«Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт» - деп Халел Досмұхамедұлы атамыз айтқандай, Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – ана тілінде. Әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.

Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі – түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тіл. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды. Осы Заңның 4 - ші бабында: Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге, құрметтеу арқылы басқа тілді де, оның мәдениетінде қадірлейміз. Өткенді, бүгінгіні, болашақ қазынаны тілмен жеткіземіз. Тіл арқылы салт - дәстүрімізді, дінімізді, ділімізді, қолөнерімізді де сақтап, келесі ұрпаққа бере аламыз. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үш тұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.

Тілдің мәртебесі – елдің мерейі. Оның мерейін асқақтататын да, құтын қашыратын да мына өзіміз. Тіл отбасынан басталып, Отан аясында дамиды. Қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін барлық қазақстандықтар мен шет елдегі қандастарымыздың қазақ тіліне деген құрметін арттыру, қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау қажет. Тіл – қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен дарып, қалыптасады.
Ұлттық тіл
Ұлттық Тіл, ұлттык тіл — ауызекі және жазба түрде ұлттык қарым-қатынас кұралы кызметін аткаратын тарихи-әлеуметтік категория. Ұлттық Тіл ұлтпен бірге калыптасады, әрі онын пайда болуының алғы шарты, әрі өзі де сол процестін нәтижесі болып табылады. Капитализм коғамы кезінде буржуазиялыкұлттардың калыптасуында тіл бірлігі экономикалык, территориялык, мәдени бірліктермен бірге аса кажетті негізгі шарттардың бірі болған. Әрбір Ұлттық Тіл өзіне тән дербес жолмен дамып калыптасады.
Тіл білімінде Ұлттық Тілдердін үш түрлі негізден туатыны көрсетілген:
тілдік белгілері бірынғай, кұрылымында айырмашылык жоқ бір диалект негізінде;
бірнеше диалектінін шоғырланып бірігуі негізінде;
диалектілердің ауыса отырып, өзара шоғырлануы негізінде. Қазақ Ұлттық Тілінің халықтық тегінде осы айтылғандардың екінші түрі, яғни қазақ жеріндегі өзара туыс бірнеше диалектінін шоғырланып бірігуі жаткан сияқты. Ұлттық Тілдің кұрылымдық негізі онын халық тілі болып калыптаскан дәуірінде салынады. Ұлттық Тіл өзінін ішкі кұрылымы жағынан халық тілінін мұрагері болып табылады. Бірак Ұлттық Тіл айтылуы, қолданылуы әбден тұрақталған сөздер мен формаларды халық тілінен дайын қалпында қабылдаған деңгейде калмайды. Ұлттық дәуір талабына сай Ұлттық Тіл деңгейі де онан әрі дамып жетіліп отырады.
Ұлттық Тіл өте кең ұғым, өзінің кұрамы жағынан бірынғай емес: оған бүкіл ұлтқа кызмет ететін баспасөз тілі — әдеби тіл де, ауызекі сөйлеу тілі де, жеке аймақтарға тән жергілікті диалектілер мен говорлар да, кәсіби мамандыққа тән сөздер де, жекелеген әлеуметтік топтарға тән жаргондар да кіреді.