Экспериментте көлемі бірдей үш шыны ыдыстың әрқайсысына бір-бірден жыныстық тұрғыда жетілген зертханалық ақ тышқан отырғызылды



Дата07.02.2022
өлшемі20,1 Kb.
#85647
Байланысты:
Қалибек Б 345


Билет № 14
Тапсырма 1. Экспериментте көлемі бірдей үш шыны ыдыстың әрқайсысына бір-бірден жыныстық тұрғыда жетілген зертханалық ақ тышқан отырғызылды. Содан кейін ыдыстарды герметикалық жауып, 1 минут ішінде жануарлардың мінез-құлқы мен жалпы жай-күйі бақыланды. Одан кейін 1-ші ыдысқа көмірқышқыл газы жіберілді, 2-ші ыдыстағы ауа Камовский сорғысының көмегімен барометрлік қысым 190 мм сын.бағ., төмендегенге дейін сорылып алынды, ал 3-інші ыдыстағы жануар сол бастапқы ауалық ортада қалдырылды. Осыдан кейін тыныс алу қозғалысының жиілігі мен сипатын, қозғалыс белсенділігін, тері жамылғысының түсін, ентігу және құрысудың пайда болу уақытын тіркей бастады. Эксперимент жануарларда құрысулар пайда болған кезде тоқтатылды. Тәжірибенің нәтижелері хаттамаларда тіркелді. Қорытындылар тұжырымдалды.
1. Жүргізілген эксперименттің мақсатын атаңыз. Эксперименттің қандай сатылары орындалғанын көрсетіңіз? Эксперимент жүргізуге қойылатын барлық талаптар осы жағдайда орындалды ма? Барлық жауаптарды негіздеңіз. Медициналық-биологиялық эксперименттерді жүргізудің жалпы принциптерін атаңыз және сипаттаңыз.
Жауабы: Эксперимент жасанды түрде оттегі жеткіліксіздігін шақыру арқылы, организмге оның әсерін анықтау үшін жүргізілген.Тәжірибенің 2 сатысы орындалған. Яғни, 1-сатыда жануарлардың мінез-құлқы мен жалпы көңіл күйі бақыланған болса, 2-сатыда дерттік үрдіс үлгісі жасалды (бірінші ыдысқа көмірқышқыл газы жіберілсе, екінші ыдыстағы ауа Камовский сорғысының көмегімен барометрлік қысым мм сын.бағ. төмендегенге дейін сорылып алынды) Соның негізінде өзгерістер тіркелді. Тәжірибені жүргізу шарттарына келетін болсақ, олар: гипотеза жасау, мақсат, міндеттерін анықтау, әдістеме таңдау, тәжірибені жүргізу, деректерді бекіту және талдау. Қорытынды шығарып, практикада көрсету.
2. Жүргізілген эксперименттегі жануарлардың жалпы жағдайының өзгеру себебін (себептерін) түсіндіру мүмкін бе? Жауапты негіздеңіз. Себептер мен жағдайлардың патологиялық процестер мен аурулар туындауындағы рөлін түсіндіріңіз.
Жауабы: ​Жануарлардың жағдайының өзгеруін түсіндіре аламыз.
Себепкер ықпал патологиялық процесстер мен аурудың негізі десек болады. Ол аурудың дамуында міндетті және оған тән белгілерді анықтайды. Жағдайлар олардың дамуын немесе дамымауына ықпал еткенмен, ауру дамуында себепкер ықпалға қарағанда әрдайым болуы міндетті емес. Соған байналысты жағдай қолайлы және сақтандыратын болып жіктеледі.
3. 2-ші ыдыстағы жануарда пайда болған өзгерістердің патогенезі қандай? Патогенездің негізгі тзбегін атаңыз. Бұл жағдайда қандай кері айналып соғу шеңбері дамуы мүмкін?

Жауабы: Екінші ыдыста баромертлік қысымның төмендеуі газдардың еруін азайтады. Сондықтан, олар газ күйіне айналады. Ал, бұл мандай, өкпеқап қуыстарында, ішек-қарын жолдарында, ортаңғы құлақ ішінде газ жиналып керип кетуіне себеп болады. Сезімтал қоздырғыштардың қозуынан ауыру сезімі пайда болады.Бұл дегеніміз, патогенездің негізгі тізбегі – қысымның төмендеуінен басталады деген сөз. Берілген жағдайда кері айналып соғу процессі көрініс береді.Парциальды оттек қысымы төмендеуі альвеолларлық гипоксияға, артынша артериалық гипоксияға алып келеді десек, артериалық қысымның төмендеуінен дамитын гипоксия жүрек бұлшықетінің зат алмасу процесін бұзады, оның атқаратын міндеттемесі өзгереді. Содан артериалық қысымның төмендеуі және майда қан айналымдық бұзылыстар одан сайын дамиды. Бұл жағдай мидың гипоксиясынан қан тамырларының қимылдық орталықтарының тежелуін күшейтеді. Орталықталықтардың тежелуі артериялық қысымның одан әрі төмендеуіне әкеледі. Гипоксиядан одан әрі күшейеді.




Тапсырма 2. Науқас Ж., 70 жаста, онкологиялық орталықта "оң өкпенің орталықты обыры, IV кезең" диагнозымен ауыр жағдайда жатыр. Бауырға, бүйрекке, сүйекке метастаздар берген. Полиоргандық жеткіліксіздік өршіп науқастың тыныс алуы мен жүрек қызметі тоқтаған. Көз қарашығы кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ.



  1. Науқас Ж-да қандай жағдай және оның қандай түрі дамыды? Оған анықтама және жалпы сипаттама беріңіз. Бұл жағдайда реанимациялық шаралар жүргізілуі керек пе? Жауапты түсіндіріңіз.

Жауабы:Биолгиялық өлім.Бұл жағдайда реанимациялық шаралар керегі жоқ.Үйткені науқастың бауыры бүйрегі жумысын тоқтатқан тыныс алмайды жүрегі сокпайды көз қарашығы кенейіп кеткен жарыққа сезім жоқ

  1. Осы жағдай дамуының негізгі патогенетикалық факторларын тізіп жазыңыз. Оның ішінде негізгі патогенездік факторын атаңыз. Бұл жағдайдың патогенезінде функциялық және құрылымдық өзгерістердің бірлігі сақтала ма? Жауабыңызды негіздеңіз.

Жауабы: Оң өкпеден метастазданып қан мен лимфа арқылы бауыр бүйрекке обыр пайда болған. Науқаста қатерлі ісік болған сондықтан басқа ағзаларға да көшкен.
3. Бұл жағдайда организмнің қандай иерархиялық деңгейінде бастапқы зақымданулар пайда болады? Әртүрлі аурулардың, патологиялық процестердің және патологиялық жағдайлардың патогенезінде бастапқы зақымданулардың тағы қандай деңгейлері болады? Бірнеше мысал келтіріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет