Егемен елдің –Елбасы Міндеті



Дата12.09.2020
өлшемі17,48 Kb.
#63700

Егемен елдің –Елбасы

Міндеті:

  • Жас ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә Назарбаев туралы терең мағлұмат беру.

  • Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі- өнеге ете отырып, елжандылыққа, отан сүйгіштікке азаматтыққа баулу.

  • Елбасы жолдауындағы білім беру саласына ерекше мән берген тұстарын балаларға етене таныстыра отырып, білімге құштарлығын арттыру, жақсы оқуға талаптандыру;

Әдісін әңгімелеу.

Көрнекілігі: Еліміздің мемлекеттік рәміздері, әдебиеттері, мақал-мәтелдер, Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөздері, Астана слайды жолдауы Н.Әлімжанов, Е.Әліпбиев суреттері.



Барысы:

Ұйымдастыру.

Жаңа сабақ.

Мұғалім:

Пай, пай,пай.

Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер!

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.

Сарылып сал-сері кеткен жер

Бас иіп, иіскеп топырағын

Тағзым жасамай өтпеңдер!

Шүкіршілік етемін қашанда,

Осы бір Отанда тұрғанда (М.Мақатаев)



1-оқушы: 1998 жылдың 10 маусымында тәуелсіз Қазақстанның Елордасы болып Астана қаласы жарияланды.

2- оқушы: 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

Мұғалім: Ендеше, балалар бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналылығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері – Қ.Р тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев туралы кең мағлұмат бермекпіз.

(Слайд арқылы мұғалім Н.Ә.Назарбаевтың балалық шағы, еңбек жолы, жанұясы туралы мәлімет береді)

Кітаптар көрмесін пайдаланып (кітапханашының әңгімесі) оның халқына істеген елеулі еңбектері туралы шағын әңгіме айту.

Мұғалім балаларға Елбасының өмірі жайлы айта отырып, оқуға, еңбекке баулиды.

Елі сүйген Елбасы әдеби монтаж

-Президентің кім?-деп сұраса,

Дейміз біз ол Нұр- ата

Әр бала бақша, мектептің

Төрінде күліп тұр ата.

Болсын деп бізде бейбіт күн

Ойлайды ол ылғи күні –түн

Ақтап жүр ұлы істермен

Ел жұртының үмітін

Дүние жүзін аралап

Үлгі алар не бар қарап ап,

Көркейтіп бастап келеді

Өз елін алға даралап

Ақылым өсіп, азамат болам еңселі

Адам да ,болам артатын маған ел сенім

Үлгісі болған намысты ұлдың- Елбасы

Өзіннен алам ұлылықтың нағыз өлшемін

Еліммен бірге есейіп,өсіп, толамын

Ақылын тыңдап үлкеннің тілін аламын

Елінің қамын ойлаймын деген Елбасы

Қазақтың ұлы Назарбаевтай боламын

Елбасының қандай өлендерін білеміз

«Елім менің», «Үш қоңырым»

Ән: «Үш қоңыр орындалады»

Рәміздердің бірі әнұран, осы әнұранның сөзін жазған жаңа заманға сай етіп өзгерткенде –Елбасымыз



Тірі сұрақ: Елбасымыздың балалық шағын кинода сомдаған кім?

-Елжан Әлпиев(Елжас жайлы шағын әңгіме)

-Жастық шағын сомадаған кім?

-Нұрлан Әлімжанов (Нұрлан жайлы шағын әңгіме)

-Киноның аты қалай аталады?

Жолдауда былай делінген: Жолдау жайлы әңгіме

Мақал –мәтелмен жұмыс

Бірлік болмай, тірлік болмас.

Ырыс алды ынтымақ

Ынтымақ түбі –бірлік т.б



Қорытынды :

Ел ордасы –Астанам

Көркейе бер, жас қалам!

Елбасымыз Нұрсұлтан!



Асыл туған жақсы адам

Сендерде біздің Елбасымыз сияқты елінің қамын ойлайтын, білімді, парасатты азамат болып өсетіндеріне сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет