«Ең ақылды оқушы» интеллектуалды ойыны Ақылмен ойлап білген сөз
Дата 25.12.2016 өлшемі 25,05 Kb. #5221
«Ең ақылды оқушы» интеллектуалды ойыны Ақылмен ойлап білген сөз , Бойға жұқпас, сырғанар. Ынталы жүрек сезген сөз, Бар тамырда қуалар. Абай Құнанбайұлы 1. С. Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» мәтіндегі “Өзі тар, өзі қараңғы, өзі қауіпсіз ненің мекені? 1) құрбақаның 2) тышқанның 3) құмырсқаның 2. Ең үлкен екі таңбалы санды көрсет 88 99 98 99 шешіндірсең жылатады? 1) пияз 2) картоп 3) сарымсақ 4. Жыртқыш құстарға қайсысы жатады? Бүркіт Қарға Тотықұс 5. Уақыттың өлшем бірлігі? 1) сағат, минут 2) тәулік 3) түсбағар 6. «Жаңбыр жаумаса – жер жетім» деп басталатын шешендік сөзді кім айтқан? 1) Қазыбек би 2) Әйтеке би 3) Төле би 7. Дауысты у дыбысы бар сөзді тап 1) Сусын 2) Ауа 3) Науа 8. Телефонда 103-ті теріп қай қызметті шақырса болады? 1) Жедел жәрдем 2) Өрт қызметі 3) Полиция 9. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал 1) Сағат 2) Тұсбағар 3) Термометр 10. «Маң-маң басқан, маң басқан, шудаларын шаң басқан» не? 1) түйе 2) жылқы 3) сиыр 11. Екі шеті тұйықталған сызық? 1) кесінді 2) сызық 3) төртбұрыш 12. Шыншыл ертегілер тобына жататын ертегіні көрсет. 1) Байлық пен ақыл 2) Шал мен бала 3) Таза Бұлақ 13. Қай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? Көкек Тоқылдақ Аққу 14. Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады? Жапырақ Тамыр Өсімдік дем алмайды 15. Төмендегі жануарлардың қайсысы қысқы ұйқыға кетеді? Аю Қасқыр Сиыр 16. Тұңғыш Президент Күні – қай күн? 1 желтоқсан 6 шілде 30 тамыз 17. « Ғылым таппай мақтанба» – өлеңін кім жазған? Абай Құнанбайұлы Шәкәрім Құдайбердіұлы Ыбырай Алтынсарин 18. Ең үлкен бір таңбалы санды 9 10 1 19. Үш сомға бір қой сатып алған қай кейіпкер? Алдаркөсе Қожанасыр Асан 20. Күні бойы тынбайды, Дәмді тағам жинайды Ара Есек Көбелек Ана тілі 1.“Алтын ұяң-Отан қымбат” деп басталатын шешендік сөзді кім айтқан? 2 . “Ұр, тоқпақ” ертегісі ертегілердің қай тобына жатады? 3. Ұшқан ұя” шығармасы кімнің атынан әңгімеленген? 4. “Еті-тамақ, шұбаты - сусын, жүні-киім”-деп, қай түлікті айтамыз? 5. Өмірде болған адам басындағы оқиғаға құрылған әңгіме қалай аталады? Бойына сеніп, жыл басынан құр қалған жануар 7. “Мүйізі айдай иілген мұрнын көкке шүйірген” не? 8. Қазақтың ұлы ағартушысы Қойдың төлі қалай аталады? 11. Мақалды аяқта: Батыр бір рет өледі, Қорқақ .... Қазақ тілі Қазақ тілінде неше әріп бар? 2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? 3. Ұйқасын тап. Сатып алдық кеше, Шай ішетін ... 4. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады? 5. Батыр, ержүрек, батыл, ер – бұлар қандай сөздер? 6. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді? 7. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін не дейміз? 8. Өзім сөзден тұрамын, Аяқталған ойды құрамын. 9. Отырды, жазды, ойнады, күлді- деген сөздер заттың несін білдіреді? 10. Міне, нағыз жігіт! Қандай сөйлем? 11.Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не дейміз? 12. «Уақыт»-сөзінде у қандай дыбыс? Сергіту сәті Бір,екі, тұрайық, Алақанды ұрайық. Жүгірейік, жүгірейік, Аяқты ұшынан басайық. Саңырауқұлақтай отырып, Емендерше тұрайық. Тұрайық, отырайық, Тұрайық, отырайық, Тұрайық, отырайық, Орнымызға жайғасайық, тып–тыныш. 2. Барлық қабырғалары тең болатын геометриялық пішін Бұрыштары жоқ геометриялық пішін Сантиметр қай бірлікке жатады? Төрт тышқанның құлағы нешеу? Қосындының компоненттерін ата 1 кг мақта, әлде 1 кг темір ауыр ма? 8. Стол бетінің бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрышы қалады? Бір тәулікте неше сағат бар? 10. Басталатын нүктесі бар сызық 11.Түзу сызық сызу үшін қолданатын оқу құралы 12. 1 ғасырда неше жыл бар? Дүниетану Өсімдіктің топырақ арасындағы мүшесі қалай аталады? 2. Орман емшісі атанған құс 3. Жылдың неше мезгілі бар? 5. Табиғатта өздігінен тіршілік ететін жануарларды қалай атаймыз? 6. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік қалай аталады? 7. Түнде көзі жақсы көретін құс 8.Үрленген шардың ішінде не болады? 9. Бақа жануарлар тобының қай түріне жатады? 10. Жердің өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабаты 12. Сәбіз неше жылдық өсімдік? Кім тапқыр? 1. Тұла бойы – ине, тұмсығында – түйме. 2. Ақ көрпесін тұйықтап, қыстай жатыр ұйықтап 3. Өртесең де күймес, теңізге батуды білмес 4. Тілдерімен жүреді, Уақытты біледі Күнді жабады, жаңбыр болып жауады 7. Сыртта қапырық болып тұр, үйде ол селкілдеп тоңып тұр Құйттай ғана бойы бар, Кілем тоқыр ойы бар. 9. Күндіз тіпті ұшпайды, Түнде тышқан аулайды, Көзі шамға ұқсайды. 10. Жарқ етсе сабау қамшы, Нөсерлетіп жауар тамшы 11.Тал басында түндіксіз отау 12. Тарбаң, тарбаң тарбиған, Түрі жаман барбиған. Мақал – сөз атасы. Осы сөздерге байланысты мақал-мәтел айт. 1. Отан 7. Денсаулық 2. Туған жер 8. Нан 3. Батыр 9. Әке, ана 4. Еңбек 10. Әдеп 5. Білім 11. Дос 6. Өнер 12. Тіл Қызыл түс сұрақтары: 2. Суретте кім бейнеленген және ол туралы не білесің? 5. Қазақтың тұңғыш палуаны кім? 8. Қандай кенді «қара алтын» дейміз? 12.Аспанда құстар ұшып жүр: торғай, инелік, қарлығаш , шыбын, қарға, ара. Аспанда неше құс ұшып жүр? 16.«Кірпік қақпады» - деген сөз тіркесінің мәнін түсіндір. 21.Бұлттан бөлініп жерге түсетін су тамшылары? Көк түс сұрақтары: 1. Суреттегі кім ? 6. Солтүстікте тіршілік ететін, ұша алмайтын құс. 11. «Ақ алтын» деп нені айтамыз? 15. Есеп-жұмбақ Айдын көлге екі аққу Ұшып келіп қонысты. Үш қаз және бір үйрек Жүзіп жүрген жолықты. Қарсы алуға оларды Төрт балапан шығысты. Жауабын тез айта салшы, Барлық құс нешеу болысты? 20.«Көзге ілмеді»- сөз тіркесісің мәнін аш. 24. Қалың ағаш өсетін жер қалай аталады? Сары түс сұрақтары: 4. Бұл қай ақынның суреті? 9. Иілген ұзын мойынды ,ақ қауырсынды, халық киелі санайтын құс. 10. Самаурындағы су қайнағанда азайып ортаяды. Неге? 14. Жұмбақ-есеп. Шегірткелер он жеті Бірлесіп хорға ән салған, Жетеуі оның кенеттен Айырылады дауыстан. Екеуі қайта қосылды Бірлесіп ән салуға. Есептеңдер енді тез Естиміз неше дауысты? 17. Берілген сөз тіркесінің мәнін түсіндір: Қол ұшын берді 19. Серік Сапиев қай спорттың шебері? Күлгін түс сұрақтар: 3. Алдауыш таяғымды әкелемін деп , байдың атын мініп кеткен кім? 7. Өзі ет жемей, шапанына ет жегізетін аңыз кейіпкері. 13. Жазғы Лондон олимпиадасында біздің толағайлар неше алтын медаль алды? 18. Тарансаң да, Қарансаң да, Алдына оның келесің, Өзіңді өзің көресің. 22. Кемпірқосақта неше түс бар? 23. Ақ күрішті аймақты ата. Достарыңызбен бөлісу: