“ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ” КеАҚ М.Қанапиянов атындағы жоғары колледж
Таңғы гимнастика бойынша есеп Мен Болат Аяжан 06.03.2023 топқа таңғы гимнастика өткіздім. Таңғы гимнастика өткізудегі менің мақсатым бүлдіршіндердің дене бітімін жақсарту, балалардың арқасындағы, қолындағы, табанындағы нүктелерді оятуға арналған жаттығуларды жасата отырып, балалардың денсаулығын нығайту болды. Таңғы гимнастикамды мен жай жүрістен бастадым. Ең алдымен балалар аяқ ұшымен, қолдарын жоғары көтеріп жүрді. Содан кейін қолдарын иыққа қойып, өкшемен жүрді. Жай жүрістен кейін балалар жеңіл жүгіріді. Жүгіруді аяқтаған соң жалпы дамыту жаттығуларын жасатуға көштім. Ең алдымен бүлдіршіндерді бір-біріне кедергі жасамайтындай етіп, шеңберге қойдым. Балаларды орналастырып болған соң мына жаттығуларды жасаттым:
Қолды алға созу, бастан жоғары көтеру, жанына түсіру, бастапөы қалыпқа келу (5-6 рет)
Иықты жоғары көтеру, бастапқы қалыпқа келу (5-6 рет)
Қолды созу, отыру, тұру, бастапқы қалыпқа келу (5-6 рет)
Алға қарай еңкею, бастапқы қалыпқа келу (5-6 рет)
Қолды алға созу, айқастыру, бастапқы қалыпқа келу (5-6 рет)
Осы жаттығуларды аяқтаған соң балалармен мынадай тыныс алу жаттығуларын жасадық: Жәй жүріп, ауызын ашып демалып, мұрнымен шығару. Сонымен қатар «Паравоз» атты тыныс алу жаттығуын жасадық. Балалар қолдарымен кезектестіріп қимылдар жасап, бөлме ішінде жүрді және мұрын арқылы демді ішке жұтып, ауыздан «Чух-чух-чух» сөздерімен бірге демді шығарып отырды. (5-6 рет) Балаларға мен өткізген гимнастика ұнады, аса үлкен белсенділікпен қатысты. Олардың денсаулықтарының нығайуына себепкер болдым деп ойлаймын.