Екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары: проблемалары мен перспективалары.
Лизинг - қазіргі кезде қызмет жасайтын және жаңадан құрылатын лизинг алушылардың активтерін ұлғайтудың ең тиімді қүралы болып саналады.Әлемдік тәжірибеде бұл құрал шағын және орта бизнесьің қолжетімді қаржыландыру көзіне айналған. Бастапқы кезде лизингтің дамуы үшін мемлекеттің қолдауы қажет екендігі белгілі. Мемлекет лизингтің дамуы үшін жасайтын қадамдарына салықтық жеңілдіктер және кеден бажынан босату сияқты шараларды бәсекеге қабілетті өндірісті дамытуға ықпал етері сөзсіз. Лизингтің дамуы үшін қолайлы макроэкономикалық және нормативтік ахуалдың болуы қажет. Экономикалық қатынастар тұрғысынан алғанда лизинг бұл өндіріске капитал инвестициялауға байланысты банктің қаржылық қызметтерінің біріне жатады. Қазақстандағы лизингтік қызметтер нарығы 2000 жылдан бастап қана белсенді дами бастады. Бұл жерде лизингтік мәмілелердің басым бөлігі Қазақстандағы ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған агроазықтүлік бағдарламасы төңірегінде үкіметтің бастамасымен 100 пайыз мемлекеттіктің қатысуымен құрылған лизингтік компанияларға тиесілі. Қазіргі кезде Қазақстанда қаржылық лизинг сияқты қаржы нарығының бір секторы қалыптасып дамып отыр десе болады. Коммерциялық банктерде бүгінгі күні өздерінің лизингтік компанияларын құру арқылы және лизингтік операцияларды жүзеге асыру арқылы мұндай үрдістің дамуына біршама өз үлестерін қосуда. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жұмыс жасайтын 20-дан астам лизингтік компаниялардың 8-і отандық коммерциялық банктердің еншілес компаниялары болып саналады. Лизинг бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында маңызы бар инвестициялық саясаттың құралы болып табылады. Лизингті дамытудың өзектілігі қазіргі кезде отандық кәсіпорындарды қаржыландырудың балама көзіне айналуымен сипатталады. Сондықтан да бұл қызмет түрі өзінің экономикалық табиғаты жағынан ұлттық экономикамыздың сауығуына және әоі қарай өркендеуіне үлкен үлес қосатын, ал екінші жағынан халықаралық деңгейде отандық өндірушілердің шетелдік серіктестермен жаңа байланыстар орнатуға, оны нығайтуға ықпал ететін қаржылық қызмет түріне жатады. Лизинг- шетелден елімізге жоғарғы технологияларға ие құрал-жабдықтардың келуіне жол ашатын және кәсіпорынға қаржылық өтімділігін сақтай отырып, негізгі капиталға инвестиция жұмсаудың балама көзі. Нарықтық қатынасқа көшу жағдайында кәсіпорынның өндірістік қызметін дамыту және олардың техникалық жабдықталуын жоғарылату үшін несиелік ресурстарды, соның ішінде лизингті пайдалану қажет. Лизинг несиенің бір түрі ретінде кәсіпорындарға қажетті тауарларды және қызметтерді аз мөлшерлі шығынмен өндіруге және жоғалтулардан сақтауға мүмкіндік береді. Лизингтің көмегімен қорғалатын және қозғалмайтын мүліктерді сатып алуға, күрделі қаржы жұмсамай пайдалануға болады. Яғни ғимарат және құрылысты, машина мен қондырғыны, көлік құралдарын және т.б сатып алуға болады. Бұл шаруашылық етуші субъектілерге өндіріс шығындарын қысқартуға және олардың кәсәпорындарының тұрақты дамуына қажет ететін едәуір ақша қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан лизинг өзінің беретін мүмкіндіктері мен әкелетін пайдасы болғандықтан, кәсіпкерлік қызмет пен бизнестің маңызды түрі болып табылады. Лизингті белсенді енгізуге ұлттық экономиканың интенсивті дамуының және оның құрылымдық қайта құрылуының, елдің сыртқы экономикалық қызметінің дамуының және дүниежүзілік нарықта отандық кәсіпорын өнімдерін бәсекелес қабілеттілігін арттырудың басты факторының бірі бола алады.
Лизингтік нарықтың мұндай қарқынмен дамуы өндірістің негізгі құралдарының жоғары дәрежеде тозуы, жаңа өндірістің дамуы, алдыңғы жылдардағы қарқынды құрылыстың дамуымен, сондай-ақ мемлекеттің қолдауымен тікелей байланысты.
Бірақта, Қазақстанда біршама лизингтік операциялардың көлемі өскенімен, лизинг негізгі құралдардың жаңаруын қаржыландырудың толық қанды құралына айнала алмай отырғандығы жасырын емес. Сарапшылардың бағалауынша лизингтік операциялардың көлемі 2002 жылы 22 млн. АҚШ долларын құраса, ал 2008 жылы оның көлемі 1 600 млн. АҚШ долларына жуық шаманы құраған.
2008 жылы лизинг арқылы негізгі құралдарға салынған инвестициялардың сомасы 6,2 % құрады. Ал Германияда аталған көрсеткіш 18 %, Ұлыбританияда 38 %, Швецияда 28 % және Ирландияда 25 % құрап отыр. Халықаралық тәжірибеге сүйенетін болсақ, аталған бизнестің біздің елімізде болашағының барлығына күмән келтіруге болмайды.
Лизингтік қызметті құқықтық жағынан қамтамасыз ету міндетті түрде керек, бірақ лизинг даму шарты жеткіліксіз. Лизингтік сектордың қалыптасуы – жұмыс істеуді қажет ететін экономикалық шарттарға тәуелді және алғашқы кезекте кіші және орта кәсіпкерлікті инвестициялаудың қаржылық институттардың мүмкіндіктері.
Қазақстан үшін экономикалық өсуде соңғы үш жылда жоғары қарқын көрсетілген, кәсіпкерлік құру мен инвестиция тартудың негізгі механизмінің бірі лизинг болу керек, бұған оның барлық жетістіктері бар. Лизинг дамуының оптималды шарты Қазақстанда жергілікті өнеркәсіп пен инвестиция көлемін лизингтен ортақ дүниежүзілік пропорцияға дейін әкелді. Алайда Қазақстандағы лизинг секторының өсуі бүгінгі күні оның потенциалымен саластыруға келмейді. Оның себебі - қаржы ресурстарына шектеулік, сонымен бірге лизинг механизмі арқылы кіші және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру көп инвестиция қажет етеді.Ендігі жерде лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар арқылы ұйымдастырудың ерекшеліктеріне тоқталайық.Бүгінгі таңда еліміздегі отандық лизингтік компаниялардың сырттан қаражаттар тарту мүмкіндігі жылдан-жылға ұлғайып келеді деуге болады.
Қазіргі уақытта экономика салаларына банктік сектордан бөлініп отырған орта және ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағының жоғарлауы еліміздің экономикалық өсуіне әсер етеді деген қорытынды шығаруға болады. Сонымен бірге, лизингтік операциялардың ұзақ мерзімді сипатта болатындығын ескерсек, онда бүгінгі танда лизингтік компаниялардың коммерциялық қызметінде және отандық лизингтік нарықтың стратегиясы мен тактикасын қалыптастыруда банктік несиелердің маңыздылығы артуда. Мұндай жағдай лизингтік компанияның банк алдындағы төлемдік міндеттемелерін өз уақытында орындауын және өтімділік деңгейін қамтамасыз етуін талап етеді.
Коммерциялық банктер лизингтік фирмалармен несиелік қатынастарды ұйымдастыру кезінде несиелеудің банкте қабылданған жалпы тәртіптерін пайдалану арқылы жүзеге асырады. Сондықтан да мұндай несиелік операцияларды клиенттерге несие беру бойынша қарапайым активті операциялар ретінде де қарастыруы мүмкін. Бірақ кейбір жағдайларда лизингтік компаниялар үшін несиені беру және оны өтеудің ерекше механизмін жасауды да қарастырады. Яғни, лизингтік компанияларға берілетін несиелер бойынша баға белгілеудің және олардың төлем қабілеттілігін анықтаудың ерекше қағидалары көрсетілуі мүмкін.
Бүгінгі таңда біздің елімізде лизингтік операциялардың дамуы лизинг шартымен пайдалануға беру мақсатында жабдықтарды сату үшін қажетті ақша қаражаттарын жинақтау мәселесіне келіп тірелуде. Ал, коммерциялық банктер айналыстағы бос ақша қаражаттарын жинақтаумен айналысатын мекемелердің бірі болып табылатындықтан, лизингтік операцияларды банктік операциялардың бірі ретінде қарастыру лизингтік бизнестің дамуы үшін тиімді әдістердің бірі болып табылады.
Соңғы жылдарда мемлекет банктердің нақты секторды, соның ішінде кіші бизнес пен ауыл шаруашылығын несиелеу бойыша қызметін жандандыруға бағытталған көптеген түрлі шаралар қабылдап отыр. Бұл мәселелерді шешудегі салмақты үлес қаржылық лизингке келеді, лизингтің арқасында кәсіпорындар, кепілдік мүлігі болмаған жағдайда да, өндірісті техникалық қайта қаруландыру үшін қажетті қаржылық және материалдық көмекті ала алады.
Бірақ, екінші деңгейлі банктер лизингтік мәмілелерді қаржыландыруда әлі де болса, ынталанушылық байқалтпай отыр, мұны бірнеше жағдайлармен түсіндіруге болады. Біріншіден, банктер өзінің несиелік саясатын ескеретін көп жоспарлы қызметін атқарып отыр, оның құрамына қаржылық лизинг мәселелері әрқашан кіре бермейді.
Екіншіден, банктердің белгілі бір бөлігі бұрынғыдай өндірістік қызметпен байланысты емес операциялардан кіріс алуды қалайды. Ал өндірістің түрлі салаларындағы лизингті ұйымдастырудың және жүргізудің айқын процедуралары болмағандықтан, банктерге оған қызмет көрсетудің сәйкес стандарттарын жасауға және оларда өзінің қатысуының тиімділігін анықтауға мүмкіндік бермейді.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды. Жедел лизингке мынандай белгілер тән:
лизинг келісімшарт уақыты мүліктің қызмет көрсету уақытынан аз болмағандықтан лизинг беруші мүліктің құнын бір келісімшарттың түсуі есебінен орнын толықтыруды есептемейді;
лизинг мүлкі бірнеше рет жалға беріледі;
лизинг арнайы лизинг алушының мүлікке өтініш жазуы бойынша емес, ал лизингтік компаниямен жалға беріледі;
лизингтік мәміленің екі жақты сипаты болады – лизинг алушы және лизинг беруші;
техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтандыру бойынша міндеттемелер лизингтік компанияға жүктеледі;
лизинг алушы егер бұрын қарастырылмаған жағдайлар мен пайдалануға жарамаған жағдайда келісімшартты бұзуы мүмкін;
мүліктің келісімшарты уақыты біткеннен кейін, лизинг берушіге қайтарылады;
қосымша лизинг – лизинг алушы (қосымша лизинг беруші) үшінші тұлғаға (қосымша лизинг алушыға) төлемақыға кәсіпкерлік мақсаттар үшін уақытша пайдалануға және иелікке береді, лизинг берушіден бұрын алған келісімшарт бойынша лизингті және лизинг затын құраушыны келісімшартқа сәйкес өз уақытында береді.
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
1.Ішкі лизинг – бұл өзінің қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
2.Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім шарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс;
Лизинг алушы келісімшартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісімшарттың мерзімі өткен соң, лизинг бұйымы лизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса.
Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары, жер телімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қ. К. Кеулімжаев, З. Н. Әжібаева, Н. А. Құдайбергенов, А. Ә.Жантаева “Қаржылық есеп” Оқу құралы “Экономика” 2015 ж.
Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2015ж.
Радостовец В.К., Тасмағамбетов Т. және басқалар «Қаржылық есеп» Алматы, 2016ж.
Достарыңызбен бөлісу: |