Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері
Сабақтың мақсаты :
Ежелгі Египет мемлекетінің көне әдебиетімен , дінімен , өнерімен оқушыларды жан-жақты таныстыру . Көне замандағы тарихи ескерткіштердің бірі пирамида құрылыстарымен оқушыларды етене таныстырып , ел тарихын толық меңгерту . Қосымша деректермен , тірек –сызбалармен жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың білімін жетілдіру .
Көрнекі құралдар :
Дүние жүзі саяси картасы , Египеттің картасы , Тірек – сызбалар , кестелер .
Сабақ түрі : Аралас сабақ .
Сабақ әдісі : Әңгімелесу , пікірлесу түрінде , сұрақ – жауап , тірек – сызбаларды , кестелерді пайдалану .
Сабақ барысы :
-
Ұйымдастыру кезеңі .
-
Египетке саяхат – Оқушылардың қызығушылығын ояту .
-
Үй тапсырмасын тексеру - $ 7 Египеттегі ғылыми білім негіздері
-
Жаңа сабақ - $ 8 Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері
-
Бекіту кезеңі
-
Қортындылау
-
Үй тапсырмасын беру
1 .Ұйымдастыру кезеңі – 1 минут .
Оқушыларды түгелдеу , сабаққа дайындықтарын тексеру . Жаңа сабақтың өткен сабақпен тығыз байланысты екенін ескере келіп , үйге берілген тапсырманы талдаудан бастау .
2. Египетке саяхат – 15 минут .
Оқушыларды Египет мемлекетіне саяхат жасату . Картадан Египетті көрсету. .
Егиет елінің саяси және экономикасымен , өткен тарихи жағдайларымен оқушыларды таныстыра кету . Оқушылардан түсінгенін қысқаша сұрақ – жауап арқылы тексеру .
Төмендегі хронологиялық кестемен жұмыс істеу
Хронологиялық кесте
Египет мемлекеті
|
Тарихи оқиғалар
|
|
Ежелгі заманда ( Б. з . б ХХХ – б.з Ү ғасырлар)
|
Б .з.б ХХХ – ХХ ғасырлар
|
Египетте өркениет пайда болды , егіншілік дамыды .
Қалалар салынып , мемлекеттер құрылды , білім дамыды .
|
Б. з . б 3000жылдар
|
Египет біріккен қуатты мемлекетке айналды . Астанасы – Мемфис
Алғашқы перғауыны – Менес .
|
Б. з. б
2600 жылдар
|
Ең биік пирамида Хеопс пирамидасы салынды .
Биіктігі – 150 метр .
|
Б. з. Б
1500 жылдар
|
Египет перғауыны ІІІ Тутмос перғауын Алдыңғы Азия елдерімен
оңтүстікте Нубия елдерін жаулап алды
|
Б.з . б
Ү ғасырда
|
Ежелгі Египетті парсылар жаулап алды .
Египет Ұлан байтақ Парсы патшалығына бағынды
|
Б. з . б
ІҮ ғасырда
|
Египетті Александр Македонский жаулап алды .
Александрия қаласын салдырды
|
Б.з .б
І ғасырда
|
Египетті Рим империясы жаулап алды .
Египет елі І – Ү ғасырларда Рим империясына бағынды
|
|
Орта ғасырларда ( б.з Ү – ХҮІІ ғасырларда )
|
Б.з Ү- ҮІІ
ғасырларда
|
Египет Византия империясының қол астында болды .
Египетте христиан діні тарады
|
ҮІІ ғасырда
|
Египетті арабтар жаулап алды .
Египет мұсылман дінін қабылдап , арабша Мысыр аталды .
|
ІХ ғасырда
|
Египетте ұлы бабамыз Әл – Фараби болды
Әл – Фараби Кайр мен Александрияда білім алған
|
ХІІІ – ХІХ
ғасырларда
|
Египет елін Мамлүктер билік жүргізді . Атақты мәмлүктер
Бейбарыс , Айбек , Қалауындар Египетті басқарды .
|
|
Жаңа заман ( ХҮІ – ХХ ғасыр басы)
|
ХҮІ – ХІХ
ғасырларда
|
Египет Осман Түркиясына бағынды
|
ХІХ ғасырдың
аяғында
|
Ұлыбритания Египетті өз отарына айналдырды .
Атақты Суэц каналын салдырды .
|
|
Қазіргі заманда ( ХХ ғ – ХХІ ғасырлар)
|
1922 жылы
|
Египет тәуелсіздігін жариялады
|
1956 жылы
|
Египет Республикасы жарияланды
Алғашқы президенті Г . Насыр болды .
|
1981-2011
жылдар
|
Египеттің президенті Х. Мубарак болды
|
1992 жылы
|
Египет Қазақстанның тәуелсіздігін таныды .
|
2.Үй тапсырмасын тексеру - $ 7 Египеттегі ғылыми білім негіздері – 10 минут .
Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру . Жұптық жұмыс бойынша оқушыларға тест беру .
І – нұсқа
-
Ежелгі Египеттегі жазу түрі.
А. Иероглиф Ә. Алфавит Б. Руна
-
Ежелгі Египеттіктер неге жазған
А. Қағазға ә. Теріге Б. Папирусқа
-
Египетте ең жоғары дамыған ғылым саласы
А. География Ә . Геометрия Б. Астрономия
-
Египет билеушілері қалай аталды
А. Перғауын Ә. Хан Б. Император
-
Арабтар Египетті қалай атады
А. Мағриб Ә. Мысыр Б. Шам
ІІ - нұсқа
-
Египетте ең жоғары дамыған ғылым саласы
А. География Ә . Геометрия Б. Астрономия
-
Иероглифтің саны қанша болды
А. 750 Ә. 120 Б. 179
3. Папирусқа немен жазды .
А. Қаламмен Ә. Қамыспен Б. Сыммен
-
Египеттіктер тұңғыш не ойлап тапты
А. Оқ – дәрі Ә. Компас Б. Күнтізбе
-
Арабтар Египетті қалай атады
А. Мағриб Ә. Мысыр Б. Шам
-
Ніл өзені қай құрлықта
А. Азия Ә. Африка Б. Америка
3- нұсқа
-
Ніл өзені қай құрлықта
А. Азия Ә. Африка Б. Америка
-
Ежелгі Египеттегі жазу түрі.
А. Иероглиф Ә. Алфавит Б. Руна
-
Ежелгі Египеттіктер неге жазған
А. Қағазға ә. Теріге Б. Папирусқа
-
Египеттіктер миллион санын көрсету үшін не істеген
А. Екі қолын көтерген Ә. Басын шайқаған Б. Дауыстаған
-
Египеттегі әлемдегі жеті кереметтердің бірі
А. Храмдар Ә. Пирамидалар Б . Обалар
2.Жаңа сабақтың түсіндіру – $ 8 Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері -15 минут .
Жаңа сабақ жоспары :
-
Әдебиеті
-
Ежелгі Египеттің діні
-
Египеттегі храмдар
-
Пирамидалар салу
Жаңа сабақты өткен тақырыппен тығыз байланыстыра отырып түсіндіру , ең әуелі әдебиетімен таныстыру . Ежелгі Египеттің аңыз әңгімелері , әдеби шығармаларының ерекшеліктерін көрсету .Келесі тақырыпшада дін ерекшеліктерін көрсету . Көне Египетте абыздардың маңызын , дін өкілдері ретінде қоғамда алатын маңызын түсіндіру .
Осирис
(Қайта тірілген құдай)
Амон – Ра ( Күн құдай)
Ежелгі
Египет құдайлары
Хапи (Ніл құдайы )
Тот ( Ақыл құдайы)
Исида (Әйел құдай) т.б .
Оқушыларға пирамидалар туралы жан – жақты түсіндіріп өту , Жеті керемет аталу себебіне тоқтала кету . Пирамидалар салу себебіне тоқтала кету . Үрей атасы сфинкстің ерекшеліктерін , сфинкстің көлемін көрсету .
Бекіту сұрақтары :
-
Әдебиет шығармаларынан не білесіңдер?
-
Египеттегі күн құдайы
-
Құдайларға арнап не тұрғызған
-
Пирамида не үшін тұрғызылған
-
Египеттегі ең биік пирамида қай перғауындікі
-
Сфинксті египеттіктер қалай атаған
Қ
|
А
|
Р
|
А
|
Ж
|
Е
|
Р
|
|
И
|
Е
|
Р
|
О
|
Г
|
Л
|
И
|
Ф
|
|
|
А
|
Ф
|
Р
|
И
|
К
|
А
|
|
|
|
|
П
|
И
|
Р
|
А
|
М
|
И
|
Д
|
А
|
Х
|
Е
|
О
|
П
|
С
|
|
|
А
|
С
|
Т
|
Р
|
О
|
Н
|
О
|
М
|
И
|
Я
|
-
Египет сөзі қандай мағына береді
-
Ежелгі Египеттегі жазу түрі
-
Египет елі қай құрлықта орналасқан
-
Әлемдегі жеті кереметтің бірі
-
Биіктігі 150 метр болатын пирамида
-
Ежелгі Египеттегі жақсы дамыған ғылым саласы
Қортындылау - 2 минут
Үйге тапсырма пысықтап беру , оқушыларды бағалау .
Достарыңызбен бөлісу: |