Әдістеме ұсыныс «Мұз қатуы кезінде балалар және оқушылардың мұз үстінде қайғылы жағдайлардан ескерту Ережесі».
Күн суытып, мұз қату мерзімі келді. Балалар коньки киіп, бірер сағат мұзға шығуға шыдамсыздық танытады. Бірақ тоған, өзен, көл бетіне шығуға асығуға болмайды. Бірінші мұз өте қауіпті. Біздің облыста қараша-желтоқсан айларында мұз қата бастайды. Мұз бұл кезде жұқа, ауырды көтере алмайды,абайламасаң бұл қайғылы жағдайға әкеліп соғады.
Есте сақтаңыздар! Балаларда тәжірибе жоқ, қауіпсіздік шараларын білмейді, өйткені әуестік сезімінен қауіпсіздік сезімі төмен,мұз үстіндегі ережені толық білмейді, сол себептен тез қайғыға ұшырайды, кейде өмірімен қоштасады.
Қайғылы оқиға болдырмау үшін, балаларға қамқорлық білдіріңіздер! Балалардың өмірін сақтаңыздар! Тек мұз үстінде болудың ережесін сақтап қана, қайғылы жағдайдан сақтануға болады.
Тыйым салынады.
Қалыңдығы 7 сантиметрден жұқа болса, мұз үстіне шығуға;
Дұрыс қатпаған, бетінен қар басып қалған мұз үстінде сырғанауға және топталып тұруға;
Мұз үстіндегі білмейтін жерлерге жаға-жайдағы жардан сырғанап түсуге
Тез су ағымы бар жерлерде, бұлақты жерлерде ойнауға;
Мұз үстінен қауіпсіздік белгілері жоқ жерден өтуге;
Мұздың қалыңдығы 25 см-ден аспайтын болса,мұз айдынын жасауға;
Егер де тәулік бойы ауаның температурасы құбылып тұрса,мұз үстіне шығуға, әсіресе түнгі уақыттарда.
Балалар!
Мұз қатар кезінде су айдындарында сақ болыңдар!
Жұқа мұздың үстінде шаңғы және коньки теппеңдер!
Өмірлеріңе қауіп төндірмеңдер!
Жұқа, толық қатпаған мұз үстіне шықпаңдар.
Ата-аналар және мұғалімдерге!
Балаларды қатаң бақылаңыздар. Мұз қатқан кезде су айдындарына балаларды ересектердің бақылауынсыз жібермеңіздер. Оларды жаға-жайда бақылаусыз қалдырмаңыздар. Қатпаған мұздың үстінде конькимен сырғанауға, шаңғы тебуге және биік жардан мұз үстіне сырғанап тұсуге рұқсат етпеңіздер.
Мұз қатқан кезде балаларға қауіпсіздік шараларын түсіндіріңіздер. Мұз үстінде ойын әлде жарыс өткізер алдында, оның мықтылығын тексеріңіздер.
Ескертеміз, жасыл түсті мұз мықты болып есептеледі, қалыңдығы 12 см- ден кем емес, бұлыңғыр ақ мұз мықты емес. Көпшілік болып коньки тебу, мұздың қалыңдығы 25 см-ден кем болмағанда рұқсат етіледі.Мұз қатардың алдында балалармен «Мұз қатар уақытында сақ болыңыздар!» атты әңгіме және виқторина өткізіңіздер.
«ҚР ІІМ ТЖҚ Ақмола облысы төтенше жағдайлар Департаментінің жедел –құтқару жасағы » ММ тағы да ата-аналарға, тәрбиешілерге және ұстаздарға үндеу жолдайды, мұз қатқан кезде төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау шараларын тек қана бірігіп жүргізген кезде ғана балалар мен оқушыларды дер кезінде бақытсыз жағдайлардан сақтап қалатындығымызды ескертеді.
Достарыңызбен бөлісу: |