Ақпараттық кауіпсіздік - мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. Ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі үш құрауыштары бар: құпиялылығы, тұтастылығы және мәліметтердің қолжетімділігі. Қауіпсіз ақпараттық жүйе- бұл біріншіден мәліметтерді рұқсатсыз кіруден қорғайтын, екіншіден өзінің пайдаланушыларына оны еруге әрқашан дайын, үшіншіден ақпаратты сенімді сақтайтын және мәліметтер тұтастылығына кепілдік беретін жүйе. Сонымен қауіпсіз жүйе анықтама бойынша құпиялылық, қолжетімділік және тұтастылық қасиеттеріне ие.
Қолжетімділік (аvailability) - рұқсаты бар пайдаланушылар ғана мәліметтерге қолжетімді екендігіне кепілдік болады.
Құпиялылық (confidentiality) - құпия мәліметтер тек рұқсаты бар пайдаланушыларға қолжетімді екендігіне кепілдік береді.
Тұтастылық (integrity) - рұқсаты жоқ пайдаланушыларға қандай да бір жолмен мәліметтерді өзгертуге, жаңартуга, бұзуга немесе жаңадан құруға тыйым салу алу арқылы ақпараттың дұрыстығы сақталатынына кепілдік берумен жүзеге асады.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әдістері:
Техникалық- қорғаныстың аппараттық әдістерін қолдану мынадай техникалық құралдарды пайдалануды ұсынады: - Тыңдалатын және жазылатын құрылғылардан қорғайтын TRD-800 категориялы радиохабарлағыштар мен магнитофондар детекторы; - Құпиялы құжаттарды жіберуге арналған SAFE400 категориялы факстік хабардың скремблері.