Ембі қалалық №1 орта мектебінде 5а сынып оқушыларына
«Батырлар жыры» атты ашық сабағы.
Музыка пәні мұғалімі
Кунакова А.К.
2013-2014 оқу жылы.
Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры
Сабақтың мақсаты: Ата-бабаларымыздан қалған мәдени-мұра
жыр дастандар туралы оқушыларға мағлұмат беру.
Білімділік: Музықалық білімін жетілдіру.
Дамыту: Музықалық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлтжанды,елжанды мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас
Көрнекілік: Домбыра,Үнтаспа,интерактивті тақта,слайд, СД-диск
«Алпамыс батыр» жыры.
Сабақтын барысы
1.Үйымдастыру кезені
-Оқушылармен амандасу!
-Сыныпта жоқ оқушыларды анықтау.
-Оқу-құралдарын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.Сұрау.
-Терме дегеніміз не?
-Мақам дегеніміз не?
Термеден үзінді айтып беру Нұртуғанның термесі «Кәнекей тілім сөйлеші»
Қазақ батырларын атау:-(Алпамыс,Кобланды,Бөгенбай,Баян,Қабанбай т.б.)
3.Жаңа сабақты менгеру.
Балалар әнді-әнші, күйді-күйші,жырды-жырау немесе жыршы орындаған.
Жыраумен жыршының айырмашылығы бар.
Жырау дегеніміз өз жанынан өлең,жыр шығаратын суырыпсалма ақын.
-Ал жыршы дегеніміз дайын өлеңді жырлап насихаттап,термелейді.
Әр өленнің өзінің әні болса,жырдың да өзінің әуені болады, оны жырдың,терменің сарыны немесе мақамы дейді.Жыр негізінде 7-8 буыннан тұрады.
Жырау тыңдаушыларын қызықтыру үшін сазды әуенімен қатар жыр мазмұнын қара сөзбен кезектестіріп отырады.Оны Әлқисса деп атайды.
(дәптермен жұмыс,жазып алу)
Балалар қай халықта болсын музыка мен әдебиет бір-бірімен қатар өрілетін егіз өнер.Әуен арқылы кара сөз қалықтап естіледі.Ауыз әдебиетіндегі түрлі үлгіде құрылған өлең-жыр,терме,толғау,ауыз әдебиет арқылы бізге жетті.
Ауыз әдебиеті дегеніміз ұрпақтан ұрпаққа қалған мәдени-мұра.
Бұрыңғы жаугершілік замандарда сыртқы жаулардан қорғанып,тыныштықта тіршілік ету ел-жұрттың негізгі арманы болған.
Мұндай күндерде халық елін,жерін қорғайтын,суға салса батпайтын,отқа салса күймейтін,қылыш шапса кеспейтін,қас батырды аңсаған.Сөйтіп халық өз арасынан шыққан Алпамыс,Кобланды,Ер Тарғын т.б. батырлардың ерліктерін домбыраға,қобызға,салып,қара өлеңмен де айтып жыраулар үш,төрт күн қатарынан жырлаған.Халық өмірінен алынған ұзақ тақпақ,терме шығармаларды-жыр деп атаған.(Оқуш.жазып алу)Жыраулық поэзияның дамыған ең биік шыңы 15-17 ғасырда болған үш жүздің басын қосқан Абылай хан түсүнда болған.Қалмақ,жоңғар шапқыншылығы басталып «Аңырақай» жеңісімен аяқталған туралы батырлар ерліктерін Бұхар жырау,Ақтамберді жырау жырлап өткен.Соның ішінде Бұқар жырау жыр тарихында ерекше орын алған,оның көптеген жырлары ел ауызында қалып осы заманға жеткен баға жетпес мұра.Сол жырлардың бірі: «Биік тауға жарасар», «Әй,Абылай,Абылай!», «Батырың өтті Бөгенбай», «Мұсылманның баласы»,т.б.көптеген жырлары бар.Батырлар жыры-эпостық жыр,дастан деп те аталады.Эпос-грек сөзі әнгіме,өлең,жыр деген мағына береді.Гректер-эпос десе,қазақтар-жыр дейді,қырғыздар-ыр дейді.Батырлар жырының тақырыбы ерлік,өз Отаны,өз елі үшін,сыртқы жаумен күресіп,елі мен жерін қорғау болып табылады.Енді балалар «Алпамыс батыр» Жырынан үзінді оқып берейік. Бастау
1-оқушы:-
Бұрыңғы өткен заманда
Дін мұсұлман аманда
Жиделі байсын жерінде
Қоңырат деген елінде
Байбөрі деген бар екен
Байбөрі малға бай екен
Төрт түлігі сай екен
Бір перзентке зар екен.
2-оқушы:-
Әлқисса:-Байбөрі немере ағасы Құлтаннан бір бала асырап алып,атын Ұлтан деп қояды.Ұлтан ер жеткен соң Байбөрі мен Құлтанды алжыған деп,шешесі Аналыққа тіл тигізеді.Байбөрі мен Аналық қой бүйткенше әулиелер мен құдайға жалбарынып бала сұрайық дейді.Арада тоқсан күн өткеннен кейін Байбөрі ұйықтап жатқанда көріпкел Шашты Әзіз түсіне енеді.
1-оқушы:-
«Ақ сәлдесі басында,
Сырлы асасы қолында
Өзі ақтың жолында,
Бір диуана келді де,
Асаменен түртіп оятты:
«Менің атым Шашты Әзіз,
Қыламын десең ықылас,
Жарылқады жаратқан,
Ей,бейшара көзіңді аш!
Ұлыңнын аты Алпамыс,
Қызыңнын аты Қарлығаш.
Атса мылтық өтпейді,
Шапса қылыш кеспейді»
Әлқисса-деп аян берген.Сөйтіп дүниеге Алпамыс батыр келген.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен «Мәдени-мұра» және «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020» жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» аясында жарық көріп отырған ел қорғаған 50 таңдаулы батырлар туралы «Қазақтың батырлық жырлары» жарық көрді.(Кітабін,СД-дискілерін оқушыларға көрсетіп,тыңдату,оқу.)
Елбасы эпиграф
Қазақтың халқы ауыз әдебиетінің ең құнарлы саласы-батырлар жырлары.
Көне ғасыр қойнауынан бастау алып,бүгінгі заманға дейін үзілмей жеткен осынау ғажайып жырлар халқымыздың талай буынын ерлік пен елдік рухында тәрбиелеумен келеді.
Н.Ә.Назарбаев.
Енді осы жобада жарық көрген Алпамыс батыр жырын СД-диск үнтаспаны тыңдайық.(келесі сабақта жыр жалғасуда).
4.Нота сауаты-дыбыс ұзақтығы.Альтерация белгілері.Ән үйрену. «Көк тудың желбірегені» әнннің сөзін түсіндіру,биік ноталарды таза орындауға көңіл бөлу.
5.Жаңа сабақты қорыту
1.Жыр дегеніміз не?
2.Жырау мен жыршының айырмашылығы неде?
3.Бұқар жырау,қай ханның түсында өмір сұрген?
4.Жырда қандай кейіпкерлер кездеседі,атау?
5.Жырлардың ең дамыған шыны?(17-18ғасыр)
6.Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
7.Үйге тапсырма
«Көк тудың желбірегені» ән жаттап келу.Оқулық 128-130 бет оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |