«Әл-Фараби: философиялық, әлеуметтік-этникалық және эстетикалық көзқарастары»



Дата29.03.2022
өлшемі52,58 Kb.
#137078
Байланысты:
7 апта Әл-Фараби


О ҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


«Әл-Фараби: философиялық, әлеуметтік-этникалық және эстетикалық көзқарастары»

Тобы: 1510-11


Орындаған: Шайзада Куаныш
Әлемдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын мұсылман мәдениеті адамзат өркениетінің даму тарихында маңызды роль атқарған әрі бүгінгі күнге дейін түрлі әлем елдерінің түрлі өмір аясына әсер етуін жалғастыруда. Осыдан мұсылмандық Шығыс халықтарының рухани құндылықтарын философиялық зерделеуге деген табиғи ұмтылыс пайда болып отыр.Ортағасырлық Ислам мәдениеті мен философиясы өз дәуірінен озып, бүгінгі күнде де адамзат игілігі үшін қызмет етуде. Екінші ұстаз атанған әл-Фараби сынды ғылымдағы ірі тұлға арқылы қазақ халқы өзін мақтан тұтады. Ол өзінің ке­ремет философиялық ілімдері арқылы түркілік ойлау, түркілік дүниетаным, түркілік интеллект мүмкіндігінің қаншалықты жоғары екендігін бүкіл Еуропаға паш етті. Ортағасырлық Ислам ренессансының Еуропа ғылымына жасаған ықпалы Еу­ропалық ренессанс дәуірінің басталуына алып келіп, әсі­ресе, жаратылыстану ғылымдарының дамуына жасаған әсері еуропалық өркендеу дәуірінің бетін ашты.Ислам мәдениетінің гүлденуі ортағасырлық ислам фи­ло­софиясының ірі өкілдері әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, әл-Ғазали, ибн-Рушд сынды алып тұлғаларды өмірге алып кел­ді. Ең бастысы, мұсылмандық Шығыс эллиндердің ұлы ру­хани мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізе білді.Ортағасыр Ислам философтары Аристотель мен Платон трак­таттарын араб тіліне аударып, Шығыс перипатетизмінің негізін қалады. Испандық перипатетизм өкілдері араб ті­лі­нен латын тіліне аударды. Бұл аударма қолжазбалар бү­кіл Еуропаға таратыла бастады. Кейінгі ұрпақты естен шы­ға бастаған эллиндердің рухани мәдениеті мен еркін ой­лауға, өмірге деген сүйіспеншілік көзқарастар негізінде тәр­биеледі. Осы кітаптардан бастап ортағасырлық Еуропада ре­нессанс ұғымы дүниеге келді. Ренессанс – бұл эллинизмнің Еу­ропадағы өркендеуі. Ол Ежелгі Грекия мен Ислам әлемінде бас­тау алған генетикалық бай тұқым болды. Осыдан бастап Ба­тыстық алып өркениеттің алып ағашы өсіп шықты. Бұл Ба­тыс пен Ислам өркениетінің сұхбаттасуының дәлелі.Ислам философиясының тарихына көз жүгіртетін болсақ, әл-Фараби рухани әлемінің қаншалықты жоғары дең­гей­де болғанына көз жеткіземіз. Философияда Фараби иж­ди­хад дәрежесіне көтерілді, сондықтан да ол фикх, қалам секілді ілімдер бойынша өз ойын білдіріп қана қоймай, сол мә­селелер бойынша лайықты шешім қабылдай алатын еді.
Біз әр түрлі діни ғылымдар бойына өздерінің терең ой­ла­рымен белгілі болған ортағасыр Ислам философтарын ес­ке алып салыстырар болсақ, орта ғасыр тарихшылары мен ғалымдарының философия тарихындағы Фарабидің дә­ре­жесі олардың дәрежесіне қарағанда әлдеқайда жоғары еке­ніне сенімді болды. Фарабидің өздерінің идеологиялық қар­сыластарына тигізген әсеріне көңіл аударатын болсақ, еш талассыз, оның дәрежесі мен философиялық ойлау мә­де­ниетінің жоғары екені тайға таңба басқандай-ақ көрініп тұр.
Бұл критерийді әл-Фарабидің өзінің философиясынан іздеу керек. Егер біз әл-Фарабиді – Ислам философиясының негізін салушы деп айтатын болсақ, одан кейінгі ойшылдардың талқылап ой қоса алатын өзіне тән философияық принциптері мен идеяларының болғаны шүбәсіз. Бұл қандай негіздер мен принциптер? Бұл негіздердің ежелгі гректік және алек­сандрлық философиялық мектептердің ойларынан қаншалықты айырмашылығы бар?
Әл-Фараби және оның ізбасар­ларының антикалық дәс­түрді бойларына қалай сіңірді. Әл-Фараби философиялық рухани әлемінің қалыптасуына антикалық философияның нақтырақ айтсақ, Аристотель философиясының ықпалы қалай болды? Оны қалай зерттеді?
Біз әл-Фараби және оның ізбасарларының ежелгі грек философиялық мектептерінің еңбектеріне тек қана ком­ментарий жасаумен шектеліп қалмағанын білеміз. Қа­зіргі кездегі белгілі неміс философы Мартин Хайдеггер ор­тағасырлық мұсылман философтары жайлы айтқанда былай ой тұжырымдайды: «Әрине, олардың (ортағасыр философтары) Аристотель философиясын түсінбеді деген жалған болар еді. Олар оның философиясын жаңа қырынан ғана көріп қоймай, оған жаңа мән мен талғам берді», – дейді.
Демек, әл-Фараби де және оның ізбасарларының да ежелгі грек философиясын соқыр таныммен зерттемей, оны терең түсіне білді.
Аристотель мен Платон философиясы арасында қай­шы­лық бар, бірақ күмәнсіз оның себебі әл-Фарабидің олар­ды дұрыс аудармағанында емес. Әл-Фараби жаңа фи­ло­софиялық түсініктер орната отырып соларға сай нә­­­ти­желерге жетіп отырды. Бұл нәтижелердің көрінісін дінде, діни заңнамаларда, саясат пен ғылым салаларында бай­қай аламыз. Бұл енгізілген «жаңашылдықтарда» әл-Фа­ра­бидің философиялық принциптері мен философиялық көз­қарастарының ең алғашқы бастауы ретінде дін қара­лады, әрине дін бұл жерде ерекше фило­софиялық ғылым ретінде қаралды. Дін мен философия сонау софистер заманынан бері бір-біріне қарсы қарас­тырылып келді. Сократқа тағылған айып­тардың бірі оның діни құндылықтарды мойындамай, оны­мен санаспауында еді (яғни ол философияны діннен жо­ғары қойды).Бірақ ортағасырларда дін мен философияның бірлігі мә­селесі Ислам философиясындағы алдыңғы тақырыптардың бірі болды. Әл-Кинди әл-Фарабидің ойына қарсы пікір айта отырып, философия мен дін екі түрлі қарама-қарсы күштер және олар дүниені түсіндіру мен ақиқатқа жету жолында әр түрлі позиция ұстанады деген ойда болды. Фарабидің ойынша философиялық ақиқат сияқты діни ақиқат та бар, бірақ бұл бір ақиқаттың екі түрлі көрінісі сияқты.
Философия арнайы заңдар мен аргументтер, дәлелдерге негізделіп жасалатын болса, ал дінде осындай аргументациялар мен дәлелдердің үнделуі мен бұйырылуы түрінде көрініс береді. Жоғарыдағы сөздерді қорыта келе, әл-Фараби философияның дінмен салыстырғанда алғашқы бастама ретін­де атап өтеді. Әл-Фараби бұл жерде философияның алғашқы бастама болуы оның ең бірінші әрі айқын артықшылығы етіп көрсетуге тырыспайды. Бірақ ол философияның дінмен салыстырғанда пайда болу уақыты тұрғысынан алғашқы болуымен қатар ол барлық жағынан діннен жоғары тұратынын айтып өтеді. Әл-Фараби тіршілікте философия мен дін арасында ешқандай қарама-қайшылық көрмегендігін көрсетеді. Оның басты мақсаты – философия мен дінді татуластыру.
Осы ойлармен тығыз байланысты әл-Фарабиді екі маңызды сұрақ қатты толғандырған:
– Платон мен Аристотель философиясы арасындағы қарама-қайшылықты жоққа шығарып, оларды татуластыру;
– Ислам дүниетанымы мен ежелгі грек философиясы арасындағы қарама-қайшылықты жоюға тырысқан.
Сол уақыттарда грек философиясына қарсы бағытталған басты сын Платон мен Аристотель арасындағы қарама-қайшылықтың бар екендігі еді. Егер философия біртұтас ақиқатты танымға әкеле алса, онда екі ең танымал филосо­фиялық жүйелер бір-біріне қалай қарсы тұрады? Егер олардың екеуі де ақиқатқа жетсе, онда олардың арасында ешқандай қайшылық болмауы тиіс еді; қарама-қайшылық бола тұра екі философиялық жүйе де дұрыс деп танылса, онда филосо­фияның жетілмегендігі мен ақиқатқа жеткізетін қабілетінің жоқтығын амалсыз­дан көрсетіп отыр – сол дәуірдегі филосо­фия­ны сынаудың бірінші бөлімі дәл осыдан тұрады.Әл-Фараби осы сынға жауап ретінде «Әл-джам бейб фай әл-хасимет Ефлбум әл-иляхи уа Аристо» («Екі дана Құдіретті Платон мен Аристотель көзқарастарының бірлігі») кітабын жазады, ол кітабында Платон мен Аристотель арасындағы айырмашылық тілдің әр түрлі қолданулары мен екі философтың бір-біріне ұқсамайтын өмір сүру салттарында екендігін көрсету­ге тырысты; негізі ойшылдардың философиялық көзқарастары мәні жағы­нан бірдей еді. Кітаптың басында әл-Фараби философияның пәні туралы айтады және ғылымға талдау жасайды, содан кейін Платон философиясынан қысқаша мазмұн келтіреді, ал кітап­тың соңғы бөлімінде Аристотель философия­сының негізгі сипаттамаларын көрсете келе, екі ойшылдың да ойларының бір-біріне ұқсайтындығын айтады.Баршамызға мәлім болғандай, екі гректің философиясын «татуластыруды» ІІІ ғ. өзінде александриялық философия мектебінің өкілдері Аммоний мен Порфирий жүргізген болатын; сонда да әл-Фарабидің қозғаған ойы басқаша еді.Әл-Фарабидің ойы бойынша, философия ақиқаттың өзі және Ақиқат туралы білімді іздеу үдерісінің атауы, сондықтан барлық ұлы ойшылдар мен философтар бірдей ойлайды және бір қорытындыға келеді; осы жағынан алған­да олардың барлығы Ақиқатты іздеу мектебінің шәкірттері, сондықтан әр түрлі философтардың арасындағы айырмашылық сол бір Ақиқатты әр түрлі әдіспен жеткізуден басқа ешнәрсе емес. Платон мен Аристотель философиясын татуластыруға әл-Фарабиді итермелеген тағы бір себеп – сол уақыттағы ислам дүниетанымына қарсы келген Аристотель философиясын Платонның философиялық оқуларымен «жұмсартуға» тырысу.Әл-Фараби үшін адами ойлау ретіндегі философия мен құдайылық туындау жүйесі секілді даналық арасындағы ғасырлар бойы үзілген байланысты қалпына келтіру­ге тырысқан, құдайылық даналыққа қарсы тұрмайтын ақиқатты философияны көрсеткен Платон мен Аристотель өз дәуірінің прогрессивті ғалымдары болды.Ал енді әл-Фарабидің антика дәстүрімен байланыстылығы, осының арқасында оның Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанып, даңққа ие болғанын айтар болсақ, әл-Фараби жастайынан Ұлы Аристотель мен Платонның ерте дүниедегі Грецияның философтарының шығармаларымен түпнұсқасынан танысқаны жөнінде деректер бар.Әл-Фараби рухани әлемінің қалып­тасуы да осы антикалық философиялық дәстүрді бойына сіңірумен байланысты. Анығырақ айтсақ, Аристотель мен Платон философиясы әл-Фараби ойлары­ның теориялық қайнар көзі болды. Платонның (неоплотонизмнің) және Аристотельдің философиясы әл-Фарабидіңб философиясының теориялық негізі болғанымен, оның дүниетанымын тек қана плотонизм мен аристотелизмнің қосындысы деп білуге болмайды.Әл-Фараби Аристотель мен Платонның, әл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетті. Оның рухани әлемі, интеллектуалды деңгейі өз заман­дастарын таң қалдырады. Әл-Фараби өз заманындағы өнер білімінің ең асылын таңдап алып, өз дәуірінің шынайы энцикло­педиясын жасап берді. Оның терең мағыналы пікір айтпаған, зер салмаған, ғылыми болжам жасамаған бірде-бір ғылым саласы жоқ десек, артық айтқандық емес.Әл-Фарабиді дүниеге танытқан музыка теориясына арналған шығармаларының бірі «Музыканың үлкен кітабы» еңбегі болып табылады. Ғұлама бұл еңбекте математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын жазып қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай білген екен. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыкант ұлы бабамыз Әбу-Насыр әл-Фараби десек, біз қателеспеген болар едік. Оған бірнеше ғылыми дәлелдер, Фараби жасаған музыка­лық аспаптар түрі куә бола алады. Оның шебер орындаушылығы жөнінде шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыздар да бар.Қазақстан ғалымдарының соңғы зерттеулері әл-Фарабидің жаратылыстану-математика ғылымдары бойынша да аса терең, салдарлы мұра қалдырғанын анықтап отыр. Бұл, әсіресе, оның математика, астрономия, физика, медицина, химия, биология салалары бойынша жазған еңбектерінен айқын көрінеді. Әл-Фараби, әсіресе, математика философиясы, геометрия, тригонометрия салалары бойынша ірі жаңалықтар ашқаны да бізге мәлім.Фараби «Бақыт жолын сілтеу» трак­татында: Бақытқа, оған жетуге бас­тайтын жолға айрықша назар аударады. Әл-Фараби өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт туралы емес, тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жету үшін адам өзін-өзі жетілдіре отырып, қиын жолдан өтуі керек.
Әл-Фарабидің азаматтық саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары да, өзінің «Фусул ал-мадани» трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да негізінен бір мақсатқа – адам мен қоғамның ара-қатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты – денелік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы.
Жетік философ теориялық ғылымдарды да білуге, оны басқа ғылымдарда да қолдана білуге тиіс. Платон мен Аристотель нағыз философқа әкімнің міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, бірақ Платонның пікірінше, философ өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп, мемлекетті басқаруды жоғары мақсатқа жетуге бөгет жасайтын ауыртпа­лық деп есептейді, ал әл-Фараби, керісін­ше, тіршілік істерден бойын аулақ салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне көмектесуге тырысады. Бұл арада әл-Фараби дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше, дін – философияның ұқсасы: екеуі де жоғары принциптерге бар заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді. Фараби мемлекетті философтар басқару керек дейді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүдделеріне сай келуге тиіс.Сонымен, «философ», «заң шығарушы», «имам» және «бірінші басшы» ұғымдары бір нәрсеге келіп қосылады. Олар бір мақсатқа қызмет етеді, бірақ бұл мақсатты әр түрлі әдістермен жүзеге асырады. Адамдар бірлестіктерінің ерекшелік белгілері болып табылатын теориялық және практикалық қайырымдылықтарға тек философияның көмегімен жетуге болады деп тұжырымдайды ұлы ғұлама. Міне, көріп отырсыздар әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастарынан бүгінгі қоғамның көріністерінен пайдалы тиесілі үндестік табамыз. Адам, мемлекет, ел басқару жөніндегі Фарабидің өз заманында айтылған құнды пікірлерінің қазіргі таңда да қаншалықты маңызы барлығына көз жеткізіп отырмыз.
Түйіндеп айтқанда, ұлы ғұлама Әбу-Насыр әл-Фарабидің философиялық, логикалық-гноселогиялық, әлеуметтік пікірлерімен, эстетикалық, теориялық, жаратылыстану ғылымдары салаларындағы пікірлерімен, ғылыми тұжырымдарымен жете танысу, оның дәуірін терең түсінуге мүмкіндік береді. Оның ғылыми ой-пікірлері өзінен кейінгі дәуірдегі Шығыс пен Еуропа халықтарының философиялық, эстетикалық, қоғамдық этикалық ой-пікірін және өнердің дамуына, жалпы рухани құндылықтардың дамуына әсер етіп, үлкен ықпалын тигізіп отыр. Ұлы өркениет философы Әбу-Насыр әл-Фараби рухани әлемі адамзат өркениеті мен рухани құндылықтарының биік шыңы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет