Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат.digestoria — ас қорыту) - адам мен жануарлар ағзаларының асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Ас қорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан ас қорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауыз жұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) және ірі ас қорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды Ас қорыту жүйесі - бір біріне қалыпты жалғасып, байланысқан түтікше мүшелерден тұрады. Бұл мүшелерден тыс орналасқан бауыр мен ұйқы безі де ас қорыту жүйесіне қатысады. Ас қорыту мүшелеріне түскен тағам физикалық және химиялық өңдеуден өтіп, нәрлі заттар қарапайым заттарға қорытылады, қанға сіңіп, денені энергиямен қамтамсыз етеді
Ас қорыту жүйесіне ауыз қуысы, өңеш, асқазан, ішек жатады. Ас қорыту мүшелері құрсақ ішілік (эмбрионалды) дамудың 4 аптасында, ал 8 аптада ас қорыту жүйесінің барлық бөлімдері қалыптасады.