Экология және қоршаған орта Есенжол Аружан Жасұланқызы



Дата15.01.2022
өлшемі14,88 Kb.
#112055
Байланысты:
эссе Есенжолова А


Экология және қоршаған орта

Есенжол Аружан Жасұланқызы

Қоршаған орта дегеніміз өзара қарым-қатынастағы табиғи объектілердің жиыны. Қазіргі таңда осы қоршаған ортаның, яғни, экологияның ластануы ең маңызды проблемалардың бірі болып отырғаны бәрімізге мәлім. Сонымен қатар, қоршаған орта адам әрекетінен де бұзылып отырғаны да белгілі. Ал бұл нақты қандай проблемалар? Қазіргі кезеңдегі экологияның жағдай қалай?

Қазақстан елді мекендерінде ең басты 3 мәселе қарастырылған. Олар:елді мекендер халқын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, экологиялық мәселелер, Қазақстан Республикасындағы жол-көліктік инфрақұрылымның дамуынан туындайтын мәселелер. Менін ойымша, барлық әлемде басты проблема болып осы экологияның бұзылуы саналып отыр. Қазақстанның экологиялық мәселелерінің бірі-ауаның ластануы. Пайдалы қазбаларды өңдеу мен өндіру жұмыстарының қарқын алуынан 20млд т қалдық жиналып, олар күнделікті ауаны токсиндермен уландыруда. Мұнай мен газ өндірісінде де қосымша газды ауада жағу қара күйенің атмосфераға шығарылуымен қоса жүреді. Сапасыз отын қолданып, көміртек тотығын және қорғасынды атмосфераға шығаратын автокөлік санының артуы да ауа қабатын ластауда. Осы факторлардың ықпалынан еліміздің көптеген ірі қалаларында ауа ластануы шекті деңгейден асып отыр. «Табиғат жөнсіз араласқаны үшін адамзаттан өшін қайтармай қоймайды»-, деген Р. Сейсембаевтың жақсы сөзі бар. Бұл дегеніміз егер экологияның осыншама қарқынды түрде ластанып отырғанын тоқтата алмасақ, өзіміз зардап шегеміз. Қаншама емі табылмаған ауру түрлері де осы табиғаттың ластануынан орын алып жатыр деп ойлаймын. Бастауыш сыныптарда «табиғат-біздің анамыз» деп үйретеді. Енді анамызды ренжітіп алып, оның жылап жатырғанын елестетсек, дереу оны көндіруге әрекет жасамас па едік? Әрине, анамыз жыласа біздің де жүрегіміз ауырады. Сондықтан, қоршаған ортаны анамызды сыйлағандай сыйлауымыз дұрысырақ болар. П.И.Чайковский айтқандай «Табиғатты адам өмірін сақтағандай сақтауымыз керек». Аспанға қарасақ күн шаңнан көзін ашпайды. Арасында жасын төгіп жылап қояды. Бізге реніші бардай, бірақ оны көрсеткісі келмейді. Күніне қаншама ағаштар кесіліп құлап жатыр, күн сайын ауаның ластануы артып жатыр, күн сайын қаншама жануарлар жойылып жатыр. Осыны біле тұра табиғаттың бізге деген реніші жоқ деп қалай айтамыз?

Қорыта келе, табиғаттың бұзылуы адам қолымен орын алып отырғанын түсінеміз және де табиғат өзінен өзі қалпына келмейді! Керісінше, біз, адамдар өзімізді өзгертіп, бір жұдырық түйіп экологиямыздың дұрысталуына үлес қосуымыз керек. Осы жерде жазбамды Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір қайсар тынысын.

Пәк табиғат-жүрегімнін тамылжыған тынысың.

Ей, адамдар, қалай ғана қатігездік жасайсың



Ол-анаңғой, ал сен-кенже ұлысың!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет