Әдебиеттік оқу абылай ханның үш жүздің басын қосқаны туралы өлең жолдары



Дата26.06.2018
өлшемі20,1 Kb.
#44757
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ



1. Абылай ханның үш жүздің басын қосқаны туралы өлең жолдары

A) Аңсағаны – азат күн

B) Арыстандай айбатты ер

C) Азат елдің ұланы

D) Алашты жиып бір туға


2. «Отырар» әңгімесінің авторы

A) М.Мақатаев

B) С.Әлімқұлов

C) М.Жұмабаев

D) Д.Досжанов


3. «Отырар» әңгімесіндегі ақын, әрі жұлдызға қарап адам тағдырын болжайтын сәуегей

A) әл-Фараби

B) Абылайхан

C) Арыстанбаб

D) Йасауи


4. Шыңғысхан Отырарды жаулап алу үшін қанша уақыт шайқасты?

A) 1 ай


B) 6 ай

C) 6 жыл


D) 1 жыл

5. Алдаркөсенің ел танитын қасиеті

A) күлкілі

B) жағымсыз

C) ақкөңіл

D) көңілсіз


6. Табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпіне енгізу

A) күлдіру

B) жандандыру

C) кейіптеу

D) суреттеу


7. Жыл басы наурыз айында бата-тілек айтатын қария

A) Қыдыр ата

B) Әулие ата

C) Көрші ата

D) Аяз ата





8. Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен-өзі сөйлескен сөзі

A) сюжет


B) монолог

C) әсірелеу

D) диалог


9. Есімі Отырар қаласымен байланысты ғұлама

A) Қожа Ахмет Йассауи

B) Жүсіп Баласағүни

C) Әбу Насыр әл-Фараби

D) Махмұд Қашқари







Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».

Мұрагер

Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:

‒ Мен қартайдым. Біреуінің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсың маған байлыктарың мен ақылдылықтарыңды көрсетулерің керек, - дейді.

Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп:

‒ Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды, - дейді.

Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:

‒ Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, - дейді.

Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынады да:

Мұндай белдікті ешкім, ешқашан буынып көрген емес, - дейді.

Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына бұрылып:

‒ Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? - дейді.

Сонда кенжесі:

‒ Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ. Тек жұмысқа жарамды екі қолым бар, қайрат пен жігерге толы жүрегім бар, - дейді.

Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сөзі ұнайды.

‒ Жұмыс істей білген адам жұтамайды, -деп, өзінің кенже ұлын үй шаруасын басқаруға мұрагерлікке атайды.

Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, талабын орындауды өсиет етеді.






10. Әкесі ұлдарынан мұрагер болулары үшін не көрсетулерін өтінді?

A) асыл тастарын

B) апталған белдігін

C) сәнді киімдерін

D) ақыл мен байлығын


11. Мәтіндегі «Жұмыс істей білген адам жұтамайды» деген әкесінің сөзіне сәйкес келетін мақал

A) Еңбек етсең емерсің

B) Шындық – сөздің ақиқаты

C) Әдепті бала – арлы бала

D) Ақылы көпті дау алмайды


12. Әкесі кенже ұлының қандай қасиетін бағалады?

A) алтын белдігі мен ақылын

B) байлығы мен ақылын

C) асыл тастары мен сәнді киімдерін

D) еңбекқорлығы мен қайырымдылығын






Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».

Сәлемдеме

Жүсіптің ағасы елімізді қорғайтын жауынгер. Бүгінде ол түрлі жаттығуларға, әскери ойындарға қатысады. Ауыр-ауыр кір тастарын көтеру, бес-алты шақырымға жүгіру Жүсіп үшін түк емес.

‒ Бұрынғыға қарағанда ептірек, жылдамырақ қимылдайтын болғансың, – дейді жауынгер достары. Достарының сөзіне Жүсіптің көңілі өсіп қалады.

Әскери жаттығуларда көзге түскен Жүсіпке командирі үйіне барып қайтуға рұқсат берді.

Екі апта лезде өте шықты. Кішкентай інісі Күмісбек Жүсіптің жанынан бір елі ұзаған жоқ. Әскери киімдеріне қызығады. Жылт-жылт еткен сары түймелерін ұстайды. Қоңыр түсті тері белдігін өзінің титтей беліне шақтап өлшейді. Бұлт-бұлт еткен бұлшық етін шап-шағын қолымен сығымдап ұстап:

‒ Үлкейгенде мен де Жүсіп ағамдай күшті боламын, – деп мақтана сөйлейді. Ұйықтағанда да Жүсіптің жанына жатты.

Жүсіптің әскери бөлімге қайтатын кезі болды.

– Мына бір жақсы кітап екен. Қолың босағанда оқуға әбден жарайды. Өкінбейсің, – деп әкесі кітапты қол сөмкеге салып жатты.

Анасы да Жүсіптің киім-кешектерін реттестіріп, жәрдемдесті.

Күмісбек осы кезде үй іргесіндегі бақта жүрген еді. Қолында сырлы шелек. Ішіне қып-қызыл алмалар. Ол үйге қарай аяғын жылдамдата басты.

– Жүсіп аға, үйдің алмасын әкетіңіз. Өте тәтті. Жеген сайын жегіңіз келе береді, – дейді тамсана.

– Ә, бәрекелді, Күмісбек. Ала ғой, Жүсіп, әрі достарың да риза болады. Командиріңе де ауылдың дәмін татқыз, – деді әкесі.

– Күмісбектің сәлемдемесі бәрінен де мықты екен – деп күлімсіреді ағасы Жүсіп.




13. Күмісбектің Жүсіп ағасына берген сәлемдемесі

A) көп кітап

B) әскери киімдер

C) қызыл алма

D) қол сөмке


14. Жүсіптің ел қорғайтын жауынгер қатарына қосылу себебі

A) денесін шынықтыру

B) күштілігін көрсету

C) жауынгер достар табу

D) отан алдындағы борышы


15. Командирдің Жүсіпке үйіне баруға рұқсат беру себебі

A) жаттығуда көзге түскендіктен

B) інісін сағынғандықтан

C) демалыс болғандықтан



D) ата-анасын сағынғандықтан


ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет