдермен шамалас келетін "негізгі дамушы" немесе "жаңа индустриялы елдер" — Бразилия, Мексика, Тайвань, Аргентина, Сингапур, Оңтүстік Кореяны да осы соңғы типке жатқызады.

Сонымен қатар бұл топ елдерін жіктеуде демографиялық көрсеткіштер де есепке алынады. Мәселен, халқының орта жасының ұзақтығы, туу мен өлім коэффициенттері, халықтың есу қарқыны, экономикалық тұрғыдағы белсенді адамдар үлесі, қала мен ауыл халқының арасалмағы, т.б. Соңғы уақытта халықтың әлеуметтік жағдайларын "өмір сүру сапасы" көрсеткіші бойынша талдау басты орын алуда. Бұл жерде: халықтың білім алуындағы деңгейі, денсаулық сақтаудағы қол жеткен табыстары, тағамдану сапасының дәрежесі, тұтыну заттары (автомобиль, компьютер, т.б.) және электр энергиясын, басқадай адамның жайлы да салауатты ғұмыр кешуіне қажеттіліктерді пайдаланудың жиынтығы, т.б. мәдени-тұрмыстық көрсеткіштер есепке алынады. Оқулық қосымшасындағы 6-кестедегі елдердің әлеуметтік-экономикалық керсеткіштерін салыстыру барысында, оларды 3 топқа жіктеуге болады. Алғашқы 3 ел дамушы елдер тобына, соңғы 3 ел дамыған елдер тобына, ал ортадағы 3 ел етпелі экономикалық елдер тобына жатады. Осы кестеде дамыған және дамушы елдер арасындағы алшақтық байқалады. Мәселен, Швеция жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) жан басына шаққанда Мозамбиктен ағымдағы рести валюта курсы (АРВК) көрсеткішімен 250 еседей, ал сатып алу қабілетінің паритеті (САҚП) өлшемімен 25 еседен аса артық өндіруде. Сонымен қатар енді бір дамушы елдер (Сингапур, Қатар, БАӨ, Бруней) бұл көрсеткіштер бойынша кейбір жоғары дамыған елдерден (Испания, Жаңа Зеландия, Грекия, Португалия) алда тұр. Былайша қарағанда дамыған және дамушы елдер арасында белгілі бір шек жоқ сияқты. Бірақ жоғарыда аталған тарихи және саяси қалыптасу барысындағы өзгешеліктері, олардың экономикалық және әлеуметтік дамудағы өзіндік ерекшеліктерімен сөйкестендіріліп, әлем елдері жалпы екі типке бөлініп қарастырылады.

Дамушы елдер топтарына берілген саяси-экономикалық анықтамаларда "социалистік бағыттағы" елдер туралы сипаттама ескерілмеген. Жалпы салыстырмалы түрде өткен ғасырдың 70—80-жылдарында олардың саны дүние жүзі елдері бойынша 20-дан астам болатын. Қазір бұл елдердің көпшілігі социализмнің болашағының жоқ екенінен әрі өздерінің саяси-әлеуметтік дамуы мен ішкі факторлардағы келіспеушілігінен социалистік бағытты ұстаудан ресми түрде бас тартты. Ал кейбір елдер ұлттық экономикасының құлдырауынан, азамат соғыстарының ұзаққа созылуынан, бүркемелі түрдегі шетелдік басқыншылықтың өрістеуінен, бұрынғы Кеңес Одағы және социалистік жүйедегі, т.б. елдерден берілетін қаржы-экономикалық және басқадай көмектің (әскери, техникалық) қысқартылуынан, т.б. осы сынды себептерге байланысты олар да социализмнен бас тартуға мәжбүр болды. Қазіргі кезде социалистік бағытты ұстанып отырған дамушы мемлекеттер дүние жүзінің саяси картасында іс жүзінде жоққа тән.

Типологиялық бөлінуге негіз етіліп, тек саяси-қоғамдық жағдай ғана есеп-телініп алынған жіктеушілік өзінің келешексіздігш көрсетіп отыр. 1970 жылдары Қытай, Югославия, Румыния, сәл кейін Вьетнам, Лаос және Куба өздерін дамушы елдерміз деп жариялады. Бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының басым көпшілігі (славян және Балтық маңы республикаларынан басқасы) қазір дамушы мемлекеттер болып табылады.

Басқаша мысал, Түрік үкіметі өзінің даму деңгейін дамушы елдер тобына кіретін елдерден жоғары санайды. Ол Түркияның, Еуропалық Одақ (ЕО) мүшелігіне өту тілегін ресми түрде жариялауда. Түркия ЕО-ның кейбір елдерін өзінің басты экономикалық көрсеткіштері бойынша қуып жетті. Түркия көптеген халықаралық еуропалық ұйымдарға мүше ел, онысын ЕО елдерімен барлық бағытта өте тығыз байланыста екендігімен дәлелдеуде. Сонымен қатар өзінің Еуропадағы 3%-дан астам аумағының және онда елдің аса маңызды мәдени әрі экономикалық орталығы Стамбұл каласының көп белігінің орналасқандығын тілге тиек етуде.

Сонымен, казіргі дүние жүзі елдерін, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне қарай: экономикасы дамыған және дамушы мемлекеттер деп екі түрге ажыратамыз. Бұлайша саралаудың мәні — оларды жалпы тану тұрғысында ғана емес, халықаралық ұйымдардың осы типтердегі жекелеген елдер топтарының даму проблемаларын зерттеп білу мен оны шешу үшін ұсыныстар беруде де практикалық маңызы зор.
2.2. Экономикасы дамыған және өтпелі экономикалы елдер.
Экономикасы дамыған елдерге БҰҰ сараптамасы бойынша: Батыс Еуропа елдері түгел, АҚШ, Канада, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия, Израиль, Оңтүстік Африка Республикасы, сол сияқты өтпелі экономикалы елдерге Шығыс Еуропа мен ТМД-ның кейбір елдері жатады. Дүние жүзі бойынша олардың жалпы саны 50-ден астам, ал қалғандары дамушы елдер болып табылады. Бұл топтағы елдер өз кезегінде ішкі айырмашылықтары мен әкономикалық даму деңгейіне, тарихи ерекшеліктері мен даму дәрежесіне қарай бірнеше топшаларға бөлінеді. Мысалы, дамыған елдер типологиясы құрамынан төрт топшаны бөліп көрсетуге болады. Олардың түгелдей дерлік экономикалық-әлеуметтік даму деңгейі мен экономикалық әлеуеті жоғары. Экономикасының құрылымы мен оның халық-аралық географиялық еңбек бөлінісіне қатынасу дәрежесімен және әлемдік өндірістегі бұл елдер үлесінің қомақты болып келуімен сипатталады.

Бұл жерде жинақтаушы көрсеткіш халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өндіруі болып табылады. Өйткені ол, БҰҰ типологиялық әдістемесі бойынша, елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің ең маңызды көрсеткіші болып табылады. ЖІӨ дегеніміз — сол елдің жер аумағында өндірілген барлық тұтынатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер, мемлекеттік сатып алу мен іске жұмылдырылған капиталдың жиынтық күны. Сонымен қатар бұл жерде осы елдің ЖІӨ ішінен шетелдік компаниялар әкелген инвестициялар мен олардың сыртқа аударылған кіріс пайдалары және шетелдік жұмысшыларға төленген еңбекақылары есепке алынбайтын жалпы, ұлттық өнім (ЖҮӨ) өндіру де көрнекті көрсеткіш. Аса маңызды осынау қос көрсеткіш елдердің экономикалық күш-куатының әлеуетін керсетеді. Осы себепті аса жоғары дамыған елдерде бұл көрсеткіштер арасында елеулі айырмашылықтар жоқ. Бірақ ЖІӨ өндірудің жалпы мөлшері және жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша жоғары тұрған — Сингапур, Оңтүстік Корея, Тайвань, Малайзия, т. б. елдерде жағдай керісінше қалыптасқан. 1998 жылы болған Азия-Тынық мұхит аймағындағы (АТА) инфляция бұл елдердің ұлттық экономикасын едәуір шайқалтты.

Сонымен қатар әлемдік экономиканың жай-күйі мен оның даму ырғағын білу мақсатында әрі дүниежүзілік масштабтағы экономикалық жағдайларды талдауда жалпы әлемдік өнім (ЖӘӨ) керсеткіші де қолданылады. ЖӘӨ дегеніміз — дүние жүзінің барлық елдері аумағында өндірілген ақырғы дайын өнімдер мен қызметтердің көлемін анықтайтын көрсеткіш. ЖІӨ өндірудегі, әдетте қолданыла-тын АРВК өлшемі, БҰҰ-ның халықаралық салыстырулар шегінде жүргізген зерттеулері бойынша дамуы кенжелеп қалған елдерде оны үш есеге дейін кемітіп керсетеді екен. Өйткені бұл елдерде тауарлық емес (бартерлік айырбас, үй шаруашылығын ұстау мен тұрмыс-тіршілікке қажетті заттар жасау, т.б.) секторлар ауқымының кең болуы себепті, онда өндірілген тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемін АҚІН долларының айналымдағы курсымен көрсетуде ЖІӨ мөлшері тіптен 40%-ға дейін азаюы мүмкін. Өз кезегінде ол дүниежүзілік өндірістегі дамушы елдер үлесінің аз болуына өкеліп, олардың ЖӘӨ-ге қатысты қарқынын да бәсендетеді. Сондықтан ЖӘӨ есептеулері АҚШ долларының кәдімгі ресми курсы бойынша емес, баламалы жол—САҚП негізінде жүргізіледі (қосымшадағы 5 -кестені қараңдар). Яғни, дүние жүзінің әрбір елдеріндегі бірыңғай азық-түлік торсебеті мен тауарлар жиынтығының күнына катысты САҚП бойынша, айырбас бағамы негізінде белгіленген валюталардың сатып алу қабілетінің салыстырмалы коэффициенті есебінде қолданылады. Осылайша есептеу өнеркәсібі дамыған жетекші елдер көрсеткіштерін орташа 20—30%-ға кемітумен қатар әлемдік экономикадағы негізгі топтар елдерінің арасалмағьш да өзгертеді. Мәселен, ЖӘӨ көлемінде дамыған Батыс елдерінің үлесі 55%-ға түсіп (ағымдағы валюта курсымен — 75%), ал дамушы елдердің мұндағы үлесін 40%-ға дейін көтереді (ал ресми валюта бойынша 19% болмақ).

Экономикалық даму деңгейі төмен елдердегі шығарылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер құнындағы еңбеқақы шығыны аз болуы себепті, олардың бағасы да арзан болады. Ал осы тауарлар мен қызметтерді ЖӘӨ жүйесіне лайық-тап бағалағанда, олардың бағасы 10 —15%-ға көтеріледі. Сыртқы қарыздар мен телемдерді, сондай-ақ елдер арасындағы капиталдар қозғалысы және тауарлар мен қызметтердің халықаралық тасқындары тәрізді маңызды көрсеткіштерді анықтауда (ЖӘӨ негізіне) көбінесе ағымдағы валюта курсы негізге алынады.

Валюталардың ағымдағы ресми курсына, сол сияқты оның сатып алу қабілетіне негізделген ЖІӨ есептеу жүйесін, әдетте, БҰҰ статистикалық мәліметтерінде қолданады. Ал Халықаралық Валюта қоры (ХВҚ) және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдары (ЭЫДҰ) өздерінің ЖІӨ және ЖӘӨ есептеулерінде тұрақты валюталық курсты қолданады. Бұл тәсіл бағалар мен валюталық курстардың салыстырмалы түрдегі тербелістеріне жол бермейді және әрбір елдің дүниежүзілік өнімдегі нақтылы үлес салмағын ағымдағы ресми валюта курсын қолданып, тура дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді.

Дамыған елдер тобына БҰҰ-ның типологиялық жіктемесі бойынша ЭЫДҰ-ға мүше 24 мемлекет пен Шығыс Еуропа және КСРО құрамында болған бұрынғы социалистік, ал қазір өтпелі экономиканы бастан өткеріп жатқан елдер енгізілген. ЭЫДҰ мүше елдердің Жапония мен Түркиядан басқаларының барлығы батысеуропалык немесе осы аймақтан бастау алған қоныс аударушы елдер. Бұлардың бәріне әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы бірыңғай ұлттық шаруашылық шегіндегі ұдайы өндіріс процесі, экономиканың интенсивті жолменен әрбуі, ендіргіш күштер дамуының жоғары деңгейі тән. Бұл елдерде дүние жүзі халқының 1/5 белігіне жуығы тұрса да, ол өзіне әлемдік экономика мен ғылыми-техникалық әлеуеттің негізгі бөлігін шоғырландырған. Батыс елдерінің жалпы шаруашылық дамуының деңгейі, олардың сыртқы және ішкі экономикалық саясаттары әлемдік рыноктың халахуалын, дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдық жаңғыруын, сондай-ақ әлемдегі ғылыми-техникалық өзгерістердің негізгі бағыттарын болжал анықтайды.

Бірақ кейінгі жылдардағы есептеулерде әлеуметтік салалардағы қол жеткізушілік мүмкіндіктері де ескерілуде. Мәселен, адамзат дамуының индексі (АДИ) көрсеткіштері есепке алынуда. Сондықтан да бұл типология елдері өз ішінде жалпы көрсеткіштері жағынан әр түрлі болып келетін топшалар түзеді (мұндағы ЖІӨ өндіру САҚП өлшемімен берілген):

1. Дамыған елдердің кешбасында тұратын топшасын әлемдік экономика мен саясатта көрнекті рел атқаратын Батыстың жетекші елдері құрайды. Оларды «үлкен алтылық» (АҚІП, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия), кәбінесе Канаданы қосып, «үлкен жетілік» елдері деп те атаймыз. Бүкіл дүние жүзінде жалпы ұлттық өнім мен өнеркөсіп өндірісінің жартысынан астамы осы елдер үлесінде. Жан басына шаққанда ЖІӨ өндіру 25000 доллардан (Италия) 40000 долларға (АҢІП) дейін жетеді.

2. Келесі топшаға Батыс Еуропаның дамыған кіші елдерін жатқызамыз. Бұлардың алдыңғы топшадағы елдерге қарағанда қуаты мен әлеуеті зор болмаса да, дүниежүзілік кейбір көлемді экономикалық-әлеуметтік мәселелерді шешуде алатын рөлі зор. ЖІӨ өндірудегі жан басына шаққандағы керсеткіші, әдетте, олардан кем түспейді.

3. «Қоныс аударушы капитализм» елдерін көбінесе жеке топшаға беліп карастырады. Бұлардың барлығы Ұлыбританияның бұрынғы отарлары — Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка Республикасы, сол сияқты Израиль де осы топшаға жатады. Олар іс жүзінде феодализм құрылысын басынан кешірмей, экономикалық дамудың өзгеше кешірме жолын ұстанды. ЖІӨ-ны жан басына шаққанда және оны өндіруде Канада мен Австралия алда. Ал ОАР басқа-лардан біршама артта (9000 доллар) қалуда.

4. Біріккен Ұлттар Ұйымының және кептеген халықаралық ұйымдардың ресми құжаттарында, Шығыс Еуропа мен ТМД елдері осы типологияның айрықша "өтпелі экономикалы елдер" топшасына біріктіріледі. Бұл елдердің көпшілігінде жан басына шаққанда ЖІӨ өндіру бірінші жөне екінші топша елдерінен анағұрлым төмен, тек кейбірінің (Чехия, Венгрия, Балтық маңы елдері) ғана көрсеткіштері үшінші топша елдерімен шамалас келеді. Бұлардың көбісі даму деңгейі жағынан дамыған және дамушы елдер шегіндегі аралық жағдай сипатындағы елдер. Осы топша ішінде бірқатар елдердің басшылары, жеңілдікпен несие және басқадай көмек түрлерін алу ниетімен өздеріне дамушы елдер мәртебесінің берілуін мәлімдеді. Ол өз кезегінде құпталды. Осындай елдер қатарында — Балқан түбегі, Кавказ сырты және Орталық Азия республикалары, сол сияқты Қазақстан да бар.

Дамушы елдер типі және олардың ала-құлалығы. Біріккен Ұлттар Ұйымы дүние жүзінің қалған барлық елдері мен жер аумақтарын дамушы елдер типологиясына жатқызады. Бұл — типология елдерінің жер көлемі бүкіл құрлықтың жартысынан астамын, ал Қытайды қоса есептегенде, жер шары халқыньің 70%-дан астамын құрайды. Олардың кейбірі (Қытай, Иран, Таиланд) бұрын жартылай отар күйін кешкен, ал біразы XIX ғасырдың басы (Латын Америкасы елдері) мен XX ғасырдың алғашқы жартысында (Шетелдік Азия елдері) өз тәуелсіздіктерін алған отар елдер. Осы типтегі басым көпшілік елдер отаршылдықтан өткен ғасырдын екінші жартысында ғана (Африка, Мұхиттық Аралдар, Кариб алабы, Азияның кейбір елдері азаттық алған дүние жүзінін 100-ден астам жас мемлекеттері. Осындай құрамы әр түрлі елдерді бірнеше топшаға біріктіреміз:

1. Дамушы елдердің ішінен табиғи-экономикалық және еңбек ресурсы қуаты жағынан аса көзге түсетін — Үндістан, Бразилия, Аргентина және Мексика сияқты елдер оның "негізгі елдері" аталынатын бірінші топшасын құрайды. Осы аталған мемлекеттер өнеркәсіп өнімін қалған дамушы елдердің барлығы бірігіп өндіргеннен артық береді. ЖІӨ өндіру дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай темен (7000—10500 доллар көлемінде), ал Үндістанда ол жан басына шаққанда бар-жоғы 2500 долларды құрайды.

2. Келесі Азияның жаңа индустриялы елдері, кейде «Азиялық айдаһарлар» деп аталатын бірнеше мемлекеттер мен жер аумақтарын кейіннен түзілген жеке топшаға жатқызамыз. Олар өздерінің қолайлы экономикалық-географиялық жағдайын тиімді пайдаланып, делдалдық қызмет пен экономиканың еңбекті көп тілейтін жаңа салаларын дамыту барысында Батыс Еуропаның кейбір дамыған елдерін басып озған — Корея Республикасы, Тайвань, Сингапур, Малайзия және Таиланд осы топшаның өкілдері. Бұларда ЖІӨ өндіру көлемі жан басына шаққанда жылына 6500—20000 доллар шамасында, ал Сингапурда — 25000 доллар.

3. Сыртқа көмірсутек, негізінен, мұнай мен газ және оның өнімдерін шығаратын елдер дамушы елдер типологиясында өз кезегінде шағын топшаны құрайды. Олардың көбі Парсы шығанағы алабында орналасқан, Ливия, Венесуәла, Бруней секілді елдер. Бұл елдерде мұнай сатудан түсетін пайданың арқасында жан басына шаққандағы ЖІӨ өндіру мөлшері орта есеппен 6000 — 18000 долларды құрайды (бұл көрсеткіш Катар, БАӘ — 21000 доллардан асады).

4. Ең үлкен топшаны дамушы елдер типологиясында, дамуы жағынан кенжелеп қалған елдер алады. Мұндағы елдердің ЖІӨ өндірудегі адам басына шаққандағы келемі 2000—5000 доллар аралығында. Нашар дамыған осы елдерге тән қасиет, көп укладты артта қалған экономикасында феодализм сарқыншақ-тары күшті сақталынуымен ерекшеленеді.

5. Біріккен Ұлттар Ұйымы келесі бесінші топша елдеріне дүние жүзінің дамымай қалған 40-тан астам мешеу елдерін жатқызады. Бұл елдерде ауыл шаруашылығының тұтынушылық түрі басым, өңдеуші өнеркәсібі болымсыз немесе жоққа тән, халықтың көпшілік бөлігі сауатсыз және жан басына шаққанда өндірілетін жылдық жалпы ішкі өнім орташа есеппен не бары 500— 2000 доллар мелшерінде.

БҰҰ саяси-коғамдьщ құрылысы мен өндірістік қатынастарында өзіне тән ерекшелігі бар Қытайды да дамушы елдер санатына жатқызады. Өйткені экономикасының жалпы көрсеткіштері мен өндіріс қарқынының жоғары болуына қарамастан, онда жан басына шаққандағы ЖІӨ өндіру дамыған елдермен салыстырғанда — аса тәмен. Бұған қарамастан қазіргі Қытай соңғы уақытта экономикасының өте жоғары қарқынмен өсіп дамуына байланысты әлемдік саясатта ғана емес, дүниежүзілік шаруашылыкта да аса маңызды рөл атқаруда.

Кейбір көрсеткіштері жағынан ірі дамушы елдер — Бразилия, Аргентина, Мексика, Үндістан дамыған елдер шамамен жақындап калды. Ал 1970—1980 жылдардан бастап Азияның жаңа индустриялы елдері — Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Гонконгтің экономикалары өте қарқынды өркендеді.

Соңғы жылдары Малайзия мен Таиланд елдері де қарқынды даму үстінде. Осы мәелелерден жалпы саяси-идеологиялық және әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне сәйкес үйленістіріліп алынған дүние жүзі елдерінің жіктелу типологиясы шартты түрде екендігі байқалады.



2.3. Дүние жүзі елдерінің жіктеліп топтастырылуы.
Дүние жүзі елдерін сандық және басқа да ерекшелік белгілеріне қарай жіктеп топтастырамыз. Ең алдымен, сандық белгілері бойынша көп таралғаны — елдерді жер аумағы көлемі мен халқының санына байланысты топтастыру. Мәселен, әлемде жер көлемі 3 млн км2-ден асатын ең ірі 7 ел көзге түседі. Сол сияқты халқының саны 100 млн адамнан асатын әлемде 11 ел бар. Олардың халқы бүкіл жер шары халқының 3/5 бөлігін құрайды. Дүние жүзі елдерін осындай сандық көрсеткіштері бойынша бірнеше сатыға бөліп топтастыруға болады. Әдетте, саяси картада орта және шағын мемлекеттер саны басым. Сонымен қатар «ергежейлі елдер» деп аталатын аса ұсақ елдер өз алдына жеке топ құрайды.

Дүние жүзі елдерін жер аумақтарының шектесіп орналасуына орай аймақтық топтастыру географияда кеңінен қолданылады. Мәселен, оқулық қосымшасындағы 1-кесте осындай ұстанымға негізделіп құрастырылған. Мемлекеттерді географиялық орнына қарай топтастыру жиі кездеседі. Бұл ретте олар: теңіз жағалауында, түбектерде, аралдарда, архипелагтарда орналасқан елдер болып бөлінеді. Осы жерде теңізге шыға алмайтын елдер өз алдына ерекше топ құрайды. Дүние жүзінде олардың жалпы саны 40-қа жуық, бұлардың сапында Қазақстан да бар. Мұндай қолайсыз географиялық жағдай, олардың әлемдік сауданың күре жолы — дүниежүзілік мұхитты және оның байлықтарын пайдалануды қиындатады.


3 ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  АЛАТЫН ОРНЫ
Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтаусаяси және экономикалық қарым-қатынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.

«Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтык мемлекет ретінде танытты».

Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық (социалистік жүйе — капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық және саяси беделіне ауысты.

1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сөйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында Қазақстан «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге» қосылды. Республика аумағында бірнеше жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі бірден-бір шешім — ядролық қарудан бас тарту еді. 1994 жылы үш мемлекеттің — Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар жөніндегі Будапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін сақтауға ҰлыбританияАҚШ және Ресей мемлекеттері өз кепілдіктерін берді. 1995 жылы оларға Қытай мен Франция қосылды. Сөйтіп, Қазақстанның төуелсіздігі, дербестігі, шекара біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты-басты ядролық державалар тарапынан кепілдікке алынды.

Ядролық қаруды өз жерінен көшіру үшін республика 84 млм доллар алды. 1995 жылдың 26 мамырында ядролық қарудың соңғы бөлшектері республика аумағынан әкетілді. 1995 жылдың 30 мамырында Семей сынақ алаңында қалған ең сонғы ядролық заряд жойылды.

90-жылдары әлемде бірқатар аса маңызды геосаяси және экономикалық өзгерістер болды. КСРО-ның ыдырауы, бұдан кейінгі Ресей жағдайын анықтау, бірігуге бет алған Еуропа мен реформадан кейінгі Қытайдың күшейе түсуі, бірқатар Азия аумағы мемлекеттерінің пайда болуы, жаңа халықаралық экономикалық жүйенің қалыптасуы, т.б. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан өзінің сыртқы саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді:

АӨСШК — Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес — 1992 жылдың қазан айында болды. БҰҰ Бас Ассамблеясында Н.Назарбаев бұл ұйымды қолдап сөз сөйледі.

Еуразиялық Одақ 1994 жылдың наурыз айындавы Мәскеуге сапары кезінде Н. Назарбаев бұл одақты құру жөнінде мәселе көтерді.

1992 жылдан бері Қазақстан Экономикалық өзара қарым-қатынас ұйымына Иран, Пәкстан, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Ауганстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Турікменстан, Өзбекстан мүше болды.

Қазақстанның геостратегиялық басымдылығы үш бірдей әлеуметтік-экономикалық және әлемдік қатынастардың саяси орталығына негізделеді. Олар Солтүстік Америка, бірігу бағытындағы Еуропа және Тынық мұхит  аймағы.  Орталық Азияда орын тепкен жас мемлекетке дүниежүзілік экономикалық кеңістікке шығу әлдеқайда тиімді.

Қазақстанның геосаяси жағдайы, қазақстандық өнімдерді дүниежүзілік рынокқа шығару жолдарын іздестіру қажеттігі жан-жақты халықаралық байланыстар орнатуға қосымша негіз болды.

Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандау үдерістері халықаралық құқықтың басты-басты қағидаларын алға қойып отыр. Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді.

Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰЕҚЫҰ (ОБСЕ) — (Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру банктері, Халыкаралық валюта қорыЮНИСЕФЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай.



1992 жылғы 2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясыныц (БҰҰ БА) 46-сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жәніндегі қаулыға қол қойылды. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып, Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметіне белсенді түрде қолдау көрсетті. 1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның, бейбітшілікті қолдайтын шараларына қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51 - мемлекетке айналды.

1998 жылы 16 қарашада БҰҰ БА-ның 53-сессиясы «Халықаралық ыңтымақтастық және тұрғындарды сауықтыру Қазақстандағы Семей аумағының экологиясы мен экономикалық дамуы мақсатындағы жұмыстарды үйлестіру» деп аталган қарар қабылдады. Қазақстан басқа да халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне айналды. 1998 жылы республика БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кенесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына кірді. Қазақстанның БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен (БКҚ) ынтымақтастығы кең түрде даму үстінде. Республикада «Бала мен ана денсаулығы», «Базалық білім беру», «Сумен қамтамасыз ету және санитария ісі» және басқа да бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1997 жылы Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару Кеңесіне мүше болды.

1996 жылы мамырда ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын ұйымы) делегациясының Алматыға сапары кезінде үлкел ғаламдық ЮНЕСКО бағдарламаларын («Адам және биосфера», «Халықаралық гидрология») жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. 1997 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас конференциясында Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқару Кеңесінің мүшелігіне қабылданды. 1994—1995 жылдарда ЕҚЫҰ-ның төмендегідей құрылымдарымен тұрақты ынтымақтастық байланыстар орнады: аз санды ұлттар жөніндегі институты, демократиялық институттар мен адам құқығы бюросы. 1999 жылдың қаңтарынан бастап Алматыда ЕҚЫҰ орталығы тұрақты жұмыс істейді.

Халыкаралық байланысты жүзеге асыруда Қазақстанның сыртқы саясаты дүние жүзінде қалыптасқан жағдайға байланысты көпбағыттылығын ескеру принципінен шығуы керек. Дүние жүзіндегі саяси және экономикалық үдерістердің ғаламдық сипаты жағдайында, жекелеген елдер қауіпсіздігіне кепілдік ұжымдық күш-жігермен ғана қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы өзімен шекаралас елдердің бәрімен сенімге негізделген тату көршілік қатынас орнатуға тырысады. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан қауіпсіздік жүйесін құруға арналған және халықаралық ынтымақтастықтың барлық деңгейіндегі қарусыздану ісіне міндетті түрде қатысады. Оның бірнеше деңгейі бар:

Қазақстанның ТМД-дағы халықаралық кауіпсіздік және қарусыздану саласындағы ықпалдастық саясаты;

Қазақстанның Азияда бейбітшілікті және тұрақтылықты қолдау туралы ұйым құру ұсынысы;

Қазақстан халықаралық БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б. ұйымдарға қатысып, қарусыздану және бейбітшілікті қолдау саясатын жүзеге асырады.

Қауіпсіздікке кепілдік алуға қол жеткізу үшін Қазақстан бірқатар сыртқы саясат әрекеттерін қарастырды. 1992 жылы  Ташкентте  Қазақстанның, ҚырғызстанТәжікстанБелоруссияАрменияӘзірбайжанГрузия мен Өзбекстанның басшылары бас қосып, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісімге кол қойды. Мемлекет басшылары жөнө ТМД Біріккен Қарулы күш Бас қолбасшыларынан тұратын Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі құрылды. 1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда АӨСШК мүшелері — 15 мемлекеттіц Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті.

1995 жылы үш республика - Қазақстан, Өзбекстан және  Қырғызстан  басшылары БҰҰ Бас хатшысына БҰҰ қарамағындн Біріккен ортаазиялық бейбітшілік сақтау батальоның (ОртАзБат) құру туралы ұсыныс енгізді. 1997 жылы ОртАзБаттың алғашқы оқу- жаттығулары өткізілді. 1996 жылы бес мемлекет — ҚазақстанҚытайҚырғызстанРесей және Тәжікстан әскери салада және шекаралық аудандарда сенім шараларын нығайту туралы Келісімге қол қойды. 1997 жылы шекаралық аудандардағы қарулы күштерді келісімді қысқарту туралы Келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер Қытаймен шекара жөніндегі дауды реттеуге негіз болды. 2001 жылғы көктемде бұл Келісімге Өзбекстан қосылып, Шанхай бестігі Шанхай ынтымақ тастық ұйымы (ШЫҰ) болып құрылды.

Республика ішінде жүргізіліп жатқан реформаларды қамтамасыз ету жөнінде де бірқатар міндеттердің бар екені белгілі. Оларды атап айтсақ:

Қазақстан экономикасы үшін дамыған мемлекеттер және жекелеген  қаржы  ұйымдары тарапынан қаржы салымын тарту;


  • экономикалық міндеттер, экологиялық мәселелер, дүниежүзілік коммуникацияға шығу үшін қаржы тарту және практикалық көмек көрсету;

  • әр түрлі мәселелер бойынша халықаралық ақпараттармен алмасуға қатысу;

  • Қазақстандық экономиканың, ғылым мен басқарудың әр түрлі салалары үшін шетелдерде мамандар даярлау бағдарламасын жүзеге асыру;

  • шетелдердегі Қазақстан азаматтарының мүддесі мен құқықтарын  қорғау;

  • шетелдік серіктестермен еліміздің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту.

Аталған бағыттар бойынша Қазақстанның дипломатиялық қызметін тұрақты жүзеге асыру біздің еліміздің ұзақ мерзімдік басым бағытын іске қосуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның сыртқы саясаты 1991 жылдан 2001 жылға дейінгі 10 жыл ішінде күрделі даму жолынан өтті. 1991—1993 жылдары Қазақстан халықаралык құқық субъектісі ретінде әлемдік коғамдастыққа ену шараларын жүзеге асырды, дүние жүзіндегі жетекші елдермен ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық базасын қалыптастырды.

1994—1997 жылдары сыртқы саясат қызметінде мықты құкықтық база құру жұмысы жалғастырылды, бірінші кезекке шет елдер  стратегиялық  ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету тетігін қалыптастыру міндеті шықты.

1997 жылдан бастап Қазақстанның сырткы саясатында үшінші даму кезеңі басталды, ол ел алдында жаңа ғаламдық жағдайлар тууымен сипатталады. Қазақстаниың сыртқы саясатындағы бағдары «Қазақстан—2030» стратегиялық даму бағдарламасында ашып көрсетілді.

2003 жылы Алматыда Бейбітшілік пен өзара келісім  жөніндегі  халықаралық конференция мен Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің 1 съезі болып өтті. 2006 жылдың қыркүйек айында Астанада Бейбітшілік пен өзара келісім Сарайында Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің II съезі болды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Дүние жүзінің казіргі саяси картасының қалыптасуына адамзаттың тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ықпалы зор. Бұл — өте ұзақка созылған, мыңдаған жыл тарихы бар процесс. Адамзат қоғамының дамуы бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Осыған сәйкес дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуының да әр түрлі кезеңдері бар. Қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйене отырып, дүние жүзі саяси картасының қалыптасуын төмендегідей кезеңдерге бөлеміз: ежелгі, ортағасырлық, және қазіргі заманғы. Осы себепті саяси картаны "дәуір айнасы" деп бекер айтпаймыз.
Ежелгі кезең (б. з. V ғ. дейін) — алғашқы қауымдық құрылыстың соңы мен құл иеленушілік дәуірді толық қамтиды. Жер шарындағы ең алғашқы мемлекеттік құрылымдар — Египет, Ежелгі Қытай, Парсы патшалығы, Финикия, Ассирия, Ежелгі Грекия мен Рим империясының және басқаларының дамуымен немесе күйреуімен сипатталады. Осы мемлекеттер әлемдік өркениетке зор үлес қосты. Сол кезеңде жер бөліктеріндегі негізгі келбетті өзгерістер әскери күш қолданысы арқылы жеңіске жеткендердің есебінен жүзеге асырылды.

Келесі ортағасырлық кезеңде (V—XV ғғ.) саяси картаның қалыптасуы феодализм заманымен тұстас келеді. Феодалдық мемлекеттердің саяси билік құрылымдары құл иеленушілік құрылыстан гөрі күрделі әрі жан-жақты еді. Оларда жер аумақтарын жаулап алу мүддесі айқын байқалып отырды. Осы себепті ұлан-байтақ жерді мемлекеттер үнемі бөлісумен келді. Ол заманда жер шарының көптеген аймақтарының саяси картасы өте тұрақсыз еді. Ондай мемлекеттер сапында: Византия, Араб халифаты, Киев Русі, Шыңғыс хан және Осман империялары, Франция мен Англия, т.б. болды.
Жаңа кезең (XV ғ. соңынан — XX ғ. басына дейін) — капитализм дәуірінің пайда болуына, өрлеуіне және орнығуына сәйкес келеді. Капиталистік қоғамдық қатынастардың бас кезінде болған Ұлы географиялық ашылулардың өзі Жаңа Дүние материктеріне жол салып, дүние жүзі картасын үлкен өзгеріске ұшыратты.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:




  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D2%AF%D0%BD%D0%B8%D0%B5_%D0%B6%D2%AF%D0%B7%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D1%81%D0%B0%D1%8F%D1%81%D0%B8_%D0%BA%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B0%D1%81%D1%8B

  2. http://mdt.idhost.kz/home/2012-09-28-18-36-57/353-2012-11-26-16-10-49

  3. https://bestreferat.kz/extra_rkd/show/4

  4. https://stud.kz/referat/show/36893 т.б



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет