ДӨҢГЕЛЕК АУЫЗДЫЛАР ОРЫНДАҒАН:ПОЛАТБЕК АЯЖАН ҚАБЫЛДАҒАН:БАТАЕВА ДАРИҒА
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДОГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ДӨҢГЕЛЕК АУЫЗДЫЛАР
Тип: Хордалылар
Тип тармағы: Омыртқалылар
Класс: Дөңгелек ауыздылар
Отряд; Минога тәрізділер
Тұқымдасы: Миногалар
Туысы: Минога
Түрі:Өзен миногасы
ДӨҢГЕЛЕКАУЫДЫЛАР СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛЫСЫ Дөңгелек ауыздылардың аяқтары мен жақтары болмайды. Мұңын өзі олардың құрылысының қарапайым екендігін көрсетеді. Иіс капсуласы біреу, ол ол бір ғана танау тесігі арқылы сыртқа ашылады. Паразиттік тіршілік етуіне байланысты, сорғыш воронкаларының түп жағында ауыз тесігі болады. Дөңелек ауыздылар деп аталуы да осыған байланысты. Олардың мүйізді тістері болады, терісі жалаңаш, бірақ оның бездері соншалықты көп болады. ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ Сыртқы көрінісі: Денесі балықтардың денесі сияқты ұзын және үш бөлімнен: бас, көкірек және құйрық бөлімдерінен тұрады, аяқтары болмайды. Құйрық қанаттары сыртқы және ішкі құрылысына сәйкес симметриялы орналасқан, оларды протоцеркальды деп атайды. Жиектері өскіншектерімен шашақлғанбасының алдыңғы жағында сорғыш воронкасы бар. Эпидермисті, жалаңаш терісінде безді клеткалары көп болады және олар тері үстіне көп шырын шығарып тұрады. Денесінің арқа және құйрық жағындағы еттері қарапайым құрылысты болады. Олар қабат -қабатболып жатқан миомерлерден құралады, ал миомерлер өз ара жабын дәнекер миосепталар арқылы жіктеліп тұрады. НЕРВ СИСТЕМАСЫ
Миы 5 бөлімнен: алдыңғы, аралық, ортаңғы, мишық, сопақша мидан тұрады. Әсіресе алдыңғы ми және мишық басқа омыртқалардың миынан кішірек. Мидан 10 пар нерв тарайды.
Бұларда ми сауытының құрылысы да қарапайым болады. Ол мидың астыңғы жағында төселіп жататын шеміршек пластинкасынан ғана тұрады. Осы пластинканың ортасындағы тесігінен гипофиздік өсінді өтеді. Бұл пластинканың бүйіріне шеміршекті иіс капсуласы жалғасады, ал алдыңғы жағында шеміршекті иіс капсуласы жатады. Демек, дөңгелек ауыздыларда ми сауыты әлі жоқ, мидың үстіңгі беті жарғақпен қапталып тұрады.
СЕЗІМ ОРГАНДАРЫ Сезім органдары - өте қарапайым. Есту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Көздері де нашар жетілген.Иіс нервтері жұп болады. АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ Воронкадан, тілден, жұтқыншақтан және ішектен құралады. Ауыздың алдыңғы жағында мүйізді түстері бар воронкасы орналасқан. Етті тілінде тістері болады. Воронканың түбінде жатқан ауыз қуысы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақ 2 тарамға бөлінеді: жоғарғы тарамымен коректік заттар ішке қарай кетеді де, ал төменгі тарамы тұйықталып, желбезек қапшықтарымен байланысады. Қарыны дамымағандықтан өңеш бірден ішекке келіп жалғасады. ҚАН АЙНАЛУ ОРГАНДАРЫ Дөңгелек ауыздылардың қан жүретін органдарының құрылысы ланцетниктікіндей болады. Жүрегі 2 камерадан ( жүрекше, қараынша) тұрады. ЖЕЛБЕЗЕК АППАРАТЫ
Денесінің ұзына бойына бас бөлімінің екі жағынан 7 пар желбезек тесіктері ашылады.
Тыныс алғанда су желбезек тесіктерінен желбезек қапшықтарына еніп, ал тыныс шығарғанда осы жолмен қайта шығарылады.
Зәр шығару органдары Мезонефрикалық бүйректерден құралады. Бұлардың алдыңғы бөлміне пронефростың қалдықтары жалғасады. Зәр шығару түтігінің қызметін вольфов каналдары атқарады. Жыныс бездері - дара, олардың арнаулы түтіктері болмайды. Миксиндер қос жынысты болады.
МИНОГА
МИКСИНА
МИНОГАЛАР Миногалар миксиндерге қарағанда паразиттік тіршілік етуге аз бейімделген. Бұл отряд бір тұқымдастан (petromyzonidae) және жеті туыстан құралады.Миногалар -барлық суларда тіршілік ететін космополиттер. Миксиндер (Myxiniformes) Балықтардың уақытша паразиті миксиндер болып есептеледі. Бұлардың паразиттік тіршілігіне байланысты кейбір органдары нашар дамыған да, ал кейбір органдары паразиттік тіршілікке икемделіп маманданған.Миксиндер қос жынысты. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |