Елді-мекендердің функционалды зоналары бойынша мәтінді оқып, сұрақтарға



Pdf көрінісі
Дата03.01.2022
өлшемі275,76 Kb.
#108482
Байланысты:
Мәтін Функционалды зоналар - копия



 

 

1-тапсырма.

    Елді-мекендердің  функционалды  зоналары  бойынша  мәтінді  оқып,  сұрақтарға 

жауап беріңіз:  

1.

 

Елді-мекендердің маңызы қандай? 



2.

 

Функционалды зона дегеніміз не? 



3.

 

Селитебті зонаға не жатады? 



4.

 

Қала тұрғындарының демалыс зонасын атаңыз. 



5.

 

Нан зауыты, сүт зауыттары қай зонада орналасады? 



6.

 

Санитарлық-қорғаныс зоналарының қызметі қандай?  



 

Елді-мекендердің функционалды зоналары 

Елді-мекен

 – 


адамдардың 

тұрақты қонысы. 

Ол 

үйлердің, кәсіпорындардың, 



әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттар жиынтығынан  тұрады  және  өзіне  тән 

география атауы (топонимі) болады. 

Елді мекендер қоршаған табиғи ортаның әсеріне және әлеуметтік-экономикалык жағдайға 

байланысты  қалыптасады.  Елді  мекен  кеңістіктік  орналасуы  (тығыз,  бытыраңқы),  халық 

шаруашылық қызметі, мөлшері (тұрғындарының саны), әкімшілік мәртебесі және т.б. сипаттары 

бойынша әр түрлі болып келеді. Көп жағдайда елді-мекен мен ондағы құрылыстардың сәулеттік 

ерекшеліктеріне жергілікті ұлттың мәдениеті мен дәстүрі әсер етеді. 

Қазақстанда елді-мекендер  бұл  сипаттары  бойынша ауыл, кент, қала болып  негізгі  үш 

дәрежеге 

бөлінеді. 

Ауылдық 

елді-мекенге, 

сондай-

ақ қыстақтар, балық, орман шаруашылықтарының  орталықтары,  т.б.  жатады.  Елді  мекендер 

өзінің даму деңгейіне және әлеуметтік маңызының өзгеруіне сәйкес үкіметтің шешімі бойынша 

бір  дәрежеден  екінші  дәрежеге  көшіріліп  отырады  (мысалы,  ауылдық  елді-мекеннің  кентке, 

кенттің қалаға немесе қаланың кентке, кенттің ауылға айналуы).  

 Функционалды  зона

  –  нақты  шекара  шегінде  орналасқан,  белгіленген  функционалды 

қолданысқа және қолдану режіміне ие территория.  

Функционалды пайдалануы бойынша қалалық аймақтар бөлінеді: 

 

Селитебті  зона,  онда  тұрғын  ықшам  аудандар  мен  кварталдар,  әкімшілік-қоғамдық  және 



халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары орналасады. 

 



Өнеркәсіптік зоналар. 

 



Көліктік зоналар. 

 



Коммуналдық-қоймалық  зоналар  –  олар  сыртқы  көліктік  тораптармен  ыңғайлы 

байланыста, ормандары жоқ, ық жақта (жел жақта) орналасады. Бұл зонаның маңайында 

жергілікті тамақ өнеркәсібі, мысалы, нан зауыты, сүт зауыты және т.б. орналасады.  

 



Рекреациялық  зоналар  – қала тұрғындарының жаппай демалыстың әр түрлі  формаларын 

өткізу үін арналған қала территориялары. 

 

Санитарлық-қорғаныс  зоналары.  Олар  өнеркәсіптік  кәсіпорындарды  және  көліктік 



құрылғыларды тұрғын территориялардан бөліп тұрады. Селитебті, өнеркәсіптік, көліктік, 

қоймалық  зоналар мен санитарлық-қорғаныс  зоналары қаланың құрылыс территориясын 

құрайды.  

 

Дерек көзі: 

1.

 

http://referatwork.ru/category/obrazovanie/view/235868_chto_takoe_funkcional_nye_zony___



  

2.

 



Что такое функциональные зоны? 

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D0%BB%D0%B4%D1%96_%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%BD   



Елді мекен  

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет