Электродтық потенциал. Электролиз
Металл мен ерітіндінің түйіскен жерінде түзілген қабатты қос электр қабаты деп атайды, қабаттар арасындағы зарядтар айрымын металдың электродтық потенциалы дейді. Егер таза суға металдың ерімтал тұздарының бірін қосса, қабаттар арасындағы тепе-теңдік жағдай өзгереді. Ерітіндіде еріген металл иондарының көбеюі оның металл бетіне барып қайта қонуын арттырады. Неғұрлым еріген тұздың концентрациясы молайса, соғұрлым металдың еруі азая береді. Тіпті жоғары концентрлі тұз ерітіндісіне малынған металл ерімей, зарядталған қабат түзілмеуі де мүмкін. Металл активтігі төмен болып, ерітіндідегі иондарының мөлшері жеткілікті болса, керісінше оң иондар ерітіндіден бөлініп металл бетіне барады да, ерітінді теріс, металл оң зарядталады. Мұнда да белгілі бір электродтық потенциал туады. Өз тұздарының ерітіндісіне малынған электродтар активтігіне сай теріс (өте актив металдар), немесе оң (активтігі төмен металдар) зарядталып отырады. - Металл мен ерітіндінің түйіскен жерінде түзілген қабатты қос электр қабаты деп атайды, қабаттар арасындағы зарядтар айрымын металдың электродтық потенциалы дейді. Егер таза суға металдың ерімтал тұздарының бірін қосса, қабаттар арасындағы тепе-теңдік жағдай өзгереді. Ерітіндіде еріген металл иондарының көбеюі оның металл бетіне барып қайта қонуын арттырады. Неғұрлым еріген тұздың концентрациясы молайса, соғұрлым металдың еруі азая береді. Тіпті жоғары концентрлі тұз ерітіндісіне малынған металл ерімей, зарядталған қабат түзілмеуі де мүмкін. Металл активтігі төмен болып, ерітіндідегі иондарының мөлшері жеткілікті болса, керісінше оң иондар ерітіндіден бөлініп металл бетіне барады да, ерітінді теріс, металл оң зарядталады. Мұнда да белгілі бір электродтық потенциал туады. Өз тұздарының ерітіндісіне малынған электродтар активтігіне сай теріс (өте актив металдар), немесе оң (активтігі төмен металдар) зарядталып отырады.
- Іс жүзінде суға не электролит ерітіндісіне батырылған кез келген металды электрод деп алуға болады. Электродтық потенциал − металл (электрод) мен сұйық фазаның (су немесе электролит ерітіндісі) түйіскен жерінде туатын электростатикалық потенциал. Е = q1 − q2 .
Достарыңызбен бөлісу: |