Мақсаты: Кембридж бағдарламасының озық тәжірибелерін сабақ үрдісінде қолдануды жетілдіру мақсатында, семинарға қатысушылар мен пікірлесу, тәжірибе алмасу.
ғасырда оқушыны қалай оқытамыз
Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны “XXI ғасырда нені оқыту керек?” және де екіншісі – ол да маңызы жағынан біріншісінен еш кем емес: “Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?”. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасының мазмұны екінші мәселені шешуге бағытталған.