Зерттеу нысанасы. Туыстық атаулардың адам өміріне қажеттілігін зерттеу. Жобаның негізгі мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі6,69 Kb.
#35362
  • Зерттеу нысанасы. Туыстық атаулардың адам өміріне қажеттілігін зерттеу.
  • Жобаның негізгі мақсаты. Қазақ халқының өзіне тән ерекшелігін дәлелдеу арқылы келер ұрпаққа осы бір құндылығымызды жоғалтпай, отбасы дәстүрін мирас ету.
  • Жобаның міндеттері:
  • Отбасының адам өміріндегі маңызымен танысу;
  • Рулық тайпаның пайда болу тарихын зерттеу;
  • Туыстық түрлеріне тоқталу;
  • Қазақ әдебиетіндегі туыстық қатынастардың көркемділігін тамашалау;
  • Туыстық қарым қатынасты білдіретін этикет тілдік бірліктердің тәрбиелік қызметін ұғындыру.

“Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз.”

  • Қайын жұрт
  • Нағашы жұрт
  • Ағайын жұрт

Ағайын жұрт

  • Ағасы бардың жағасы бар,
  • Інісі бардың тынысы бар.
  • Ағайынды жамандап, туғанды қайдан табарсың.
  •  
  • Атың жақсы болса - қанатың,
  • Ағайын жақсы болса – санатың
  •  
  • Ағайын тату болса - ат көп,
  • Абысын тату болса - ас көп.
  • Өле жегенше,
  • Ағайынмен бөле же.

Қайын жұрт

  • Қайын жұртың қолыңның ұзындығына қарайды,
  • Берсең жағасың, бермесең дауға қаласың.
  • Құдағи – құдалардың бәйбішелері, яғни қыз бен жігіттің әже – шешелері “құдағи” деп аталады.
  • Құдаша – келіннен немесе жігіттен жасы кіші қыздар сіңлісі яки қарындасы мен жас келіншектер “құдаша” деп аталады.
  • Құда бала – келіннің немесе жігіттің інілері құда бала деп аталады.
  • Күйеу - бір рудың қызын алған жігіт сол үйге күйеу болып есептеледі. Сол ел оның қайын жұрты деп есептеледі.
  • Балдыз – әйелінің інілері мен сіңлілері «Балдыз» деп аталады.

Нағашы жұрт «Өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – сыншыл, ал нағыз қалтқысыз тіреуқорың – нағашы жұртың»

Қазақ әдебиетіндегі туыстық қатынастардың көрініс табуы.

Абайдың аналарына, бауырларына, достарына, балаларына деген ыстық ықылас, қымбат пейілін биік адамгершілік тұрғысынан өмірдің сан қийлы кезеніне лайық қалыпта суреттелген .Өмірдің небір тамаша нұрлы жақтары – әже мен ананың перзентке деген шексіз махаббаты, аға мен іні арасындағы қаяусыз адалдық зор шабытпен суреттеледі…

Туыстық қарым қатынасты білдіретін этикет тілдік бірліктер

  • - Бар бол, би інім, - деп Досбол да өз тарапынан оның кішілік сәлемін зор ілтипат білдіре қабыл алады (Билер сөзі).
  • - Жеңешетай, ұмытпаспын! Өлсем де ұмытпаспын осы жақсылығыңды! - деп қоштасты (М. Әуезов).
  • Кенже бала, Мырза бала, Күлімкөз, Айнамкөз, Жақсым, Ерке бала, Жақсы аға, Үлкен аға, Қара бала.
  • - Ал, еркем, күйеу қалай екен? Ұнаттың ба? - деп сұрады (М. Әуезов).
  • балам, ұлым, қызым, балақай, көкетай, балапаным, жарқыным, қарашығым, қалқашым, шырағым, көкем, құлыншағым, ботам, боташым, ботақаным, қозым, қоңыр қозым, қошақаным

Біздің әулиетіміздің шежіресі

Отбасыдағы қазақи тәрбиеміз мектептегі іс-шараларға ұштасады. Соның бірі өзім координатор болған «Тәрбие- отбасыдан басталады» атты іс- шара.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет