Берікқалиева Еркежан
Экономикадағы меншіктік қатынастары, объектілері мен субъектілері Экономиканың меншік қатынастары өндірістік қатынасқа өте қажет. Өйткені ол пайда болған ресурстыңң қай жерінде, кімнің қолында және де қалай бөлініп жатқанына жауап береді. Шығарылған ресурс қандай әлеуметтік топтарға бөлінді, қандай дәрежеде әділ бөлініп жатқанын, жалпы мақсатын қолға алады.
Маркстік теория меншікті экономикасын бірнеше категорияларға бөлген. 1. Меншік экономикалық категория. 2. Меншік құқықтық категория. 3. Меншік – тарихи категория.
Меншіктің қалай пайдалануы, және де қалай иелену туралы жазсақ,
Иелену- меншік иесі белгіленген жағдайда жүзеге асатын меншік. Ал Пайдалану – затты оның тағайындалуына байланысты қолдану.
Егер иелену меншік функциясы болса, пайдалану – иеленудің функциясы ретінде жұмыс істейді.
Бұйыру құқығы – кәсіпкер жалға алған меншікті , меншік иесінен қағаз түрде рұқсатын алғаннан соң, иеленушінің шешім қабылдауы.
Меншік – қандай да бір материалды, ресурсты қолдану, иелену, бұйыруға болатын адам арасындағы қатынас.
Меншік құқығы негізгі он бір эленменттен тұрады:
1) иелену құқығы, яғни, игіліктерге физикалық бақылау жасау құқығы;
2) пайдалану құқығы, яғни, игіліктердің пайдалы құрамдарын өзі үшін пайдалану құқығы;
3) басқару құқығы, яғни, игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз ететіндігін шешу құқығы;
4) табыс табу құқығы, яғни, игіліктерді пайдаланудан болған нәтижелерді иемдену құқығы;
5) егемендік құқығы, яғни, игіліктерді бөлектету, қолдану, өзгерту және жою құқығы;
6) қауіпсіздік құқығы, яғни, игіліктерді экспроприациялаудан және сыртқы ортадан болатын залалдардан қорғау құқығы;
7) игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы;
8) игіліктерді иемденудің мерзімсіздігі құқығы;
9) игіліктерді сыртқы ортаға залал келтіретін әдістермен пайдалануға тыйым салу;
10) қайта өндіріп алу түріндегі жауапкершілік құқығы, яғни, қарызды өтеу үшін игіліктерді қата өндіріп алу мүмкіндігі;
11) қалдықты сиаттағы құқық; яғни, бұзылған құқықтарды орнына келтіруді қамтамасыз ететін процедуралар мен институттардың қызмет ету құқығы.
Меншік бірнеше бөлікке бөлінеді:
Жеке меншік – қандай да бір адамның өзінің ресурсы, жері. Онымен қолдануға, және иеленуге тек бір адам құқықты. Және де бұл меншікті жалға беруге де болады.
Мемлекеттік меншік дегеніміз ол – жоғарыдағы отырған басшылардың иеленуі. Қаланы, жерді басқаруы.
Аралас меншік – қандай да бір ресурстың немесе жердің қоғамның да, мемлекеттік және басқа ұлт өкілдерінің де меншігін айтамыз. Мысалы олар акционерлік қоғамды, кооперативтердң жатқызамыз. Қысқаша айтқанда Аралас меншік жеке меншікпен мемлекеттік меншіктің қосылуы.
Кәсіпкерлік: экономикалық мәні, белгілері, түрлері. «Кәсіпкерлік» - сөзінің ұғымы 18-ші ғасырда пайда болған, және де оны меншікпен теңестірген болатын. Бұл сөздің мағынасы қандай да бір жұмыс істегенніің нәтижесінде сол жұмыстың арқасында табыс алу. Қазіргі таңда әрбір адам кәсіпкер болып келеді, және де табыс алудың көп жолын ашқан. Кәсіпкерлік терминін Ричард Кантильонеңгізген.
Өндірістік кәсіпкерлік – қандай да бір ресурсты, қызметті, ақпараттарды өндіру.
Коммерциялық өндіріс – бұл өндіріске қатысы жоқ, бірақ та сатылу операцияларын іске асыратын қызмет.
Қаржылық кәсіпкерлік –затты сатып алуға болатын қаржыны, яғни валютаны, ақшаны және басқа да бағалы қағаздарды айтамыз.
Делдалдық кәсіпкерлік - кәсіпкер - делдал өндірушілерден сатып алушыларға қажетті тауарларды өткізу шарттары туралы ақпарат алады және ол мәліметті сатып алушыға береді. Егер де өндіруші мен сатып алушы мәміле жасасса, делдал кәсіпкерге сый ақы төленуі тиіс.
Сақтандыру кәсіпкерлік -мұның мәні кәсіпкер сақтанушыны кездейсоқ жағдайлардың нәтижесінде мүлікке, құндылықтарға, өмірге зиян келген жағдайда белгілі бір мөлшерде төлем төлеуге кепілдік береді.