әл-Фараби ҚазҰУ атындағы
оқу әдістемелік кешен
стр. 1 из 62
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Бағыт: Құқықтану
Шифр: 5В030100
Пән: Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы (жалпы
бөлім)
________________________________________________________________
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ
1-тақырып. Қылмыстық іс жүргізудің (процестің) түсінігі және мәні.
Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау және
құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге
асыратын шараларды
орындауда басты роль атқаратын құқық қорғау органдар (сот рпокуратура,алдын
ала тергеу және анықтау жүргізетін органдар) болып табылады. Бұл мемлекеттік
органдардың қызметтері бір-бірімен өзара байланысты болғанымен,олрдың іс
жүргізу кезіндегі өкілеттіктері бірдей емес. Мәселен,
алдын ала тергеу органы
бұрын болған қылмыстың мән-жайларын толық ашып,айыпталушыны
қылмыстық жауапқа тартатын болса да, оның кінәлігі жөнінде мәселені
шешпейді. Осыған байланысты алдын ала тергеу жүргізу аяқталған соң тергеуші
қылмыстық істің материалдарын заңдылықтың
сақалуын қадағалайтын
прокурорға жібереді. Прокурор алдын ала тергеу заңды түрде және толық
жүргізілген деп санайтын болса, онда бұл қылмыстық істі тиісті соттың қарауына
береді. Содан соң қылмыстық іс бойынша үкім шығарады. Осындай заңға сәйкес
жүзеге асырылатын өкілетті органдардың іс-әрекеттер жүйесі
қылмыстық
процесс, яғни қылмыстық іс жүргізу деп аталады.
Қылмыстық іс жүргізу ұғымы жөнінде айтқанда,
бұл қызметті
сот,прокуратура және алдын ала тергеу органдары атқарумен қатар жеке
тұлғалардың да іс жүргізуге қатынасатындықтарын ескеру қажет. Жеке
тұлғалардың іске қатынасуларына байланысты олрдың құқықтары мен міндеттері
заңда көрсетілген. Осының бәрі қылмыстық іс жүргізу
кезінде аталған
мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының өз араларында
және,сонымен қатар,мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалардың араларында да
құықтық қатынастардың болатындығын білдіреді.
Сонымен жоғарыда айтылған мәліметтерге сүйене отырып,
қылмыстық іс
жүргізу ұғымын толық айтқанда былайша тұжырымдаймыз: