ӘлімқҰл хасанбиұлы әмірлашкер



Дата08.06.2018
өлшемі19,19 Kb.
#41217
ӘЛІМҚҰЛ ХАСАНБИҰЛЫ ӘМІРЛАШКЕР

Қазақ жерінде патшалық Ресей империясының отарлау саясатының жүргізілуі, өңірдің Қоқан хандығы құрамындағы тағдыр-талайы әлі де жан-жақты зерттеле қойған жоқ. Ала-құлалық әлі де ұшырасады. Кеңестік дәуірдегі жазылған тарихи туындылардың барлығында дерлік өлкенің қиямет қантөгіспен жаулап алынуы отаршыл идеологияның көзқарасы тұрғысынан, өңін айналдыра бағаланып, оларды Ресей қарамағына бейне бір бейбіт келісіммен, өз еркімен қосып алғандай түсіндірілді. Ресей отаршылдығына қарсы Қоқан қолын бастаған Әлімқұл Хасанбиұлы туралы азды-кем мәліметтер бұрынан бар болса да, ол туралы қазақ ғалымдары айтарлықтай қызығушылық танытпаған болатын. Сонымен, 1858-1862 жылдары Қоқан ханы Мәлібектің баласы Мухаммед Сейіт ханның атынан регент-Аталық ретінде 1862 жылы бір ай билік жүргізген. 1862-1865 жылдары Қоқан хандығының Бас әскери қолбасшысы - Әмірләшкәр, хан регенті- Әлімқұл Аталық, Дін қорғаушысы - мулла Әлімқұл дейтін ханнан кейінгі тұратын ерекше мәртебелі, лауазымды қызметтер атқарған мемлекет қайраткері туралы не білеміз?.

Әлімқұл Аталықтың Әулиеата өңірінің датқасы Байзақты 1864 жылы жазда Шымкент қаласында зеңбірек аузына байлап атып жіберуге бұйрық бергені белгілі. Осы жылы маусым айындағы Ақбұлақ шайқасында Кенесарының ұлы Сыздық сұлтанды өзінің мыңбасысы етіп тағайындайды. Сыздық сұлтанмен бірге Түркістанды азат ету үшін 4-6 желтоқсанда Иқанда Орал казактарының жүздігі хорунжий Серовтың қолын талқандайды. Ал, 1864 жлығы күздде және 1865 жылы көктем мен жаз айларында Ташкентті генерал-майор М.Черняевтың шабуылынан қорғауда қолбасшылық жасайды. Ташкентті қорғауда каһармандықпен қайтыс болады. Әлімқұл өзінің орнына қолбасшылыққа Сыздық сұлтанды тағайындап кетеді. Сүйегі Ташкенттегі Төле би жатқан шайхантаур зиратында.

Әлімқұл Хасанбиұлы Әмірлашкердің тегі кім, өзбек пе, қазақ па әлде қырғыз ба? деген кез-келген тарихты сүйетін қазақ пен қырғыздың, өзбектің қоятын сұрағы. Сонымен, осы сұраққа жауап беруге әрекет жасап көрейік. Қырғыздың белгілі тарихшысы, Қырғыз ССР ҒА академигі Бегимали Джам-герчинов «Из истории господства Кокандского ханства» атты 1958 жылы жарық көрген еңбегінде Әлімқұлды қанаушы таптың өкілі ретінде көрсете отырып, оны «қыпшақ» дейді. Әлімқұлды қырғыз тумасы деп ашық жаза алмаса да оның «қырғыз-қыпшақ» екендігіне бағыт беріп кетіпті. Тағы бір қырғыздың белгілі тарихшысы Сотоноев Белек Солтонкелди уулу «Әлімқұл Аталык оңтүстік қырғыздарының ірі саяси тұлғаларының бірі» деп көрсеткен. Тіпті Қырғыз ұлттық энциклопедиясына «Әлімқұл қырғыз–қыпшақтан шыққан...» делініпті.



Қазіргі Қазғұрт ауданы аумағында 1856 жылы туған ақын Қалыбай Мәмбетұлының «Орыс әскерінің Түркістанға жасаған басқыншылығы» атты дастаны бар. Дастан «Нұрлы Әлем» баспасынан жарық көріп отырған «Қазыналы Оңтүстік» атты көптомдыққа еніпті. Дастанда Қалыбай ақынның әкесі Мәмбет қоқандық пансатбашы Шадманқожаның жүзбасысы қызметін атқарған. Кейіннен Ташкент қаласы орыс билігіне көшкен тұста әмірләшкер Әлімқұлдың ту ұстаушы болып қызмет етіпті. Тарихи дастанының негізгі кейіпкерлері Қоқан ханы Мәлібек, түркі жұртының елі мен жерін отаршыл-дардан қорғаушы ержүрек Әлімқұл әмірләшкер және оның батырлары.

Әлімқұл Әмірлашкердің өмірінен толық әлі шынайы мәлімет беретін Ташкент Шығыстану институтының ескі қолжазбалар қорында сақтаулы «Тарихи Алимкули Амирлашкар» атты парсы тілінде жазылған 4 бөлімнен тұратын Мухаммад Юнус Мухаммед Толибтің тарихи шығармасын айта кеткен жөн. Шығарманың өзбекше толық нұсқасы алғаш рет Өзбекстаннан шығатын «Шарх Юлдузи» журналының 1996 жылдағы №1-2 сандарында жарық көрді. «Тарихи Алимкули Амирлашкар» шығармасын орыс тіліне аударып қазақ қауымына жеткізген қазақ тарихшысы Тимур Бейсембаев. Ол 1985 жылы «Тарихи-Шахрухи» как исторический источник» деген дисертта-циялық тақырыбын Ташкентте қорғады. Ол Қоқан хандығының тарихына қатысты материалдарды іздеу барысында аталған шығармаға тап болады.

«Тарихи Алимкули Амирлашкар» атты тарихи шығарманың авторының толық есімі Мулла Мухаммад Юнусжан Мухаммед Толиб. Өзінің жазуынша ол Әлімқұлдың қолбасшылығымен Ресей әскерімен болған шайқастардың барлығына қатысқан, жүзбасы болған Әлімқұлды өзі көзімен көрген куәгер. Әлімқұл Ташкентті қорғауға қолбасшылық жасап жатқан кезінде қаһарман-дықпен қайтыс болғанынан соң Мухаммед Толиб Қашқария билеушісі Яқұпбекке кетуге мәжбүр болған. Шығармасын сол Қашқарияда жүріп жазған. Шығарманың толық парсы тіліндегі нұсқасы Үрімшіде қалып қойған екен. Оның көшірмесі Ташкентте 1903 жылы жарияланыпты. Аталған шығармаға сәйкес Әлімқұлдың тегі қырғыз-қыпшақ. Ол Қоқан қаласының маңындағы Бужум-Баткен ауылында туған. Оның туған жылы туралы әртүрлі мәліметтер кездеседі. Айталық, Қырғыз ұлттық энциклопедиясында 1829 жыл деп көрсетіліпті, ал уикипедияға 1833 жыл дейтін мәлімет енген. 2 жасында әкесінен айырылып қалады. Оны нағашысы Молда Дост Ахун өз тәрбиесіне алады. 6 жасында Қорған Тепеге (қазақша-Қорған Төбе-Б.А.) көшіп келеді. Әндіжандағы медреседе екі жыл, кейіннен Қоқандағы Мақсұм қажы медресесінде 18 жасына дейін оқып, мулла (молда) атанады. Қорған Тепе қаласының бегі Тағайқұл датқаның қызына үйленеді. Қайынатасы оны қала мен өңірдегі әскери және саяси істерге араластырады. Әскери өнерді туған жездесінен үйренген. Жауынгер мінезді ержүрек, тапқыр, зеректі, әділеттілікті ту етуші және ислам дінінің қорғаушысы ретінде өзін танытқан Әлімқұл Қорған-Тепе қаласының бегі болып қайыната-сының орнына тағайындалған. Ол қайраткерлігімен, әділеттілігімен көзге түсіп елге беделі күн сайын артып отырды. Әндіжанның бегі, әрі ағасы Суфибектің қыз ұзату тойына келген Қоқан ханы Мәлібек Әлімқұлмен жақын танысады. Мәлібек хан оны өте ұнатып, өзіне нөкер - яғни мың басы, көп өтпей бас әскери қолбасшысы - әмірләшкәр етіп тағайындайды. Бұл жылдары Мәлібек пен інісі Құдиярдың арасында билікке талас қызу жүріп жатқан болатын. Осы іске Әлімқұл белсене араласып, Құдиярды Бұхараға қашуға мәжбүр етеді. Мәлібектің хан тағын сақтап қалады. Әлімқұл Құдиярды 1853-1854 жылдары қыпшақтардың қырғынын ұйымдастырған жауыз, қыпшақтарға опасыз, Бұхар ханының «қуыршағы» атанған хан деп біледі. Шындығында Құдияр хан алғашында Бұхара ханының, кейіннен Ресей билігінің «қолтығына кірді». Құдияр хан мемлекет қаржысын өзінің жеке басының қамы үшін өрескел пайдаланғандығынан өз бауырлары және қыпшақтардың наразылығына жиі ұшырап отырған. Әйел-қызға құмарлығы шектен тыс болып, өзінің ишаны әрі пірі Миян Сақыбтың жас әйелін зорлықпен өзіне тартып алғандығы туралы Мухаммед Толиб жиірене жазады.

Белгілі өлкетанушы-тарихшы Сәбит Жолдасовтың «Қазақстанның оңтүс-тік өңірінің тарихы» оқулығында Құдияр хан қазақтың ботбай руының биі Тойшыбек бидің қызына да үйленгендігі айтылған. Жалпы Құдияр туралы қандай да деректі оқысаңыз ол туралы оңды пікір кездеспейді. Айталық, ағасы Мәлібек ханды 1862 жылы айламен, опасыздықпен өлтіртті. Әлімқұл Мәлібектің өмірін сақтап қала алмаса да оның ұлы Мухаммед Сейітті Құдиярдың зұлымдығынан өмірінің соңына дейін қорғады. Дегенмен, Әлімқұлдың өлімінен көп өтпей-ақ Құдияр Мухамед Сейітті де өлтіреді. Әлімқұл Бұхарамен ауыз жаласқан Құдияр ханмен жауласты және Ресей әскерлеріне қарсы Қоқан жасағын басқарды. Екі майданда соғыс жүргізді. Төңкеріске дейінгі Ресей тарихнамасы «орыс әскері қазақтарды қоқан езігісінен азат етті» деп жазды. Дегенмен, Түркістан өлкесін Ресейдің жаулап алуынан кейінгі кезеңдегі азаттық жолындағы күрестер тоқтамай, қайта жаңа бағытта үздіксіз дамып жатты. Отаршылдарға қарсы қозғалыстар бірте-бірте ұлт-азаттық сипат алып көтерілістерге ұласып отырған. Отандық тарихнама оны Қазақстанның бүгінгі территориясы шеңберінде қарастыруды дағдыға айналдырып алған. Сол кезеңде Түркістан генерал-губернаторлығы құра-мында болып келген Сырдария облысындағы жағдаяттар Ташкент, Қоқан, Әндіжан және Жызақтағы оқиғалармен тығыз қатынаста өрбіген.

Қоқандық қыпшақтар Қоқан хандары тұсында үнемі әскери қызметте болды. Әскери қолбасшылықты негізінен қыпшақ тайпасынан шыққандар басқарды. Негізі қазақ пен қырғыздардан құралған атты жасақты «қыпшақтар жасағы» деген атау қоқандық деректемелерде, отаршылдар көзқарасымен жазылған орыс деректемелерінде жиі кездесіп отырады. Қоқан хандығынның негізін қалаған «минг, яки мың» тайпасы 92 баулы өзбек тайпаларының бірі. Оны «Дешті Қыпшақ тайпалары» деп те атайды.

Қорыта айтқанда, Қоқан билігі кезіндегі тарих жақсы ма, жаман ба, бәрібір өз тарихымыз. Ол тарих – Түркістан жұртының құрамындағы қазақ еліне де қатысты ортақ тарих. Қоқандық қыпшақтар елу жылдан астам Түркістан өңірінде дүбір салды.



.

Бахадыр Айтай

ОҚМПИ аға оқытушысы, т.ғ.к.
Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет