Экономикалық динамиканы және статиканы зерттеу мен талдаудың екі амалы қалыптасқан: зерттеуді ұдайы өндірістік бағытта жүргізу және байланыстар мен тәуелділіктерді экономикалық өсу бағытынан зерттеу



Дата07.02.2022
өлшемі18,94 Kb.
#94325
Байланысты:
з


Экономикалық динамиканы және статиканы зерттеу мен талдаудың екі амалы қалыптасқан: зерттеуді ұдайы өндірістік бағытта жүргізу және байланыстар мен тәуелділіктерді экономикалық өсу бағытынан зерттеу. Кеше ғана ұдайы өндірістік бағыт экономикалық өсудің марксистік теориясы деп, ал экономикалық өсу бағыты-ұдайы өндірістіктің біршама, буржуазиялық теориясы деп тұжырымдалатын.Зерттеудің осы екі бағыттарының екеуінеде ортақ қасиеттері және олардың айырмашылықтарын сипаттайтын қасиеттері болады. Оларды зерттеуде өндіріс құрал-жабдықтары, жұмыс күші, жұмыс және бос уақыт, жалпы қоғамдык өнім, ұлттық табыс және басқадай ортақ категориялар мен көрсеткіштер қолданылады.

Бірақ, бұлардың айырмашылықтары да бар. Біріншіден, ұдайы өндіріс теориясы өндірістің динамикасын оның өсімінің қарқынымен есептеспей зерттейді. Мұндағы басты мәселе — қоғамдық өндірістердің бірінші және екінші бөлімдерінің байланыстарының пропорциялары. Ал осыдан темптер шығарылады. Экономикалық өсу темптері бастапқы деп және пропорцияларды белгілейді деп тұжырымдалады. Осының объективтік негізін қоғамдық қажеттілік құрайды. Сөйтіп, экономикалық өсу теориясында себепті-салдарлы байланыстардың керісінше сипаты болады.


Екіншіден, болжамдайтын деңгей үшін ұдайы өндірістік негізі деп динамиканың бір жылдық мерзімі алынады. Міне, осылай бір жылдық циклда жасалған игіліктердің сомасы ретінде жиынтық қоғамдық өнім белгіленеді. Экономикалық өсуді есептеудің негізін "ұзын толқындар" құрайды және ол ұдайы өндірістің бірнеше циклдарынан тұрады. Осы мерзімде темптердің жалпы тенденциясының сипаты бұрынғыдай, немесе, одан төмен тұрақтылықта болады.


Үшінші айырмашылық — экономикалық өсу жүйесінде бос уақыт өсудің резерві, өсу потенциалының құрамдас бөлігі болып табылады. Бос уақыт — бұл адам капиталы дамуы үшін қажет кеңістік болып табылады. Ұдайы өндірісті талдауда бос уақытты еленбейді, бос уақыт аз болған сайын жұмыскерді қанау дәрежесі жоғары деп есептеледі. Өмір үшін қоғамның дамуына қажет ресурстардың шектелген жағдайында экономикалық өсу процесінде қалыптасатын қатынастар мен заңдылықтарды экономикалық теория зерттейді. Пәннің ерекшелігі зерттеудің методологиясы мен методтарының ерекшелігін тудырады. Методология дегеніміз экономикалық жағдайларды зерттеуде қолданылатын жалпылама әдіс, белгілі философиялық көзқарастар тұрғысынан қарағанда ол субъективтік, диалектикалық-материалистік, эмпирикалық, рационалистік және т.б. бағыттарды қолдануды талап етеді. Бұл методология адамдардың таптық құрамына қарамастан, экономикалық жүйені тұтас зерттеп, осының негізінде экономикалық өркениеттің объективтік рационалистік заңдар ашып зерттеуді талап етеді. Құрал ретінде математикалық эконометрика, кибернетика пайдаланылады. Зерттеу нәтижесі экономикалық үлгілер, схемалар, графиктер пайда болады. Рационалистік әдіс объективтік шындықты талдаудың тұрақты динамикада жүргізілуін тілейді. Бұған өндіріс, болу, айырбас және тұтынушыдың ішкі байланыстары мен заңдарын зерттеу тәсілі жатады.


Рационалистік және аналитикалық әдістердің өзара байланыстары әсіресе ұдайы өндіріс пен экономикалық өсу процестері талдауда толық байқалады. Позитивтік әдіс экономика ғылымының белгілі бір философиясын құруды, экономика туралы білімді тұжырымдауды, фактілеу суреттеп баяндау және жүйеге келтіру негізінде экономикалық ортаның даму заңдары мен категорияларын ашуды, тәжірибе қолдануды, нарықтық байқау-бақылауды талап етеді. Демек, экономикалық ғылымның философиясы бұйрық-әкімшілік, нарық жүйелерінің тепе-теңдігі және эволюциясы туралы ілімді, олардың құрылымы мен инфрақұрылымы туралы ілімді қалыптастырады.


Танып білудің нормативтік әдісі адамдардың барынша жоғары үнемділік принциптерге негізделген практикалық әрекеттерін талдауды талап етеді. Бұл әдістің басты принципі шаруашылық іспен шұғылданатын барлық субъектердің пайдасын көздейтін нәтижеге жету болады. Экономикалық өмір нақты жағдайдағы фактілердің жиынтығы болып табылады. Сондықтан бұл әдісті қолдану үшін, неғұрлым жоғары дәрежені талдап, қорытынды шығару дәрежесіне көтеруді тілейді. Экономикалық құбылыстарды талдау экономикалық құбылысты, оның жеке элементтеріне бөліп және әр элементті тұтас құбылыстын қажетті құрамды бөлігі деп зерттеуді талап етеді. Ал синтез құбылысты алдымен әр бөліктен тұратын құрылым деп, бұдан кейін осы элементтердің біртұтас қосылуымы деп зерттеп, жалпы қорытынды шығарады.




Экономикалық теорияда қолданылатын әдістердің ішінде эксперимент пен экономикалық реформа елеулі рөл атқарады. Олардың зерттеудегі орны ерекше болады және жан-жақты дайындықты, терең болжауды дәлелдеуді, ғылыми сынақ өткізуді тілейді. Міне, ғылыми талдауды және экономикалық мәселелердің оптималдық шешімдерін іздестіруді ұйымдастырудың негізгі әдістері мен тәсілдері осындай болады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет