Дєріс Тақырыбы: Педагогикалық процесте сендіру жєне иландырудың орны мен ролі. Жоспар



бет1/3
Дата17.05.2022
өлшемі49 Kb.
#143561
  1   2   3
Байланысты:
Дәріс 8 (3)


Дєріс 8.
Тақырыбы: Педагогикалық процесте сендіру жєне иландырудың орны мен ролі.
Жоспар:

  1. Сендіру мен иландырудың педагогикалық процесте алатын орны мен ролі.

  2. Сендіру- иландыру формалары мен оған қойылатын педагогикалық талаптар.




  1. Сендіру мен иландырудың педагогикалық процесте алатын орны мен ролі.

Тәжірибеде педагогтар оқушылардың сана-сезіміне, іс-әрекетіне оқуына, тәртібіне әсер етудің алуан түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп қолданып отыр. Соның ішінде коммуникативтік әсер етуде сендіру-иландыру әдістерінің де мәні зор.
Жаңадан қызметін бастаған жас педагогтардың бәрі бірдей бұл манызды әдісті меңгеріп өз жұмысында қолдана алады деуге болмайды.
Социалды-психологиялық, теория негізін зерттей отырып, педагогикалық қарым-қатынас тәжірибесі бойынша коммуникативтік әсер ету әдіс-тәсілін сендіру-иландыру дейміз.
Оқушы жастардың айнала өмірімен, қоғаммен табиғатпен өзара карым-қатынасы, олардың бір-біріне өзара әсері, көзқарасы білімі , мінез-құлық тәртібі сенім туғызады. Сенім тәрбиеленушілердің игі қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді, сана-сезіміне ерік-жігеріне ықпал етеді.
Алайда мұғалімнің сендіру-иландыру әдісі тек сөз жүзінде болуға тиісті емес, ең алдымен мұғалімдердің, жанұяның өнегелі істерімен, жинақталған тәжірибе негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Ізгілік-адамгершілік тұрғыда сендіру тәсілін дұрыс тандап қолдана білу пайдалы іс-әрекеттерді жандандыра түседі. Сондықтан сендіру-иландыру,. әдісі жоспарлы іс-қимылда басшылыққа алынуға тиіс. Дұрыс ұйымда-стырылған сенім іс-әрекеттің жақсы нәтижеге жетуіне ықпал жасайды. Мұғалімнің негізгі міндеті сенімді белсенді әрекетке құлшындыру.
Адамның сенімі үш компоненттен құралады: білім,тәртіп, сезім және мынадай формулалар арқылы іске асырылады: түсінік беру, түсіндірілген, қабылдау, қабылданған, түсінемін - қабылдадым, істелетін істі басшылыққа аламын.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет