Ғылымның басты мақсаты – ақиқатқа қол жеткізу.
Жаңа факторларға толықтырылған жағдайда ғана ғылым даму мүмкін.
Алынған жаңа білімнің нақтылығы зерттеудің әдіснамасының дұрыс таңдалуымен байланысты.
Әдіснаманы алғаш зерттеген философ Ф. Бекон ең алғаш болып ғылымды әдістер жүйесімен қаруландыру идеясын ұсынды.
Әдіснама- ғылымды тану жолы.
Ғылыми-зерттеу жұмысында әдіснама, әдіс пен теория әрқа-шан бір-бірімен тығыз байланысты. Әдіснама «грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. Сондықтан әдіснама – зерттеу үдерісі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі.
Негізгі қызметі – таным үдерісін зерттеу және іштей ұйымдастыру немесе нысанды практикалық өзгертудің жолын анықтау.