СӨЖ № 4
Федералдық мемлекеттік білім беру стандартын іске асыру тәсілдерінің бірі ретінде бастауыш сыныптарда электрондық білім беру ресурстарын практикалық қолдану.
ЭБР (ЭОР) оқыту үрдісінде қолдану:
ақпараттарды құру және пайдалану (соның ішінде кескіндер мен дыбыстарды жазу және өңдеу, аудио-видео сүйемелдеуімен және графикалық сүйемелдеуімен орындау);
әртүрлі тәсілдермен ақпарат алу (Интернеттен іздеу, кітапханада жұмыс жасау және т.б.);
виртуалды визуалды модельдерді қолдану арқылы тәжірибелер жүргізу;
материалдық объектілерді, оның ішінде өнер туындыларын жасау;
технологиялық құралдарды қолдана отырып материалдарды өңдеу, жобалау және құрастыру.
ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделген: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Ғылым мен техниканы даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электронды нұсқасына айналдыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі – оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады.
Электронды оқыту ресурсы оқытушының бір құралы болып саналады. Соған қарамастан электронды оқыту ресурсын пайдалану дәстүрлі сабақтардан ерекшелігі бар. Білім алушы өз бетінше іздене алады. Ол үшін электронды оқыту ресурсы, интернет, сөздіктер, энциклопедиялар қызмет ете алады.
Электронды оқыту ресурсы сабақтың барлық түрінде – лабораториялық, практикалық, семинар, дискуссия сабақтарда, есептерді шешуде қолдануға болады. Оқытушы сабақтың тақырыбын анықтайды, мақсаттарын қояды, оқу материалдары мен ақпарат көздерінен алынған ақпараттарды іріктеп білім алушыға ұсынады.
Электронды оқыту ресурсын классификация бойынша топтауға болады:
- жасалу технологиясы бойынша;
- мәтіндік-графикалық қорлар;
- мультимедиалық электронды оқыту ресурстары;
- қолданылу ортасы бойынша;
- мазмұны бойынша (оқулықтар, дәптерлер, лабораториялық жұмыстар т.б);
- нәтижелілігі бойынша.
Электронды оқыту ресурсына қойылатын талаптар:
Оқу процесіндегі барлық оқушыларды жаңа материалмен, біліммен қамтылуы (жаңа білімді игеруі, практикалық жұмыстарды орындауы, сол тақырып бойынша аттестациядан өтуі немесе тест жұмысын тапсыруы);
интерактивті: өзіндік жұмыс жасауға үйрету;
алыстағы немесе мүмкіншілігі шектеулі адамдардың толыққанды білім алуына жағдай жасау;
Электронды оқыту ресурсына қойылатын ғылыми- педагогикалық талаптар:
Электронды білім беру ресурстары педагогикалық еңбектің сапалылығын арттыру мақсатында сапалы әрі нақты ғылыми білім алу міндеттері, ақпараттарды өз қажетіне тиімді пайдалана алу, қабылдау және сыни тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптарстыру, аналитикалық талдау жасай алу, өз бетінше шешім қабылдау, алғаш білімін жетілдіру және тәжірбиеде қолдану мәселелерін қамтиды.
1) Электронды оқыту ресурстарына мүмкіндігінше берілген тақырыпқа байланысты әртүрлі типтегі танымдық тапсырмалар енгізілуі керек.
2) ЭОР-ғы берілетін материал оқулықтардағы, кітаптардағы материалмен сәйкестендірілуі керек. Яғни берілетін білім мөлшері нормаға және баланың жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.
3) Оқу материалы оқытушының түсіндірілуімен көркемделуі тиіс.
4) Ақпараттар жағымды, эмоционалды эффектілермен айқындалуы тиіс.
5) ЭОР жасау барысында білім алушылардың денсаулығына зиян келмейтіндей (көздеріне) гигиеналық талаптар сақталуы тиіс. Оқу құралындағы қаріп шрифтары, түстері, сандар, сөздер мен символдардың орналасуы, сөйлемдердің мағыналы, анық, қысқа, нұсқа құрастырылуы, сұрақтар мен тапсырмалардың тақырыпқа сай үйлесімділігіне баса назар аударған жөн.
6) Өте үлкен мәтіндерден аулақ болған дұрыс. Әр жолдың ұзақтығы 40-42 символдан аспауы керек. Мәтінді жүгіртпе жол немесе экраннан экранға өтетіндей етіп орналастырмау керек.
7) Әртүрлі объектілердің қойылуы фонға, ондағы көрініске әсер етеді. Сондықтан түс үйлесімділігін қатаң сақтау керек. Мысалы, мынадай түс үйлесімділігі өте кеңінен қолданылуда, ақ – көк, қара – сары, жасыл – ақ, қара – ақ.
8) ЭОР-ды Windows интерфейсіне сәйкес келетін бағдарламалар арқылы жасаған жөн. Себебі, кез келген жердегі компьютер арқылы пайдаланушы қолдана алатындай болуы керек.
9) Арнайы жарнама эффектілер болмауы тиіс (Мысалы, жалт-жұлт еткен фондар, объектілер т.б.).
10) ЭОР-ң қол жетімділігі жүзеге асырылуы тиіс. Яғни әр оқушыға жететіндей жағдай ұйымдастырылу керек.
11) Ақпараттық технологиялардың мүмкіншіліктерін пайдалану. Интерактивті тақтамен тапсырмаларды оқушылар орындаса, бір-бірінің қатесін жөндейді, біледі, үйренеді.
Электронды оқыту ресурстарын қолданып жоспар-конпект жасауға қойылатын талаптар:
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын нәтижеге бағытталған, нақты етіп қою;
- Сабақтың материалын түсіндіру мақсатында ЭОР-ды мүмкіндігінше қолдану;
- Білім алушылардың оқу-зерттеу дағдыларын қалыптастыруда өзіндік жұмыстарын орындауға жағдай жасау;
- Білімін жетілдіру үшін басқа да ақпарат көздеріне сілтеме (сайттар, CD-дискілер, оқу құралдары) көрсету;
- Үй тапсырмаларын орындауға ЭОР-ды қолдануды қарастыру;
- Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар беру.
ЭОР-ды оқу процесінде қолдану дәстүрлі әдістерді жоққа шығармайды, қайта сабақтың барлық кезеңдерінің ерекшелігін ашып, материалдарды игеруде, меңгертуде, бекітуде, қорытындылауда мазмұнын толықтырады. ЭОР-ды практикалық сабақтарда кеңінен қолдануға мүмкіндік береді, яғни өндірістік процестерді, зертханалық эксперименттерді, мұражайларға виртуалды саяхат жасау. Сонымен қатар білім алушы ЭОР арқылы өзінің білімін, білігін, дағдысын оқытушының немесе ата-ананың бақылауынсыз тексере алады.
ЭОР-дың тиімділігін қалай бағалауға болады? Киркпатрик әдісі бәрімізге әйгілі. Оның басты ерекшелігі – бағалаудың көп деңгейлік әдісі.
Бірінші деңгей – оқушы іс-әрекеті: білім алушылардың оқу процесіндегі іс-әрекеттері бағаланады. Сабақтың соңында анкета жүргізіліп, оқушы мен оқытушы арасында кері байланыс орнайды.
Екінші деңгей – білім деңгейі: оқу материалының игерілуін тест арқылы анықтау.
Үшінші деңгей – игерген білімін тәжірибеде қолдану.
Компьютерлік технологиялар сияқты ұғым біздің өмірімізге еніп үлгерді. Бұл қазіргі заманның ақпараттық ғасыр екендігімен толық негізделген. Біздің міндетіміз-балаларға білім беру ғана емес, сонымен қатар тәрбиеленушілерді оларды іздеуге және өз бетінше игеруге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |