Егеменді елдікке мың тауба! Кепілі ұлттық идеологияда!



Дата15.09.2017
өлшемі23,25 Kb.
#33642
Егеменді елдікке мың тауба!

Кепілі ұлттық идеологияда!


Қазіргі уақытта зиялы қауымның көкейіндегі негізгі мәселе осы болуға тиіс. Мемлекет дамуында идеология, оның ішінде ұлттық саяси иделогия ешқашанда ескерусіз қалмауы керек. Өйткені, жан-жақты ойлайтын болсақ, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, әскери-техникалық дамуы оның қауіпсіздігіне толық кепілдік бере алмайды Алып дейтін Ресей мемлекетінің ұлттық саяси идеологиясының әлсіздігін сезінген зиялы қауымның абыржуларын жиі байқайтын болдық. Оның ішінде әсіре (радинал) кететіндері (Жириновский, Солжиницин, Немцов) орыс қоғамын ұлтшылдыққа шақыруларын жиілетулері тегін емес. Тіпті идеологияның құдіреті сол, біржақты, тар мағыналы болса да кеңестік идеология одақтың ғұмырын жетпіс жылға созды. Ал ұлттық иелік ел тағдырына жазбаса да жасанды американдық идеология АҚШ мемлекетін бүгінгі деңгейге жеткізіп отыр.

Бір кезде идеологияның аяқталғаны және оның қажетсіздігі туралы ілімдер тараған болатын. Ал өмір мемлекеттің мемлекеттігі осы идеологиямен тығыз байланыстылығын дәлелдеп бұл көзқарастарды жоққа шығарды. Егер мемлекет үшін идеологияның қандай болуы қажеттігі екендігі сөз болса әңгіме басқаша. Яғни, идеологияның түр сипаттары көп: либералдық, консервативтік, социал-демократиялық, фашистік т.б. Мемлекеттің тұрақтылығы мен беріктігі қандай идеологияның орнағанына байланысты. Қажетті деп табылған идеологияның принциптері мемлекеттің саяси идеологиясында орын табуы қажет. Қазіргі таңда Қазақстанда ұлттық саяси идеолгия қалыптасу үстінде. Егеменді елдіктің кепілі де, символы да осы болмақ. Ұлттық саяси идеология туғызуда идеологтардың үлесімен қатар мемлекет жетекшісінің ролі өте маңызды болуы тиіс. Осы тұрғыдан келгенде біздің Елбасы егеменділіктің он бес жылдық тарихында мынандай ұлттық идеологиялық бағыттарды белгілеп берді: бірінші, мәртебелі (титулды) ұлттың тұтастығы мен ықпалдылығын арттыру идеясы яғни алыс-жақын шетелдердегі қандастарымызды Отанына шақыру. Екіншіден, Ана тіліңді ардақтау идеясы, яғни ең бірінші «қазақ қазақпен қазақша сөйлесу» керектігі. Үшіншіден, бірлік-ынтымақ, туыстық идеясы, яғни, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарар» уақыттың жеткендігі. Төртінші, Ұлттық рухани мәдениетті жаңғырту идеясы, оның бір ғана мысалы «Күлтегін» ескерткіші. Бесінші, ұлттық тарихты таразылау идеясы, (саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым ету, «Желтоқсан» көтерілісіне шынайы баға беру т.б.) Алтыншы, ұлттық сезімді асқақтату идеясы оның кейінгі мысалы, әнұранды тыңдағанда қолды жүрекке қойып тұруың мен қазақпын деген әрбір адамды толқытып, көзіңе жас алғызатындығы.



Алайда, ұлттық саяси идеолгия толық қалыптаса қоймағаны түсінікті.Бұл әр уақытта мемлекет саясатына идеологтардың белсенді ықпалын талап етері сөзсіз. Мойындағысы келмейтіндер де әлі баршылық. Мұндайда Мұхтар Шахановтың шырылдап айтатын «космополиті» еске түседі. Космополиттер үшін туған жер, отан, ұлты, тілі деген ұғымдар мақұрым десек болады. Ондайлар ел басына күн туғанда отанына опасыздық жасайтындар. Олар үшін жақсы өмір қайда бар сол маңызды.

Ендігі кезекте біздің идеолгтарға ынтымақ-бірлік өте маңызды. Елбасының мемлекеттік тілге қатысты соңғы мәлімдемесін тілдік идеолгияның құралына айналдыруымыз керек. Бірінің идеясын екіншісінің мойындағысы келмейтіндер бар идеяны құрбан етеді деп неміс идеологы Ф.Ницше айтыпты. Кейбір идеологтар Тәуелсіз Қазақстан сөз тіркесін айта беруіміз құлдық психологияны аңғартады дейді. Сондықтан Қазақстан мемлекеті деп айта беретін уақыт жетті дегенді айтады.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет